Отчет по практике в «Республикалық фитосанитарлық диагностика мен болжамдар әдістемелік орталығы»
Автор: Tleualmurat • Октябрь 16, 2018 • Отчет по практике • 10,927 Слов (44 Страниц) • 1,170 Просмотры
КІРІСПЕ
Өндірістік тәжірие мамандық бойынша арнайы пәндерді оқып аяқтағаннан кейін ұйымдастырылды, тәжірибе басталғанға дейін келесі пәндер бойынша теориялық білім алдық: ауыл шаруашылығы энтомологиясы; ауыл шаруашылығы фитопатологиясы; зиянды нематодалар, кенелер және кеміргіштер; өсімдіктерді химиялық қорғау; өсімдіктерді биологиялық қорғау; өсімдік зиянкестерін анықтау және есептеу әдістері; өсімдік ауруларын анықтау және есептеу әдістері; гербология.
Өндірістік жағдайда тәжірибені өту барысында ЖОО - да алған теориялық білімімізді тәжірибелік тұрғыдан бекіттік, ауыл шаруашылығы дақылдарының фитосанитариялық жағдайы үшін маңызы бар дақылдарды өсірудің технологиялық операцияларының орындалуын іс жүзінде көріп, соларға қатысып, тәжірибелік білімімізді толықтырдық, өсімдіктерді қорғау және карантин бойынша іс - шараларды жоспарлау және ұйымдастыруды үйрендік.
Өндірістік тәжірибені өту барысында ауыл шаруашылығы дақылдарының зиянкестері түрлерінің коллекциялық жадығаттарын дайындап, арамшөптерді және зақымдалған өсімдіктерді жинап, гербарий жасадық.
Өндірістік тәжірибенің мақсаты – «Өсімдік қорғау және карантин» мамандығы бойынша өндірісте әр түрлі міндеттерді атқара жүріп жұмысты ұйымдастыру және жұмыс орнында (өндірістік жағдайда) өз бетімен шешім қабылдауды үйрену, кәсіби шеберлік пен дағдыларды қалыптастыру.
Өндірісте мамандық бойынша маңызды мәселелермен, технологиялық операциялармен, нысандармен танысу және мониторингтік жұмыстар мен ғылыми-зерттеу әдістерін меңгеру.
Тәжірибеде зерттелетін негізгі нысандар - зиякестер, олардың жыртқыштары мен паразиттері, ауру қоздырғыштар мен олардың антагонистері, сортаң өсімдіктер, өсірілетін дақылдар, пестицид-жадығаттары.
Технологиялық операциялар - ауыл шаруашылығы дақылдарын өсіру тәсілдері, оның ішінде егістік көлемдерінің құрылымына сәйкес алдын алу және жоюға арналған қорғау шаралары.
Тәжірибелер міндеттеріне кіреді:
- теориялық оқу үрдісі кезінде алған білімдерімізді жүйелеу, толықтыру және кеңейту;
- кәсіби шеберлікті және еңбек етудің тиімді әдістерін игеру;
- таңдаған мамандықтың мотивацияларын меңгеру;
- кәсіптік міндеттер мен күрделі мәселелерді шешудегі озық технологиялар мен әдістерді игеру;
- кәсіпорындағы, мекемелердегі және т.б орындардағы маркетингтік-менеджерлік қызметтермен танысу;
- ғылыми-зерттеу жұмыстарының әдістерін меңгеру;
I БӨЛІМ 1. ҚР АШМ агроөнеркәсіп кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің «Республикалық фитосанитарлық диагностика мен болжамдар әдістемелік орталығы» М.М. ОҚО Мақтааралаудандық филиалы.
Кесте 1 – 2017 жылғы ұжым тізімі
р/с | Тегі, аты | Қызметі | Туған жылы, айы, күні | Білім, мамандығы, бітірген оқу орны |
1 | Кадирбердиев Құралбай Әмірұлы | Директор | 26.03.1954 | Жогары агроном Таш СХИ |
2 | Досаев Қайрат Сарсенбаевич | жоғары категориялы- энтомолог | 30.10.1967 | Жоғары – Қаз АШИ «Өсімдік қорғау»фак ғалым агроном,1992ж |
3 | Синаев Рахымбай Ибрагимович | жоғары категориялы- фитопатолог | 11.01.1957 | Жоғары – Қаз АШИ «Агрономия»фак ғалым агроном,1980ж |
4 | Налибаев Суйінбай Журунтаевич | жоғары категориялы- герболог | 15.05.1959 | Жоғары – ЖТИ 1981ж |
5 | Сариева Асия Токтасыновна | Лаборант | 17.12.1969ж | Жоғары Аулие- ата 2008ж |
6 | Муйтембаев Серик | Карантиндік Нысандарды Анықтаушы | 16.10.1972ж | Жоғары – Қаз АШИ «Агрономия»фак ғалым агроном,1996ж |
...