Дүние жүзінің экономикалық-географиялық аймақтарына жалпы шолу
Автор: SaltanatIL • Июнь 11, 2018 • Реферат • 2,753 Слов (12 Страниц) • 3,509 Просмотры
§1.Дүние жүзінің экономикалық-географиялық аймақтарына жалпы шолу.
Тарихи географиялық аймақ дегеніміз-белгілі бір тарихи дамуда табиғи,әлеуметтік-экономикалық және ұлттық мәдени жағдайлары ортақ әрі басқалардан өзіндік айырмашылығы бар материк не оның бөлігі.Дүние жүзін аймақтарға бөлуде оған кіретін елдердің географиялық және геосаяси ерекшеліктері, табиғат жағдайлары мен табиғи байлықтары,тарихи географиялық дамуы,халқы,шаруашылығы және сыртқы байланыстары ескеріледі.
Міне,осындай тұрғыдан алғанда,дүние жүзінің ірі аймақтары ретінде Еуропаны,Азияны,Африканы,Солтүстік Американы,Латын Америкасын,Еуропаны жеке аймақтарға бөліп не оларды Еуропалық аймақтың бөліктері ретінде қарастырылады.Ал Азияны Оңтүстік Батыс,Оңтүстік Шығыс және Шығыс Азия деп дербес аймақтарға бөледі.
√ Еуропа-Батыс жне Шығыс Еуропа бөліктерінен тұрады.Батыс Еуропа-Солтүстік Еуропа,Орта Еуропаға,Шығыс Еуропа-Шетелдік Шығыс Еуропа және ТМД құрамындағы Шығыс Еуропалық елдер аумағына бөледі.
Еуропа жер аумағы жөнінде Аустралиядан кейінгі ең кіші дүние бөлігі (10 млн км2).Бірақ Еуропаның халқы 700 млн адамға жақындап,дүние жүзінде саны жөнінен екінші,халқының тығыздығынан бірінші орында.
Батыс Еуропаға 20 мемлекет кіреді,олар тарихи дамуы жағынан өзіндік ерекшеліктерімен көзге түседі.Ғасырлар бойы Батыс Еурона дүниежүзілік экономиканың даму орталығы болып,мұнда алғаш өнеркәсіп қалыптасты.Қазіргі кезде де Батыс Еуропа дүниежүзілік экономиканы дамытуға қолайлы.Мұнда су ресурстары мен құнарлы топырақ қоры мол.Миниралдық байлықтары жеткіліксіз болғанмен,оларды тұтыну дәрежесі жоғары.Соған қарамастан Ұлыбритания,Норвегия Солтүстік теңіз қайраңы мұнаймен:Нидерланд,Норвегия,Ұлыбритания табиғи газымен;ГФР Рурдың тас көмірмен;Ұлыбритания ГФР,Швеция және Франция темір кенімен дүние жүзінде әйгілі болып отыр.
Батыс Еуропаның халқы-400 млн адам.Өте тығыз қоныстанған халқына ұдайы өсудің осы заманғы типі тән.Бірақ халқының қартаюы байқалып отыр.Этностық басым бөлігі үнді-еуропа тіл семьясына жатады.Мұнда бір ұлтты мемлекеттер басым.Бұл дүние жүзіның жоғары урбандалған,қала халқының үлесі 90%-дан асатын ірі қала агломерациялары мен мегаполюстерінің (ГФР,Ұлыбритания) қалыптасқан аймағы.Еуропа елдері экономикасы дамуын реттеп, интеграциялануды жүзеге асыратын Еуропалық Одақ (ЕО) құрылған.
Батыс Еуропа елдерінде рыноктық,кейінірек индустриялы бағыт орын алуда.Өнеркәсіптің жетекші саласы-машина жасау,оның ішінде автомобиль(ГФР,Франция Италия),химия өнеркәсібінен плпмиасса (ГФР),синтетикалық каучук (Франция),т.б өнімдері маңызды болып табылады.Дүние жүзі аймақтарының арасында болат балқытудан Батыс Еуропа 1-орын алғанмен, соңғы жылдары металл өндірісі төмендеуде.Халықаралық рыноққа металл,машина,құрал-жабдық,химиялық өнімдер шығарады (ГФР,Франция,Ұлыбритания, т.б).Ежелден тоқыма өнеркәсіп көлемі төмендеп(Ұлыбритания Йоркшир,Ланкашир аудандары),Оңтүстік Еуропа елдерінде бұл сала өңай әрі дами түсті (Италия).
Ауыл шаруашылығы өнімдерінен сүт,ет (ГФР,Дания), астық(Франция), субтропиктік жемістер (Испания) экспортқа шығарылыды.Батыс Еуропа экономикасында “үлкен жетілікке” кіретін Франция,ГФР,Ұлыбритания және Италия жетекші орын алды.
Шығыс Еуропа бұрынғы социалисік елдерді қамтиды.Минералдық байлығы онша жеткіліксіз,соған қарамастан кей өнімдерді халықаралық рынокка шығарады.Польша мен Чехия көмір,Румыния мұнай мен газ,Сербия мен Хорватия елдері темір кенінен,Венгрия боксит өндіреді және экспорттайды.
Шығыс Еуропа халқының саны-120 млн адам, этникалық жағынан славян халықтары басым.Бұрынғы Югасловия аумағанда пайда болған тәуелсіз мемлекеттердің арасындағы ұлтаралық қатынас шиеленіс тудырыды.
Шығыс Еуропаның ұлттық шаруашылығы жоспарлық рыноктық бағытқа көшуде.Қайта құруға байланысты бұл елдердің экономикасы дағдарысқа ұшырады.Соған қарамастан ауыр өнеркәсіп жетекші орын алып, соның ішінде металлургия (Польша,Чехия)машина жасау (Чехия),мұнай химиясы (Румыния ) едәуір дамыған салалар болып табылды.
...