Семіздік – әлем болашағына төнген қауіп, әлем статистикасына шолу
Автор: dana04 • Май 14, 2018 • Реферат • 2,306 Слов (10 Страниц) • 1,312 Просмотры
Қ.АХМЕТ ЯСАУИ АТЫНДАҒЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАЗАҚ-ТҮРІК УНИВЕРСИТЕТІ
МЕДИЦИНА ФАКУЛЬТЕТІ
ХИРУРГИЯЛЫҚ АУРУЛАР КАФЕДРАСЫ
Тақырыбы: СЕМІЗДІКТІҢ ӘР ТҮРЛІ ФОРМАЛАРЫНЫҢ ФАРМАКОТЕРАПИЯ ПРИНЦИПТЕРІ
(СӨЖ)
қабылдаған: Мырзағалиұлы Өтеп
орындаған: Сапарқұл Ж.Н.
Түркістан-2018
Жоспар:
I Кіріспе
Семіздік – әлем болашағына төнген қауіп, әлем статистикасына шолу
II Негізгі бөлім
2.1 Семіздіктің алдын-алуға бағытталған профилактикалық іс-шаралар, семіздіктің алдын алуға бағытталған заманауи медицинадағы әдіс – тәсілдер
2.2 Семіздікті емдеуде қолданылатын дәрілер, және олардың жіктемесі
2.3 Семіздікте қолданылатын дәрілердің фармакологиялық әсеріне жүйелі шолу
III Қорытынды
IV Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
I Кіріспе
Семіздік – әлем болашағына төнген қауіп, әлем статистикасына шолу.
Тақырыптың маңыздылығы:
1975 жылы әлемде семіздіңтен зардап шеккендер саны 2 есе артты. 2016 жылы 1.3 млрд ересек 18 жастан асқан азаматтар артық салмақтан зардап шегуде. Осының 650 млн семіздікке ұшыраған. 2016 жылы 39 пайыз ересек 18 жастан асқан артық салмақтан зардап шексе, 13 пайызы семіздікке душар болған. 2016 жылы 41 млн 5 жасқа дейінгі бала артық салмақтан зардап шегуде. 2016 жылы 340 млн 5-19 жастағы балалар зардап шегуде. (1) Семіздік – бұл аномальді және артық майлардың жиналуы. Семіздіктің ең басты себебі энергетикалық дисбаланс, тамақ арқылы алынған колорияның организмге керекті энергетикалық қорынан басым түсуі. Семіздікке келесідей себептер әсер етеді:
- Жоғары майлы және энергетикалық тығыздығы мол тағамдарды пайдалану
- Урбанизация мен ғылыми-техникалық прогресстен пайда болған гиподинамия
- Тұқымқуалаушылық
Семіздікке әкелетін келесі бір себептерге – бей инфекциялық аурулар: жүрек-қан тамыр жүйесінің ауруларың, тірек-қимыл жүйесінің аурулары, кейбір онкологиялық аурулар. Енді осы семіздікке ұшраған науқастардың Қазақстандағы статистикасына зер салсақ: Қазақстандық азаматтардың жартысынан астамы артық салмақтан зардап шегуде, 23,5 % семіздіктен зардап шексе, 11,5 % қант диабетіне шалдыққан, 20 % тұрғын гиподинамия, яғни жұмыс шарттарымен тым аз қимылдайды. (2) Жоғарыда көрсетілген мәліметтерден шығатын қорытынды: семіздікке себеп нашар экология, рациональды емес тағамтану режимі, аз қимылдау. Бұл тек ұлтымыздың басына төнген нәубет емес, сондай ақ Жер шарына төнген үлкен қатер.
Семіздік емдеуге байланысты осы кезге дейінгі шешілген мәселер: Бүкіләлемдік денсаулық сақтау ассамблеясында БДҰ – қоғамдық стратегиясы тағамтану, физикалық белсенділік, денсаулыққа байланысты профилактикалық іс – шаралары көрсетілен. 2011 жылы қыркүйекте БДҰ Генералдық ассамблеясының отырысында бейинфекциялық аурулардың профилактикасында басты назарды рационалды тағамтану мен физикалық белсенділікке арнаған. БДҰ 2013-2020 жылына арналған семіздікпен артық салмаққа қарсы стратегия жоспарын құрды. 2016 жылы Бүкіләлемдік Денсаулық сақтау Ассамблеясы балалар семіздігінің алдын алуға бағытталған декларация қабылдады. Замануи медицинада семіздікті емдеуде – аноректиктерді қолдану кең өріс алған. Ресей дәрігерлерінің бірауыздан мақұлдауы бойынша ең минимальді жағымсыз әсерлі – сибутрамин (меридиа) кең қолданысқа ие. (1)
-1-
Семіздікті емдеуде қолданылатын дәрілер төңірегінде шешімін таппаған күрделі
мәселелердің бірі – аноректиктердің жағымсыз әсерлері болып табылады. Семіздіктің формасын байланысты дұрыс дәрлік препаратты тағайындау бүгінгі күннің басты проблемасы.
Семіздіктің келесі түрлерін ажыратады:
- Біріншілік немесе алиментарлы-конституциональді (генетикалық факторлар)
- Екіншілік немесе гипоталамустық семіздік (гипоталамустағы әр түрлі өзгерістер)
- Эндокриндік семіздік (гипотиреоз, гипогонадизм, Иценко-Кушинг) (3)
Артық салмақтың мөлшеріне қарай семіздіктің келесі түрлерін ажыратамыз:
1 саты – қалыпты дене массасынан 20-29% артық
2 саты- қалыпты дене массасынан 30-49 % артық
3 саты- қалыпты дене массасынан 50-99 % артық
...