Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Дене тәрбиесi ұдерiсiндегi тәрбие жүмыстарынын психологиялык негiздерi

Автор:   •  Май 18, 2024  •  Творческая работа  •  1,796 Слов (8 Страниц)  •  97 Просмотры

Страница 1 из 8

ДЕНЕ ТӘРБИЕСІ ҮДЕРІСІНДЕГІ ТӘРБИЕ ЖҰМЫСТАРЫНЫҢ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

Аңдатпа: Бұл мақалада балалар мен жас жеткіншектерге білім беруде және тәрбиелеуде, сол сияқты спорттық дайындау үдерісін психологиялық қамтамасыз ету жүйесіндегі алға басушылық нәтижелер қарастырылады. Жалпы білім беретін мектептердегі оқу-тәрбие жұмыстарында жаңа педагогикалық технологиялар барынша жандандырылып қолданылуда.

        Жас балалар мен жеткіншектердің өзін-өзі тануы, өзін-өзі бағалауы, өзін-өзі бақылауы, өзін-өзі жетілдіруі, өзін-өзі тәрбиелеуі,өзін-өзі үшін кең мүмкіндіктер туғызу мақсатында балалар, жеткіншектер мен жасөспірімдерге арналып, мемлекеттік деңгейде құрылған ресми мекемелер жүйесіндегі ұйымдарда, сол сияқты ресми бірлестіктердегі әр түрлі бейнедегі қызмет түрлерінде олардың әлеуметтік белсенділіктерін барынша жетілдіру қарастырылған. Балалар мен жас жеткіншектердің қажеттілік және қызығушылық сұраныстарын қанағаттандыратын дене жаттығуларымен шұғылданннуы басты жеке тұлғалық міндеттердің бірі болғандықтан, маңызды орын дене мәдениетіне беріледі.

        Тәрбие балалар мен жас жеткіншектердің өмір жолындағы тәжірибедерін алуы, әлеуметтенуінің маңызды жақтарының бірі болып табылады.

        Тәрбиенің оқытып, үйретуден айырмашылығы, мұнда адамның танымдық үдерістерінің қалыптасуы, яғни қабілеттері, олардың білім, біліктілік және дағдылары бойына сіңіруі, тұтастай алғанда тәрбие жұмыстары адамның жеке тұлға ретінде қоршаған ортаға, қоғамға, адамдарға деген жағымды қарым-қатынасын, дүниетанымын, көзқарасын қалыптастырады. Оқытып, үйрету және тәрбие үшін жалпы тән қасиет, бұл адамның әлеуметтік тәжірибе жинақтау тетігінің негізгі, ал спецификалық жағынан, осы алынған тәжірибені құндылық ретінде қабылдауының субъективтік нәтижесі, сонымен бірге, тәрбиелік іс-әрекеттерінің үлгісі, ал білім берудегі қолданыста білім, біліктілік және дағдылары болып табылады.

        Дене тәрбиесі пәні оқытушысы мен спорт түрлері жаттықтырушыларының басты міндеттерінің бірі, олардың дене мәдениеті бойынша өткізетін шұғылдану сабағы балалар мен жас жеткіншектердің тек дене дамуы үшін ғана емес, сонымен қатар жеке тұлғалық интеллект ретіндегі жағымды қасиеттерін қалыптастыру мақсатында сабақтың психологиялық жағдайларына, яғни өзімшілдік, екіжүзділік, арсыздықты жоюға мүмкіндік туғызатындай деңгейде жүргізілуімен қорытындыланады. Сонымен бірге, педагог шұғылданушылардың өздерінің жеке ерекшеліктері мен мүмкіндіктерін бағдарлауына баса назар аударуларына күш салуға міндетті. Бұл, тәрбиенің негізі өзін-өзі тану үдерістерін жандандыруға мүмкіндік туғызады.

Кілті сөздер: Қозғалыс белсенділігі, біліктілік дағдылары, дене тәрбиесінің кәсіби бағыттылығы, психологиялық дене дайындығы, дене мәдениеті құндылықтары, дене тәрбиесі, денеге білім беру, сауықтыру дене мәдениеті, дене мәдениеті.

Жас өскін балалар мен жас жеткеншектердің өзін-өзі тануы, өзін-өзі бағалауы, өзін-өзі бақылауы, өзін-өзі жетілдіруі, өзін-өзі тәрбиелеуі, өзін-өзі көрсетуі үшін кең мүмкіндіктер туғызу мақсатында балалар, жеткіншектер және жасөспірімдерге арналып, мемлекеттік деңгейде құрылған ресми мекемелер жүйесіндегі ұйымдарда, сол сияқты  бейресми бірлестіктердегі әр түрлі бейнедегі қызмет түрлерінде олардың әлеуметтік белсенділіктерін барынша жетілдіру қарастырылған. Балалар мен жас жеткіншектердің қажеттілік және қызығушылық сұраныстарын қанағаттандыратын дене жаттығуларымен шұғылдануы басты жеке тұлғалық міндеттердің бірі болғандықтан, маңызды орын дене мәдениетіне беріледі.

Тәрбие балалар мен жас жеткіншектердің адамдардың өмір жолындағы тәжірибелерін алуы, әлеуметтенуінің маңызды жақтарының бірі болып табылады. Тәрбиенің оқытып, үйретуден айырмашылығы, мұнда адамның танымдық үдерістерінің қалыптасуы, яғни қабілеттері, олардың білім, біліктілік және дағдыларды бойына сіңіруі, тұтастай алғанда тәрбие жұмыстары адамның жеке тұлға ретінде қоршаған ортаға, қоғамға, адамдарға деген жағымды қарым-қатынасын, дүниетанымын, көзқарасын қалыптастырады.

Оқытып, үйрету және тәрбие үшін жалпы тән қасиет, бұл адамның әлеуметтік тәжірибе жинақтау механизмінің негізгі, ал спецификалық (өзгешелік) жағынан, осы алынған тәжірибені құндылық ретінде қабылдауының субъективтік нәтижесі, сонымен бірге, тәрбиелік іс-әрекетінің үлгісі, ал білім берудегі қолданыста білім, біліктілік және дағдылары болып табылады.

...

Скачать:   txt (28.5 Kb)   pdf (93.8 Kb)   docx (196.7 Kb)  
Продолжить читать еще 7 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club