Азаматтық құқықтық корғалу объектісі ретіндегі жеке мүліктік емес қатынастардың түсінігі және жүйесі
Автор: serik1980 • Ноябрь 26, 2018 • Реферат • 21,072 Слов (85 Страниц) • 1,220 Просмотры
І.тарау Азаматтық құқықтық корғалу объектісі ретіндегі жеке мүліктік емес қатынастардың түсінігі және жүйесі.
1.1 Жеке мүліктік емес құқықтарды реттеудің жалпы ережелері
1.2. Жеке мүліктік емес құқықтық қатынастардың ұғымы және олардың түрлері
II. тарау Жеке мүліктік емес игіліктер мен құндылықтарды қорғау және келтірілген зиянды өтеу ережелері.
2.1 Жеке мүліктік емес игіліктер мен құндылықтарды қорғаудың құқықтық негіздері
2.2. Жеке мүліктік емес игіліктер мен құндылықтарға келтірілген зиянды өтеу ережелері
Кіріспе
Қазіргі таңда сапалы жаңаруды басынан кешіріп жатқан Қазақстан Республикасының Азаматтық құқығы құқық жүйесінде орталық орындардың бірін иемденеді. 1994 жылдың 27 желтоқсанында қабылданып 1995 жылдың 1 наурызынан бастап іске қосылған Қазақстан Республикасының жаңа Азаматтық кодексінің бірінші бөлімі нарықтық экономика аясында дамып келе жатқан мүліктік емес жеке қатынастарды және мүліктік қатынастарды реттеуші кодификацияланған жүйелі заң болып табылады.
Алғаш рет Азаматтық құқық пен кодекске мүліктік құқықтарға қатысы жоқ мүліктік емес жеке құқықтарды реттеуге арналған параграф қосылған.
Аталмыш құқықтарды дербес қарастыру қажеттілігі бірқатар жағдайларға сәйкес туындаған. Мұндағы атап өту қажет жайттар алғаш рет ҚР АК Адам мен азамат құқығы жөніндегі халықаралық пакттер, Адам мен азамат құқығы жөніндегі жалпыға ортақ декларациялар, сонымен қатар 1995 жылғы Қазақстан Республикасының Декларациясының құрамының көрінісін айқындай отыра, азаматтық-құқықтық қорғаныс берілетін мүліктік емес игіліктер қатарын кеңейтті.
Мүлікке қатысы жоқ мүліктік емес жеке қатынастар азаматтық заңнамамен реттеледі. Себебі басқасы заң шығарушы актілер тарапынан қарастырылмаған және мүліктік емес жеке қатынастар тарапынан да туындамайды.
Азаматтық заңнамада АК 3 тарауында мүліктік емес жеке игіліктердің шекті тізімі берілгенін ескеретін болсақ, онда 3 параграф оларды қорғаудың жеке түрлеріне қарамай, тек жалпы ережелерін ғана қарастырады, ал 143-146 баптар мүліктік емес жеке құқықтардың тек кейбір маңызды түрлерін ғана қарастырады. Сонымен қатар, мүліктік емес жеке құқықтардың есім алу құқығы, еркін жүріп тұру, тұрғылықты жер таңдау секілді құқықтары Азаматтық Кодекспен реттеледі.
Мүліктік емес жеке құқықтар тиісінше, материалдық емес тауарларға қатысты пайда болады және олар қорғалады негізінен жәбірленушінің құнсызданған жылжымайтын мүлік саласын қалпына келтіру үшін дегенді білдіреді. Мұндай әдістер Азаматтық кодексінің 9-бабына сәйкес мыналар: құқықтарын тану, құқықтарының бұзылуына дейін болған жағдайды қалпына келтiру, әрекеттердің жолын кесу, құқығын бұзу немесе бұзылуына қауіп төндіретін. Сонымен қатар, олар азаматтың немесе заңды тұлғаның ар-намысына, қадір-қасиетіне немесе іскерлік беделіне нұқсан келтіретін ақпарат теріске шығару арқылы, заңда көзделген арқылы, атап айтқанда, Азаматтық кодекстің 3-тармағымен қорғалады.
Мүліктік емес жеке құқықтар белгілі бір жолдармен қорғалатын болағндықтан азаматтық іс жүргізу заңнамасын қолдануда сәйкесінше ережелер қолданылады.
Жеке құқықтар азаматтардың жеке өміріне қол сұғылмаушылығы мен құпиясын қорғау сияқты түсініктермен үздіксіз байланыста. Сол үшін де жеке өмірге қол сұғылмаушылық, бостандық, теңдік секілді ойлар өркениеттің дамуы барысында жаңаның ескімен күресі барысында қолданылған.
Мүліктік емес жеке құқықтардың азаматтық құқыққа пәндік тиістілігі анықталады, олардың келесі классификациясы мүмкін болып табылады:
- Құқық берілген адам тұлғаны жекешелендіруге бағытталған мүліктік емес жеке құқықтар: есім құқығы, ар мен намысты қорғау құқығы, сонымен қатар жауап құқығы мен кері жауап қайтару құқығы;
- Жеке адамның дербес құқықтылығы мен өмірі мен денсаулығы, жеке бенесіне қолсұғылмаушылық, жеке бейнесінен құралған азаматтардың жеке өміріне қол сұғылмаушылығын қамтамасыз етуге бағытталған мүліктік емес жеке құқықтар;
- Азаматтардың жеке өміріне қол сұғылмаушылығы мен құпиясын қорғау: тұрғын үйіне қол сұғылмау құқығы, жеке құжаттары, жеке өмір құпиясы, сонымен қатар: адвокаттық, медициналық, нотариалдық және тергеу істерін жүргізу, банкке немесе басқа да несиелік ұйымдарға салымдар салу, жеке араласу, бұқаралық ақпарат құралдары арқылы мәліметтер алу қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған мүліктік емес жеке құқықтар. Бұл аталмыш мәселелердің бәрі арықарайғы зерттеу мен қарастыруды қажет етеді, сондықтан менің жұмысыма негіз болып табылады.
Тәуелсіз туының аясында өзінің мемлекеттігін құрып жатқан Қазақстан Республикасына биыл 19 жыл толып отыр. Қазіргі таңда елімізде жүргізіліп жатқан әлеуметтік – экономикалық және саяси реформаларының түпкілікті мақсаты – жеке адамның бостанды өмір сүруіне және ілгері қарай дамуына жағдай жасау және құқықтарына кепілдік беру. Мемлекеттің басты ұраны – жеке адамның материалдық және рухани қажеттіліктерді қанағаттандыру.
Жаңадан қалыптасып келе жатқан ұлттық заңнама соның негізінде дамиды. Жеке және заңды тұлғаларға тиесілі жеке мүліктік емес игіліктер мен құқықтар жеке мүліктік емес өзіндік қатынастардың объектілері болып табылады. Жеке мүліктік емес құқықтық қатынастар адам мен тұлғаның өзіндік құқықтарынан бастап мүліктік құқықтар, оның ішінде заттық құқықтардың, жалпы азаматтық құқықтардың құрамына сіңген құқықтарға дейін қамтиды. Жеке жеке мүліктік емес қатынастар тек азаматтық заңнамамен ғана емес барлық заң актілерімен реттелінеді. Аталған объектілер жеке мүліктік емес сипатта болады және тиісті тұлғадан ажыратылмайды.
...