Ыбырай Алтынсариннің дидактикаға қосқан үлесі
Автор: academ kz • Апрель 25, 2018 • Курсовая работа • 2,866 Слов (12 Страниц) • 3,620 Просмотры
К У Р С Т Ы Қ Ж Ұ М Ы С
Тақырыбы: Ыбырай Алтынсариннің дидактикаға қосқан үлесі
Орындаған:Аяулым
Тексерген:
Астана 2018
Жоспар
I Кіріспе бөлім
- Дидактиканың пайда болуы
- Педагогикадағы дидактиканың алатын орны
II Негізгі бөлім
1. Ы.Алтынсариннің дидактикаға қосқан үлесі
ІІІ Қорытынды
1. Дидактикада пайда болған өзгерістер
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
І Кіріспе бөлім
Өскелен ұрпақты тәрбиелі әлі саналы етіп өсіру үшін педагиканың орны бөлек. Жалпы дидактика тәрбиенің бастауы болып табылады. Жалпы білім беруде міндеттер мен мақсаттарды қарастыратын, даму процесін сипаттайтын, әдістемелік принциптер мен ұйымдастырушылықты үйрететін үлкен сала болып есептеледі. Оқу процесі кезінде жалпы заманға сай және өзгерістерге ұшырайтын салалардың бірі. Ғылым ретінде жалпы дидактика тек қажеттіліктер мен техникалық, ғылыми өзгерістерден кейін жетіліп, жалпы талаптарға сай болуда. Ғылыми-техникалық, әлеуметтік және психологиялық дағдыларды да зерттейді. Дидактика барлық жастағы адамдарға пайдасын бере алады, ал егер де ұзақ әрі барлық талаптар бойынша орындалған процесс, қорытындылай келгенде биік нәтижиелерді бере алады. Жалпы дидактика жоспарланған міндеттерді, мақсаттарды көздейді, ал ұйымдастырудың көптеген түрлері жалпы процессті қызықты әрі жеке орын алатын құрал ретінде анықталады. Практикада дидактика философия ғылымымен тығыз байланысты. Ол мәдениеттану, педагогика, психология, әдебиеттану және этнологиялық ғылымдармен де байланысты. Себебі, белгіленген жетістікке жету үшін барлық салалы ғылымдарды және өзгерістерді білу қажет. Тек жан-жақты анализден кейін ғана жалпы жетістікке жету мүмкін болады.
Дидактика бастауын көне тарихтан алады. Қазақ әдебиеті тарихында дидактиканың ерекшеліктері айқын көрінген. Себебі, ол жалпы ойлау қабілетіне және адамның санасына жақсы әсер етеді. Кейіннен, адам ішкі дүниесі сыр сандықтай көркем жақсы қасиеттерге толы болады. Дидактика ғылым ретінде көптеген ұлы философтар мен жазушылардың еңбектері мен шығармаларында көптеп кездеседі.
Жалпы дидактика белгілі нәтижелерге жету үшін арнайы тұжырымдарға және ережелер арқылы бағынады. Оқу-тәрбие жұмыстары кезінде заңды жүйе ретінде дидактикалық , анализдік талдау арқылы оқушыларға таныстырылады. Жоғары айтылған анықтама ол дидактиканың тәрбие жүйесіндегі құрал ретіндегі орнын анықтайды. Бірақ, онымен қоса дидактика оқу мен тәрбиенің көзі ретінде көптеген тарихи және әдеби шығармаларда да көптеп кездеседі.
Қазақ елінің оқыту ғылымын дамытушылардың ішіндегі Ыбырай Алтынсариннің, Ахмет Байтұрсыновтың, Жүсіпбек Аймауытовтың, Міржақып Дулатовтың шығармаларында кездеседі. Ал көне тарихи тұлғалардың арасындағы Асан қайғы мен Бұхар жыраудың еңбектерінде де өз орнын тапқан болатын.
ІІ Негізгі бөлім
Ыбырай Алтынсарин қазақтың дара тумасы, қаламмен қағазға түскен еңбектері қазіргі таңға дейін қазағымды толғандырған сұрақтарға толы. Өскелен ұрпақ болса Ы.Алтынсариннің шығармашылығымен танысып, санасына жаңа ой түсіріп, еңбек пен іздескеніске үйренуде.
Педагига ғылымына, жалпы білім беру мен тәрбиенің дамуына үлес қосқан Ыбырай Алтынсариннің тәрбие жайлы кәсіби жазбалары мен шығармашылығын талқылауға түсуі тиісті. Қостанай облысының тумасы Ыбырай атамыздың дидактикаға арналған көптеген жазбалары мен анализдері жеткілікті. Қазіргі таңға дейін осы шығармалар әйгілі және маңызды құрал ретінде белгілі. Тек шығармаларымен шектелмеген Ыбырай атамыз қазақ балаларына арнап білім орталығы – мектепті ашқан болатын. Осы атқарылған құнды еңбегінің арқасында Ыбырай Алтынсарин оқу мен тәрбие саласында маңызды орын алады, ал атамыздың өзі жылдар өте келе ұмытылмаған аңызға айналды.
...