Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Кәсіпорындардың негізгі міндеттемелері және құқықтары

Автор:   •  Сентябрь 28, 2019  •  Реферат  •  4,382 Слов (18 Страниц)  •  887 Просмотры

Страница 1 из 18

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

СЕМЕЙ қаласының ШӘКӘРІМ атындағы МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ

СӨЖ

Орындаған: Сайлаубаев А.С.

Тексерген: Нуралина К.Т.

Тобы: МШ-613

Семей 2019

Жоспар

Кіріспе

1. Кәсіпорындардың негізгі міндеттемелері және құқықтары

2. Қорытынды

Қолданылған әдебиеттер

Кіріспе

Экономикалық жүйені тиімді басқару мен шешім қабылдау процесіне қажетті ақпараттар қалыптастырушы бухгалтерлік есеп жүйесі болып табылады. Салалық "нұсқау- ережелер" және "жоғарыдан" келетін әдістемелер негізінде, сондай-ақ мемлекет тарапынан күштеп бақылау қою мақсатымен қалыптасқан консервативтік бағыттағы бухгалтерлік есеп бұл күндері қайта құру, реформалау және халықаралық бухгалтерлік есеп стандарттарына сай әрі қарай жетілдіру мақсатына түсті. Бухгалтерлік есеп, бұдан туындайтын қаржылық қорытынды есеп нарықтық қатынастардың негізі болып табылатынына кәсіпкер, бизнесмендер мен меншік иелерінің және ұйымдарды басқарушылардың көзі жетті.

Бухгалтерлік есепке тән негізгі принциптердің мәні мен маңызын түсінбей тұрып, ұйымдар қызметін басқару мен ұйымдастыру жөнінде шешім қабылдау мүмкін емес. Қаржы саясатын тиімді бағытқа салу, экономикалық модельдер құрып, салыстырмалы талдау ісін күнделікті экономикалық өмірге қосу мақсатымен әртүрлі үлгідегі модельдер жасау керектігі туындайды. Бухгалтерлік есеп өрісіндегі көрсеткіштер жүйесін қалыптастырып, бұл үрдісті дұрыс ұйымдастырудың басты мақсаты - сыртқы пайдаланушылар мен кәсіпорын басшыларын арнайы ақпараттармен қамтамасыз ету. Қаржылық есеп негізінде, акционерлер, инвесторлар, кредиторлар өндірістің табыстылығын анықтап, ақша-қаражаттарын салу тиімді ме деген сұраққа жауап іздейді. Осы ақпарат негізінде де аудиторлар мен салық қызметінің органдары есепке алынған тапсырыстардың, пайда мен шығындардың сенімділігін, салықтарды аударудың дұрыстығын бағалайды.

Акционерлер, инвесторларға кәсіпорынның қаржылық капиталы қаншалықты тиімді, әрі пайдалы қолданатынын, ұйымға жаңа инвестициялар қажет пе немесе олардың көлемін азайту керек пе, фирма табысты болып қала ала ма және қандай жағдайларда екенін білу маңызды.

Несие берушілерді ұйымға қарыз қажет пе және бұл үшін уақытылы пайыздық төлемдер төлеп, уақытысында қарызын жаба ала ма деген сұрақтар қызықтырады.

Сатып алушылар мен басқадай тұтынушылар кәсіпорынның шаруашылық қызметінің нақты жағдайына сәйкес келе ме, тауарлардың бағасы қаншалықты негізделген және кесімді уақыт аралығында берілген кепілдік пен одан кейін де қызмет көрсетуді қамтамасыз ете ала ма екенін білгісі келеді.

Нарықтық экономика жағдайында шаруашылық жүргізуші субъектілер арасында есеп айырысулардың көптеген әдістері кездеседі, соның ішінде қаржылық және өндірістік құралдар. Сатып алушылар мен жабдықтаушылар арасында төлем қолма-қол және қолма-қолсыз нысанда, сонымен қатар тауарлармен, жүмыстармен, қызметтермен айырбас жолымен (баспа-бас айырбас) жүргізілуі мүмкін.

2. Кәсіпорындардың негізгі міндеттемелері және құқықтары

Ұйым өз қызметін жүзеге асыруы үшін сұраныстағы өнімді өндіруге мүмкіндік беретін экономикалық ресурстардың нақты көлеміне ие болуы қажет. Бұл ресурстардың бір бөлігін кәсіпорынның меншік иелері ұсынады. Осы салынған материалдық және материалдық емес құралдарының, ақша қаражаттарының жалпы сомасы меншік капиталы деп аталады. Ресурстардың басқа бөлігін меншік иесі болып табылмайтын тұлғалардың салуы немесе ұйыммен корреспонденттік байланысқа түскен (кредиторлар, жеткізушілер), заңды немесе жеке тұлғалардан тартылған қаражаттар арқылы алуы мүмкін. Тартылған капитал ретінде кәсіпорынның заңды немесе жеке тұлғалар алдындағы міндеттемелері танылады, яғни қарыз берушілерден алынған экономикалық ресурстардың немесе оның ақшалай баламасын (келісім шартқа сәйкес), сонымен қатар сыйақыларын (келісім-шартта қаралған жағдайда) келісілген мерзімде қайтару туралы міндеттеме саналады. Осыған сәйкес, Активтер = Меншікті капитал +Міндеттемелер.

...

Скачать:   txt (72 Kb)   pdf (193.8 Kb)   docx (25.4 Kb)  
Продолжить читать еще 17 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club