Әдебиеттерге шолу
Автор: 2914 • Март 4, 2022 • Практическая работа • 295 Слов (2 Страниц) • 328 Просмотры
Әдебиеттерге шолу
Әлемде белең алған пандемияның жаһандық экономикаға әсері қандай боларын нақты болжау әлі ерте деп ойлаймын. Дейтұрғанмен, қатерлі індеттің салдарынан бүгінгі таңда әлемнің әр түкпірінде зауыттар мен фабрикалардың жұмысы тоқтап, ұшақтардың бағыты шегерілді, валюта мен мұнай бағасы құлдырап барады.
Еңбек ресурстарын дамыту орталығының" президенті Олжас Төлеуов
"Қазақстанның экономикасы қазір бұрын-соңды болмаған дәреже ұшырап отыр. Ағымдағы жылдың жеті айында еліміздің Жалпы ішкі өнімі 2,9%-ға азайды. Бұл дүниежүзілік қаржы дағдарысы белең алған 2009 жылдың екінші тоқсанында көрініс берген құлдырау шыңынан да артық. Осы мерзімде екі рет локдаун болуына байланысты бұл көрсеткіш тіптен артады деген болжам бар", – дейді [1].Экономиканың бұлайша құлдырауына транспорт және сауда саласында қосылған құнның төмендеуі қысым түсірген. Жылдың бірінші жартысында транспорт саласы шамамен 15% құлдыраған. Сауда саласы да 11% деңгейінде тарихи құлдырауды бастан кешіріп отыр. Әсіресе Алматы секілді сауда айрықша маңызды рөл атқаратын өңірлердің экономикасы біршама әлсіреді.
Сарапшылардың пікірінше, COVID-19-дың ошағы ауыздықталғаннан кейін көптеген ірі компаниялар нарықтан шығуға мәжбүр болса, енді біреулеріне қызмет бағытын өзге арнаға бұруға тура келді. Мәселен қазірдің өзінде көптеген компаниялар төл өнімін экспорттау көкжиегін немесе жеткізуші елдерден тауар алуға қатысты келісімдерін жаппай өзгертіп, әлеуетті бағыттарды қатар қарастырып жатыр. Енді олар сырттан емес іштен әріптес іздеп, отандық кәсіпкерлерге бет бұра бастады.
Шакюров Сергей "2020 жылдың соңғы бес айында мемлекеттік бюджеттің шығындары түсімдерден шамамен екі есе артты дейді. Бұл елдің экономикасында болып жатқан оқиғалардың айқын индикаторы. Бұл тіпті Ұлттық қордан жасалған трансфертті ескермегендегі жағдай. Ал трансферттер де едәуір өскені белгілі", – дейді [2]
...