Әдебиет
Автор: Акжунис Маликова • Декабрь 14, 2023 • Эссе • 257 Слов (2 Страниц) • 168 Просмотры
Барлық өнер атаулының ішіндегі ең бір қадірлі де қасиеттісі-көркем әдебиет.Әдебиет-сөз өнері, ол тек адамға өмірді танытып қана қоймай, солардың өмірге деген көзқарасын қалыптастырып, мінез-құлқына, тұрмыс-тіршілігіне ықпал етеді.Әрине, осы орайда ол қалай және қаншалықты ықпал етеді деген сұрақ туындауы мүмкін.Өздеріңіз білетіндей қоғамдық өмірде әдебиеттің қозғамайтын мәселесі, назар аудармайтын жағдайлары аз-ақ, тіпті жоқтың қасы десекте артық айтпаған болармыз. Алайда әдебиет ең алдымен адам баласының тұтас тұлғалы бейнесін көрсететін болғандықтан, қоғамдық өмірдегі қандай мәселеге болмасын эстетикалық қатынас тұрғысынан қарай отырып, оны көркем шығармадағы көрсетілетін нақтылы өмірлік жағдайларға орай бейнелейді және суреттейді. Кез-келген көркем шығармаларда өмір құбылысы, оның әр түрлі ерекшеліктері тұтасынан көрсетілсе де, ненің маңызды, ненің мәнді екені айқын ажыратылып, дәл танылады. Сонымен қатар, уақиғалар, адам бейнесі әдебиетте нақтылы суреттеледі, яғни бұл дегеніміз оқырмандарға өмірдің өзін анық көріп отырғандай әсер бере отырып, ой-сананың күшті ықпал етуіне мүмкіндік береді. Көркем әдебиет – арнасы кең, көп салалы өнер. Әдебиет туындыларының құрылыс-қалпы, мағыналық сыйымдылығы, көркемдік сипат-белгілері әр алуан бола береді. Сондықтан әдеби шығармалардың жүйесін тауып жіктеп-топтауға, түр-түрге бөлуге үлкен мән беріледі. Көркем шығармаларды тегіне қарай және бітімі тұлғасы, өмірді бейнелеу өзгешелігі жағынан жіктеп-ажыратып бөлу негізінде жанр деген ұғым қалыптасқан.
Әдебиеттану ғылымындағы ең өзекті әрі тартысты мәселелердің бірі-жанр мәселесі. Әдебиет дамуының әр түрлі кезеңдеріндегі жанрлардың өзіндік сипаты, жанрлардың өзгеру, бірігу, жіктелу заңдылықтары, жанрлар жүйесінің қызметі, әр қилы жанрлық түрлердің поэтикасы, жанрлар типологиясы ертеден-ақ ғалымдардың назарына ілігіп, көптеген зерттеулердің нысанына айналды. Осыған орай белгілі ғалым Р.Нұрғали: «Жанрды — әдебиеттің тегі, әдебиеттегі түрлер, оның табиғатын танып, даму барысын пайымдауда бүгін әр түрлі ағым, әр түрлі мектеп өз тұжырымын ұсынады» [1, 189], — деп жазады.
...