Жастар мәдениеті және құндылықтар жүйесі
Автор: Жулдыз Алимбекова • Сентябрь 10, 2023 • Контрольная работа • 866 Слов (4 Страниц) • 178 Просмотры
3. Сізге ғылыми-практикалық конференцияда «Жастар мәдениеті және құндылықтар жүйесі» тақырыбында баяндама жасау тапсырылды. Өз пікіріңізді қажетті деректермен дәлелдей отырып, баяндамаңыздың тезисін жазыңыз.
Қазақ қоғамында жастарға ежелден ерекше сеніммен қараған. Бүгінгі жас буынның ертеңгі ел ағасы болатынын естен шығармаған халқымыз тәрбие мәселесіне ерекше көңіл бөлген. «Ел боламын десең - бесігіңді түзе» деп Мұхтар Әуезов атамыз айтқандай,ел болашағы-ұрпақ тәрбиесінде.Әкеден-ақыл, анадан-мейір демекші,әкенің дұрыс бағытын көріп, ананың аялы алақанын сезініп өскен баланың болашағы жарқын болмақ.
Жастар мәдениеті және құндылықтар жүйесі туралы айтсақ, «Жастардың мәселесі» - ол қоғамның мәселесі. Жастар бүгінгі мен болашақты жалғастырушы көпір іспетттес.
Сондықтан жастар мәдениетінің мәселесі ХХ1 ғасырда өзекті болып табылады. Әрине, инновациялар ғасыры жастардың зияткерлік және мәдени өсуіне ықпал етеді. Бірақ жастарды тәрбиелеу, ұрпақтардың үздік мәдени тәжірибесін беру процесі үнемі жетілдіруді талап етеді. И. Гетенің айтуынша, «Мінез-құлық-бұл әркім өзінің бейнесін көрсететін айна» Сол себепті мінез-құлықты түзету арқылы өзіміздің мәдениетімізді жоғарылата аламыз. Зерттеулердің нәтижесі бойынша жастардың 80% — дан астамы мәдени адам қасиетіне ие емес екен, этикеттің қарапайым ережелерін білмейді, киім мәдениеті, қарым-қатынас мәдениеті мәселелерін және адам мәдениетінің басқа да маңызды аспектілерін сирек талқылайтынын көрсетті. Біз жастардың мінез-құлық мәдениетін тәрбиелеу процесінің тамыры тереңде екенін түсінеміз. Сондықтан отбасы тәрбиесі, отбасылық дәстүрлер бірінші орында тұрады. Бірақ отбасылық тәрбиеден басқа оған мінез-құлық мәдениеті, этикеті, маман мәдениеті және т. б. бойынша білім алу артықтық етпейді.
Қорытындылай келе, Ел болып, ұрпақ тәрбиесін қолға алайық!Ел сәні-атаға қарап өскен ұл,анаға қарап өскен қыз. Елдің тәрбиелі ұрпаққа артар үміті көп болмақ.Себебі,ұлт болашағы-ұрпақтан.
Биліктің қалыптасуының тәсілдері мен көздері
Билiк — қазақ халқының дәстүрлі санасында “ел басқару”, “өкім ету” сөздерімен мәндес ұғымды білдіреді.
Саясаттануда билік туралы, биліктің пайда болуымен байланысты қоғамдық қатынастар туралы, биліктің негізі, шығу көзі, қызмет етуі мен зандылығы орталық мәселелер болып табылады. Негізгі мәні ғылым ретіндегі саясаттану болып табылатын саяси мәдениетті биліктің қалыптасуы және қызмет етуінің мәдениеті деп есептеуге болады. Билік туралы мәселені қарастырғанда, ең бастысы оның негізінде жатқан қатынастардың әмбебаптық сипатын ескере кеткеніміз жөн. Әлемде үстемдік құрып тұрған жалпыға бірдей өзара тәуелділік элементтері — тәуелділік, үстемдік және бағынушылық осы қатынастардың өзегі болып табылады. Өзара тәуелділік табиғатта әмбебаптық сипатка ие және онда белгілі бір иерархияны қалыптастырады. Бұл жағдайда біз күн жүйесіндегі планеталардың оның орталық элементі — Күнге тәуелділігіне назар аудара отырып, мәселен Жер планетасына және ондағы өмірге Күннің билігі туралы айта аламыз.
Биліктік қатынастардың ерекше проблемасы билік құрушы субъектінің басқару құқығына келіп тіреледі: неге осы субъект билік құру құқығына ие және неге бағыныштылар, одан келетін биліктік импульстерді әрқилы дәрежеде қабылдап, орындауға міндетті.
Саяси ойлар тарихында бұл проблема әрдайым назарда болған және солай болып қала береді де. Өйткені, биліктік қатынастар субъект-субъектілік қатынас ретінде субъективті және ситуативті болғандықтан белгілі бір тұрақсыздықпен сипатталынады. Осындағы тағы бір ескеретін жайт, өркениет тарихында биліктік қатынастар әр түрлі әлеуметтік негіздерге, әр түрлі тарихи тамырларға ие. Олар мынадай жағдайлармен қалыптасты:
...