Жаңартылған білім беру мазмұны аясында қалыптастырушы және жиынтық бағалаудың ерекшеліктері
Автор: lakhanova • Октябрь 12, 2023 • Эссе • 314 Слов (2 Страниц) • 179 Просмотры
Жаңартылған білім беру мазмұны аясында қалыптастырушы және жиынтық бағалаудың ерекшеліктері
Жаңартылған білім беру бағдарламасының негізгі міндеттеріның бірі оқу мақсатына жету үшін критериалды бағалау жүйесі қолданылады. Критериалдык бағалау – оқушылардың оқу танымдык құзыретін қалыптастыруға жағдай жасайтын, білім беру мақсаты мен мазмұнына сәйкес білім беру процесіне қатысушылардың барлығына алдын ала таныс, ұжым талқысынан өткен, нақты анықталған өлшемдер арқылы оқушылардың оқу жетістіктерін салыстыруға негізделген процесс. Критералды бағалаудың екі түрі: қалыптастырушы бағалау (ҚБ) және жиынтық бағалау (ЖБ) бар. Эссе екі бағалау түрінің өзара байланысы мен айырмалықтарын талдауға арналған.
Қалыптастырушы бағалау – сабактағы немесе үйдегі күнделікті үдерістегі білім мен дағдыларды меңгерудің ағымдары деңгейін анықтау, оқыту үдерісінде оқушы мен мұғалім арасындағы өзара қарым-қатынасты жүзеге асыру. Бұл оқушыларға жаңа материалды меңгерген кезде тапсырмаларды қаншалықты дұрыс орындайтындығын және оқытудың мақсаты мен міндеттеріне қалай жететіндігін түсінуге мүмкіндік береді.
Жиынтық бағалау – оқу бағдарламаларының бөлімдері/бөлімше тақырыптары және белгілі бір оқу кезеңі (тоқсан, оқу жылы) аяқталғаннан кейін білім алушылардың үлгерімі туралы ақпарат беру үшін баллдар мен бағалар қою арқылы жүргізіледі. ЖБ оқу ақпараты немесе оқыту деңгейінің блогын мекгеріп болғаннан кейін білім мен оқу дағдылыраның қалыптасу деңгейін анықтайды.
Қалыптастырушы бағалау сабақ барысында жүретін үздіксіз процесс болғандықтан оқыту үшін бағалау деп аталады. Бұл бағалау жүйесі мұғалім мен оқушы арасында кемшіліктерді жоюда сапалы кері байланыс орната отырып, жоғары білім көрсеткішіне жетелейді.
Жиынтық бағалау оқу бөлімінің қорытынды нәтижесіне бағытталған, сондықтан оқу үшін бағалау деп аталады.
Қалыптастырушы бағалаудың мақсаты - оқыту процесіндегі кемшіліктерді мұғаліммен кері байланыс орната отырып жойып, білімдерін жетілдіру. Қалыптастырушы бағалау үй тапсырмасы, жобалық, тақырып бойынша түсінік айта білуі сияқты сапалық көрсеткіш түрінде болады.
...