Зерттеу тақырыбы бойынша әдебиеттерге шолу
Автор: tokpanov1960 • Июнь 30, 2018 • Курсовая работа • 24,288 Слов (98 Страниц) • 1,268 Просмотры
КІРІСПЕ
Диссертацияда 2017-2018 жылдар аралығында Талдықорған қаласының ауа алабына көлік пен қала түзуші ірі өнеркәсіп кәсіпорындарының тигізетін әсерін зерттеу нәтижелері ұсынылған.
Тақырыптың өзектілігі. Қазіргі кезеңде еліміздің ірі және шағын қалаларында көлік санының артуы, тұралап қалған қала түзуші өнеркәсіп кәсіпорындарының қалыпты жұмыс істеуі ауа алабына көмір қышқыл газын, күкіртті, азотты қосылыстарды, басқада зыянды концерогенренді заттарды ауаға шығаруы қоршаған ортаның ластап, адам денсаулығына кері әсер ете бастады.
Талдықорған қаласында көлік санының күрт артуы, ірі қала түзуші кәсіпорындардың тұрғындардың өмір сүруінің санитарлық жағдайын күрт төмендетуіне байланысты қоршаған ортаға тигізетін кері әсерін бағалау, экологиялық қауіпті кемітудің оңтайлы жолдарын іздеу өзекті мәселенің бірі болуда.
Жүргізілген жерттеулер барысында алынған мәліметтерге сәйкес Талдықорған қаласындағы жеке тұлғаларда 18 560 астам жеке жеңіл және жүк көліктері бар. олардың небары 5 340 ғана жабық гаражда 6400 ашық автотұрақтарда тұрады.
Автомобильдендіру деңгейінің жоғары болуы (әр мың тұрғынға шаққанда 109 автомобиль) көшелдерді, үйлердің арасындағы бос кеңістік көлік біршама бөлігін алып орталық көшелерде кептеліс тудыруда. Тіпті қаланың оңтүстік-батысы мен шығысындағы жобаланған жаңа аудандардың өзі автокөлікке деген сұраныстың артуын қанағаттандырмайды.
Автокөліктер қоюға бейімделмеген көп қабатты үйлердің алдындағы ащшық алаңдардажеңіл автокөліктерді қою оларды оталдыру, қозғалтқыштарды қыздыру барысында бөлінетін зыянды қосылыстардың артуына байланысты қаланың экологиялық жағдайын күрт нашарлатады.
Жетісу, Қаратал, Жастар 5, 6, 7 мөлтек аудандарда биік көп қабатты үйлердің бір-діріне жақын салынуы ауа ағынына кедергі жасап автокөліктерден бөлінетін зыянды қосылыстарды ұстап қалдатын аумақтар түзеді.
Көліктермен қатар Талдықорған қаласының ауа алабына қорғасынды аккумуляьтор шығаратын "Қайнар АКБ" акционерлік қоғамы, "Металл конструкция зауты", "Азия электрик" кабель зауты" "Басқуат" жыу тарату жүйесі т.б. кәсіпорындар ауа алабына бірнеше жүз тонна күкірт ангидридін, азот қосылыстарын, көмір қышқыл газын, ауыр металл, күл т.б. зыяды қосылыстарды бөледі. Ол өз кезегінде адамдардың денсаулығының нашарлауына әсер етеді.
Осыған орай диссертациялық зерттеу жұмысмы Талдықорған қаласының әр түрлі бөлігінде жүргізілген бақылаудларға негізделіп бау алабының ластануына автокөліктер мен ірі қала түзуші кәсіпорындардың тигізетін әсерін анықтау және олардың кенрі әсмерін азайту жөнінде ұсыныстар енгізуімен өзекті.
Диссертация тақырыбының зерттелу деңгейі. Қалалардың ауа алабына
көлік пен өнеркәсіп кәсіпорындарының әсеріне қаптысты зерттеулер Қазақстандық ғалымдар Ө.Ж. Жолдыбаевтың [1], Н.В. Горьковтың [2], А.В. Ермиенконың [3], В.В. Запасныйдың, [4], Е.А. Шваpцтың [5], Ресей ғалымдары Н.С. Барикаеваның [6], Л.М. Акимовтың [7], И.А. Кияевтың [8] П.Л. Виноградовтың [8] Батурин В.К. [9] еңбектерінде көрніс тапқан.
Осы диссертациялық жұмыста автокөлік пен өнеркәсіп кәсіпорындарының қалалардың ауа алабының ластануына тигізетін әсері мен оның салдарына қатысты бұры жүргізілген зерттеулердің нәтижелері жинақталып жүйеленген. Олардың көпшілігі автомобиль жолдарының бойындағы шаңдар мен ауаға бөлінетін түтіннің ауа алабын ластауға тигізетін әсерін әр түрлі қырынан қарастырғаны мен өнеркәсіп кәсіпорындары қамтылмаған.
Диссертациялық жұмыстың идеясы-атмосфераның ластануы мен көліктен, өнеркәсіп кәсіпорындарынан ауаға бөлінетін зыянды қосылыстардың арасындағы байланыстарды анықтау және бағалау.
Диссертациялық жұмыстың мақсаты-теориялық және эмпирикалық зерттеулер мен арнайы приборлармен
...