Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Кадрлық жоспарлаудың маңызы,мақсаттары мен міндеттері

Автор:   •  Ноябрь 12, 2018  •  Реферат  •  899 Слов (4 Страниц)  •  1,647 Просмотры

Страница 1 из 4

  Кадрлық жоспарлаудың маңызы,мақсаттары мен міндеттері

Тоқырау кезеңіндегі біздің еліміздің экономикасындағы толық жұмыспен қамтушылық, қосымша капитал жұмсау есебінен жаңа жұмыс орындарын ашу, жұмыс күнінін ұзақтығын қысқарту және демалыстарды көбейту еңбек нарығындағы тапшылықтың өсуіне алып келеді. Ғылыми-техникалық процесс және жаңа ережелер мен тәртіптер еңбек жағдайын жақсарта отырып, адамның білім деңгейі мен психофизиологиялық мүмкіндіктеріне жаңа талаптар қойды.Бұл өз кезегінде, өндірістің білітілік және психофизиологиялық талаптарына жауап беретін кадрлар тапшылығын ұлғайтты.

Икемді басқару құралдарына ие емес әкімшілдік-әміршілдік басқару әдістері өмір сапасын көтеруге деген, ең алдымен,әрбір жұмысердің (қызметкерлердің) өз ұйымының ісін басқаруға қатысу мүмкіндігі мен әр адамның лайықты өммір жағдайынан өз көрінісін табатын қажеттіліктерден туындаған әлуметтік шиеліністі жойып немесе шиеліністі азайта алмады.

Жұмыскелердің (қызметкерлердің) өз еңбегінен қанағаттанғандық сезімін алуға мүмкіндік беріп, қызметкерлерді пайдалануды бір мезгілде жақсарту жөніндегі, осындай жағдай жасау талабы, басты мақсат-кез келген құралдар мен өнімідер өндіру жоспарын орындаумен қарама қайшы келді.Адамдарды басқаруға бағытталған әкімшілдік әдістер адамды байқамады, оның қажеттіліктерімен санаспады.

Осы аспектілерді ескеріп ұзақ мерзімге бағдарланған кадр саясатының тұжырымдамасын, кадрлық жосарлау көмегімен жүзеге асыуға болады. Қызметкерлер құрамын басқарудың бұл әдісі жұмыс берушілер мен жалданбалы жұмыскерлердің мүдделерін келістіріп, теңгеруге қабілетті.

Кадрлық жоспарлаудың маңызы уақыттың қажетті сәтінде және олардың қабілеттері мен бейімділіктеріне және бизнес талаптарына сәйкес қажетті санда адамдаға жұмыс оындарын беру үшін жағдай жасаудан тұрады.

 Өніділік және мотивация көзқарасы тұрғысынан жұмыс орындары жұмысерлерге (қызметкерлерге) өз қабілеттерін дамытуға, еңбек тиімділігін арттыруға, адамға лайықты еңбек жағдайын жасау және жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету талаптарына жауап беру  мүмкіндіктерін жасауы тиіс.

Кадрлық жоспалау ұйымның мүддесі үшін, сол сияқты оның қызметкерлерінің мүдделері үшін де жүзеге асырылады. Ұйым үшін ұйым міндеттерін шешу мен алға қойған мақсаттарға жетуге қажетті уақытта,қажетті орында,қажетті санда және соған сай біліктілігі бар қызметкерлерге ие болу маңызды болып саналады.

Кадрлық жоспарлау стратегиялық жоспарлаудың құрамды бөлігі болып саналады,кадр саясатының стратегиясын,мақсаттары мен міндеттерін айқындауға көмектеседі және тиісті шаралар жүйесі арқылы оған жетуге ықпал етеді.
Кадрлық жоспарлау неғұрлым жоғары еңбек өнімділігі мен жұмыспен қанағаттандырушылық үшін мотивация жасауы тиіс. Адамдарды бірінші кезекте өздерінің қабілеттерін дамыту үшін жағдай жасалған және жоғары,тұрақты табыс табуға кепілдік берілген жұмыс орындары қызықтырады.Ұйымның барлық қызметкерлерінің(жұмыскерлерінің) мүдделерін есепке алу кадрлық жоспарлау міндеттерінің бірі болып саналады. Ол ұйымдағы жоспарлаудың жалпы процессіне интеграцияланғанда ғана кадрлық жоспарлаудың тиімді болатынын есте ұстаган дұрыс.

Кадрлық жоспарлау келесі сұрақтарға жауап беру тиіс:
қанша жұмыскер(қызметкер),қандай біліктілік,қашан және қайда қажет болады?
әлеуметтік шығын келтірусіз қажетті қызметкерлерді қалай тартуға және артық қызметкерлерді қысқартуға болады?
оның қабілетіне сәйкес қызметкерлерді қалай жақсы пайдалануға болады?
қызметкерлердің жаңа білікті түрлерін орындау және бизнес сұраныстарына сәйкес олардың білімдерін сол деңгейде ұстап тұру үшін кадрларды дамытуды қалай қамтамасыз етуге болады?
жоспарланған кадрлық шаралар қандай шығындарды талап етеді?
Кадрлық жоспарлаудың мақсаттары мен міндеттерін 4.1 суретте келтірілген схемалар түрінде беруге болады.

...

Скачать:   txt (13.6 Kb)   pdf (277.5 Kb)   docx (24.6 Kb)  
Продолжить читать еще 3 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club