Жүкті және ерте жастағы балаларға патронаждық қызмет көрсетудің әмбебап прогрессивті моделі
Автор: a1_azhan • Февраль 27, 2022 • Реферат • 1,242 Слов (5 Страниц) • 1,460 Просмотры
№ 7 СӨОЖ
- Тақырыбы: Жүкті және ерте жастағы балаларға патронаждық қызмет көрсетудің әмбебап прогрессивті моделі. ЮНИСЕФ модульдері: Модуль 12 «Басқаша дамитын балалар»
2. Мақсаты: - Дамуында ауытқулары бар балалар мен олардың отбасын қабылдауды және оларға қатысты өз сезімін ұғынады және ерте жастағы мүмкіндігі шектеулі немесе дамуында ауытқулары бар балаларға қатысты алдын алу, ерте анықтау мен араласудағы өзінің үлесін бағалайды.
Дамуында ауытқулары бар, мүмкіндігі шектеулі балалары бар отбасында кездесетін проблемаларды біріздендіреді, осы топ отбасылары мен балаларға қажетті қолдау көрсету дағдыларын көрсетеді.
3. Тақырып бойынша фронтальды сұрақтарға жауап беру, тестік бақылау, ситуациялық есепті шешу
4. Үлестірілетін материалдар:
ӨЗГЕШЕ ДАМИТЫН БАЛАЛАР
- Жалпы, шамамен әрбір алтыншы бала дамып-жетілуінде қандай да бір ауытқуға тап болады.
- Мұндай жағдайлардағы сіздің рөліңіз аса маңызды мәнге ие болуы мүмкін! Сізге барлық балалардың, соның ішінде, қатер тобындағы және мүмкіндіктері шектеулі балалардың бақытты және аман-сау болуы қолғабыс ету қажет. Сіз отбасыларға баланың дамуындағы қауіп-қатер факторларын және қажеттіліктерін анықтауға көмектесе аласыз, сонымен бірге, осыған байланысты мәселелерді шешуде қолдау көрсете аласыз. Баланың даму барысын бақылаңыз және баланың дамуында бөгеліс туындау қаупі бар-жоғына қатысты мейлінше ақылға салып безбенделген шешім қабылаңыз; баланы тексеру үшін отбасыны тиісті қызметтерге жіберіңіз; отбасыға араласу шараларын қолдану мамандарымен жұмыс жасауында қолдау көрсетіңіз және балаларына, олардың даму жолындағы жетістіктеріне қуануға көмектесіңіз.
Шын мәнінде, мүмкінідктері шектеулі/дамуында бөгеліс бар балалар қоғамның өміріне толық және тең құқылы араласа отырып, өз отбасында және қоғамда өсуге және өркендеуіне қажетті барлық қызметтерді алуға толығымен құқылы.
- Адамдардың тыныс-тіршілігінде мықты қасиеттері және кемшіліктері болады. Қоғам өміріне атсалысу үшін дамудағы бұзылыстарды немесе ауытқуларды жеңуі тиіс адам . Кейбір қоғам мүшелеріне қоғам өміріне толыққанды араласуды қиындататын немесе мүмкін емес ететін кедергілерді жою – қоғамның міндеті.
- Халықаралық тыныс-тіршілік, мүгедектік және денсаулық жіктеуіші (ICF) «денсаулық» және «мүгедектік» ұғымдарын жаңа қырынан көрсетеді. Аталыш жіктеуіште кез-келген адамның денсаулығы нашарлап кетіп, соның салдарынан белгілі бір мүмкіндіктері шектелетіні мойындалады. Бұл тек аз ғана адамдар тобымен болатын құбылыс емес. Осылайша, ICF шектеулі мүмкіндіктерді адамның өмірлік тәжірибесінің бір бөлігі деп санайды.
- Ертеректе айтқанымыздай, осындай отбасылар сіздің ерекше қолдауыңызға және тілектестігіңізге мұқтаж. Үйіне барып қарап кеткен сайын, сіз олардың есігін жауып, сыртқа шығып кетесіз. Ал олар, екінші жағынан, өздерін күткеннен мүлдем өзгеше өмір сүре алады. Сіз оларға бұрынғыдан берік болуға және жағдайын әлдеқайда жақсартуға көмектесе аласыз.
Ата-ананың/ата-аналардың сезімдері – қайғыру, кінәлау және сөгу. Бала қандай да бір генетикалық ауытқушылықпен немесе мерзімінен әлдеқайда ерте туылса, ата-анасы және отбасы мүшелері қатты қайғыруы мүмкін. Көп күттірген, дені сау баланың дүниеге келуіне орай оқиға қуанышты болған жоқ. Оған қоса, нәрестеге немесе кішкентай сәбиге кең ауқымды медициналық көмек және дербес бақылау, сондай-ақ, отбасының көп күш-қайраты мен қаржы қорлары қажет болуы мүмкін. Өзін-өзі сөгу немесе жұбайын оқиғаға себепші ретінде кінәлау, депрессия және үміттен айырылу ата-ананың және отбасының баланың мәселелерін шешу қажеттілігіне байланысты қиындықтармен күресу және балаға бауыр басу қабілетін өте қиындатуы мүмкін. Кейбір отбасылар бар күш-қайратын осындай балаға жұмсау арқылы осы мәселені шешеді; олар кейде отбасындағы басқа балалар немесе ата-ананың біреуінің есебінен баланы дамып-жетілу жетістіктеріне итермелеуі немесе тіпті тездетуі мүмкін. | Сіз не істей аласыз:
|
Бауырларының сезімдері Отбасының өмірі көбінесе мүмкіндіктері шектеулі немесе дамуында ауытқушылықтары бар баланың қажеттіліктері айналасында өрбиді. Дамуында ауытқулары бар баланың бауырлары көбінесе келесі қиындықтарға тап болады
| Сіз не істей аласыз
|
Баланы тексеру және диагностика жасау Медициналық жағдайлардың мыңдаған түрлері бар, олардың көпшілігі – өте сирек. Бұл кейбір балаларға диагноз ешқашан қойылмайды немесе түрлі мамандарға ұзақ уақыт бойы барғаннан кейін қойылады дегенді білдіреді. Ерте араласуды диагноз қойылғанға дейін бастау керек, балалы отбасылар баланың дамуына қандай да бір қауіп-қатер төніп тұрғаны анықталған соң, бірден қолдауға мұқтаж болады. Отбасылар түпкілікті диагноз қойылу мүмкіндігіне әртүрлі қарауы мүмкін. Бір отбасылар себебін табу үшін уақыт, күш пен қаржы жұмсайды, ал басқаралары баланың тікелей мәселелерін шешуге бар күшін салғанды қалайды. | Сіз не істей аласыз
|
Отбасының оқшаулануы және жалғыздығы Отбасы өзін баланың мәселесіне және оны күнделікті шешу қажеттілігімен байланысты қиындықтарға толығымен арнайы мүмкін. Отбасылар көбінесе дәл сондай мәселеге тап болған басқа отбасылармен байланысуды жөн көреді және олар отбасының басына қандай күн туғанын жақсырақ түсінетінін және жақсы демеу мен қолдау көзі екенін анықтайды. Ең алғашқы сатыларда ата-аналар басқалармен байланыс орнатуға дайын болмауы ықтимал. Егер олар бір рет бас тартса, кейін мұндай мүмкіндікті тағы бір рет қарастырмайда деп санамаңыз. | Сіз не істей аласыз
|
...