Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

«Дидактика» бөлімінің әдістемелік сипаты

Автор:   •  Май 23, 2018  •  Реферат  •  946 Слов (4 Страниц)  •  2,480 Просмотры

Страница 1 из 4

«Дидактика» бөлімінің әдістемелік сипаты

Дидактика – педагогика курсының маңызды бөлімі. Дидактика оқыту теориясы ретінде педагогиканың жалпы курсында қарастырылады.

        Дидактика құрылымының негізгі өткен ғасырдың  - жылдары қаланып, М.А. Данилов және Б.П. Есиповтардың «Дидактика» еңбегімен байланыстырылады.

        Қазіргі таңдағы дидактика бөлімінің құрылымы мынандай:

  1. Дидактика оқытудың педагогикалық теориясы ретінде.
  2. Оқыту үдерісі тұтас жүйе ретінде.
  3. Оқытудың заңдылықтары мен принциптері.
  4. Жалпы білім беру мазмұны.
  5. Оқытудың әдістері мен құралдары.
  6. Мектептегі оқу үдерісін ұйымдастыру формалары.
  7. Сабақ – заманауи мектептегі оқытуды ұйымдастырудың негізгі формасы.
  8. Оқыту нәтижелерін тексеру және бағалау.
  9. Оқыту технологиялары.
  10. Білім берудегі инновациялық үдерістері.

Бірнеше сұрақтардың практикалық мәні зор екенін айтпай кетуге болмайды. Мысалы:  оқушылардың танымдық іс – әрекеттерін арттыру, оқытуды жекелендіру және дифференциалдау, дарынды балалармен жұмыс және т.б. Бұларды жеке мазмұнды сұрақ ретінде қарамай, жоғарыда көрсетілген негізгі тақырыптардың құрамдас бөлігі ретінде қарастыруға болады.

         1 – тақырып «Дидактика оқытудың педагогикалық теориясы ретінде». Мақсаты – студенттерге дидактика, оның мақсаты, нысаны, пәні, міндеттері, қызметі, ұғым аппараты туралы жалпы түсінік беру, дидактиканың дамуы туралы тарихи экскурс пен шолу жасау. Аталған тақырып аясында негізгі дидактикалық концепциялар мен оқыту модельдеріне, қазіргі дидактикалық жүйенің қалыптасуына тоқталу керек. Студенттер оқылатын тақырыптың негізгі идеясын түсінулері керек, яғни дидактика – оқыту теориясы, оны білу мұғалімге оқу үдерісін сауатты ұйымдастыруға және басқаруға жол ашады. Аталған тақырып бөлімнің жалпы жүйесінде кіріспе болып табылады, сондықтан ақпарат – дәрісі, кіріспе дәріс, визуалдау – дәрісі секілді типтерін қолдану оңды нәтиже береді.

        «Оқытудың негізгі дидактикалық концепциялары» тақырыбындағы семинар сабағын семинар – панорама түрінде өткізген абзал. Семинар – панораманы өткізудің бір нұсқасын қарастырайық.

        Семинардың мақсаты:

  1. дидактикалық концепциялармен таныстыру: мәні, негізгі ережелері, мақсаты, міндеттері, мазмұны, жүзеге асыру механизмі мен тиімділік критерийлері;
  2. студенттердің гностикалық, аналитикалық, коммуникативтік, рефлексивтік іскерлік пен дағдыларын дамыту;
  3. дидактиканы меңгеруге танымдық қызығушылықтарын қалыптастыру.

Пайдаланатын құралдар: мультимедиялық презентациялар, кітаптар көрмесі, белсенді үлестірмелі материалдар: «Тиімділік критерилері» парағы; рефлексия: рефлексия жаднамасы, «бет әлпеттер».

Семинардың өту барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі.
  2. Тақырыппен таныстыру, бірлескен мақсатты құру, сұрақтармен танысу.
  3. Студенттерге нұсқау беру: оларды сабақтың құрылымы мен барысы туралы мәліметтермен таныстыру, регламентін айту, студенттердің баяндамаларының «бағасы» (баллдық жүйе бойынша) бойынша түсініктеме беру, «Тиімділік критерилері» парағын толтыру арқылы жеке жұмысты орындау тәртібін баяндау, сабақ соңындағы рефлексия өткізу мен сабақтың жалпы бағасын «бет әлпеттер» бойынша бағалауға нұсқаулар беру.
  4. Студенттердің  «Оқытудың дидактикалық концепциялары» деген тақырыптағы хабарламаларын тыңдау және оны талқылау.
  1. Жүйе, педагогикалық жүйе, дидактикалық жүйе, концепция, оқытудың дидактикалық концепциясы деген ұғымдар тізбегімен жұмыс.
  2. Оқытудың дидактикалық концепциясының жіктелуін жасау.
  3. Оқытудың дидактикалық концепциясының ассоциативті – рефлекторлық (дәстүрлі) негізгі ережелерінің сипаттамасын беру.
  4. Оқытудың педоцентристік дидактикалық концепцияларының негізгі ережелерінің сипаттамасына тоқталу.
  5. Іс – әрекеттің дидактикалық концепцияларының сипаттамасын беру, олар: дамытушылық концепция (Л.В. Занков, В.В. Давыдов); меңгерудің дидактикалық бірліктерін ірілендіру (П.М. Эрдниев, Б.П. Эрдниев); көрнекілік принципі негізінде оқытуды интенсивтендіру (В.Ф. Шаталов); топтық және ұжымдық оқыту (В.К. Дьяченко, Н.П. Гузик); оқытуды жекелендіру және дифференциалдау (И. Унт); проблемалық оқыту (А.М. Мапошкин, М.И. Махмутов); ақыл – ой қызметін кезең – кезеңмен қалыптастыру (П.Я. Гальперин, Н.Ф. Талызина);  бағдарламалық оқыту (Б.Ф. Скиннер);  модульдік оқыту (П. Юцявичене, К.Я. Вязина, М.А. Чошанов); компьютерлік оқыту.
  6. Шетелдік дидактикалық концепциялар (бихевиористік және прагматикалық) сипаттамасына тоқталу.
  1. Студенттердің белсенді үлестірмелі материалдармен жұмысын ұйымдастыру.  «Тиімділік критерилері» парағын толтыру (үлгісі төменде көрсетілген):

«Оқытудың дидактикалық концепциялар тиімділігінің критерилері» парағы

________________________________________________

...

Скачать:   txt (15.5 Kb)   pdf (148.3 Kb)   docx (32.6 Kb)  
Продолжить читать еще 3 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club