Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Әдебиет тарихы

Автор:   •  Сентябрь 29, 2021  •  Лекция  •  1,200 Слов (5 Страниц)  •  416 Просмотры

Страница 1 из 5

КІРІСПЕ ДӘРІС ТЕЗИСІ

Әдебиет тарихы - әдебиеттану ғылымының құрамдас, негізгі бір бөлімі. Қазақ елінің тарихы қазіргі түркі тілдес халықтардың қоғамдық, әлеуметтік және рухани өмірімен, тұрмыс-тіршілігімен қадым замандардан бері өзара тығыз байланысты.

Бүкіл түркі тілді халықтарға ортақ әдебиет (ҮІ-ХҮ ғасырлар). Ежелгі түркі тілді әдебиет - бертін келе қазақ халқының этникалық құрамына енген тайпалардың көне дәуірдегі әдебиеті, олардың ежелгі түркі ру-ұлыстарымен бірге жасаған көркем сөз өнері.

Түркі тілді халықтарға ортақ әдебиеттің көп ғасырлық тарихын негізінен үш кезеңге бөліп қарастыру қажеттігі.

Бірінші, ҮІ-ІХ ғасырлардағы көне түркі әдебиетінің ескерткіштері (”Күлтегін”, “Білге қаған”, “Тоныкөк” жырлары, “Қорқыт ата кітабы”, “Оғыз- наме”, Әбу Насыр әл-Фарабидың әдеби мұралары).

Екінші, Х-ХІІ ғасырлардағы әдебиет (Махмұд Қашғари. “Диуани лұғат ат-түрік”; Жүсіп Баласағұн. “Құтадғу біліг”; Ахмед Иүгінеки. “Хибатул-хақайық”;  Ахмет Яссауи. “Диуани хикмат”;  Сүлеймен Бақырғани. “Бақырғани кітабы”).

Үшінші,  ХІІІ-ХҮ ғғ, яғни Алтын Орда дәуіріндегі әдебиет (Рабғузи. “Рабғузи қиссалары”; “Кодекс Куманикус”; Хорезми. “Мухаббат-наме”; Құтб. “Хұсрау- Шырын”; Сайф Сарай. “Гулистан бит-турки”; Дүрбек. “Жүсіп-Зылиха”; Әбілғазы. “Шежіре-и түрік”; Кадырғали Жалайыри. “Жамиғ-ат тауарих”; Хайдар Дулати “Тарих-и-Рашиди”; Бабыр. “ Бабыр-наме”).

Белгілі ғалым Бейсенбай Кенжебаев қазақ әдебиетінің тарихын төмендегідей кезеңдерге бөліп, жүйелейді:

  1. Ежелгі әдебиет, бұл ҮІ-ХҮ ғасырлар арасын қамтиды. Ерте түрік

ру-тайпаларымен бірге жасалған ортақ әдебиет.

  1. Қазақ хандығы дәуіріндегі (ХҮ-ХҮІІІ ғасырлар арасы) әдебиет.

Қазақтың өзіндік төл әдебиеті.

3. Қазақтың ХІХ ғасырдағы жаңа, сыншыл, реалистік әдебиеті.

4. Қазақтың ХХ ғасыр басындағы (1900-1920 жылдардағы) әдебиеті.

5. Қазақ халқының Қазақ төңкерісінен кейінгі әдебиеті.

Әдебиеттанушы ғалым Мырзатай Жолдасбеков қазақ әдебиетінің тарихын былайша жүйелейді:

  1. Ежелгі әдебиет, яғни түркі тектес халықтарға ортақ әдебиет – ҮІІ-

ХІҮ ғасырлар арасы. Бұл дәуірдің өзін бірнеше кезеңдерге бөледі:

а) түркі ру-тайпаларының әдебиеті – ҮІІ-ІХ ғғ.

ә) ислам дәуірінің әдебиеті – Х-ХІІ ғғ.

б) Алтын Орда – Қыпшақ дәуірінің әдебиеті – ХІІІ-ХІҮ ғғ.

        2. Қазақ хандығы дәуіріндегі әдебиет – ХҮ-ХҮІІ ғғ.

        3. ХҮІІІ-ХІХ ғасырлардағы қазақ әдебиеті.

        4. ХХ ғасырдың басындағы қазақ әдебиеті.

        5. Қазақ Кеңес әдебиеті.

Ғалым Алма Қыраубаева түркі әдебиетін төмендегідей дәуірлерге бөліп қарастырады:

  1. Заманымыздан бұрынғы жазу-сызулар, аңыз-жырлар (сақ, ғұн, үйсін дәуірі б.з.д. ҮІІ ғ. – б.з. ІҮ ғ.)
  2. Түркі қағанаты дәуіріндегі әдебиет (Ү-ҮІІІ ғғ.)
  3. Оғыз дәуіріндегі әдебиет (ІХ-Х ҒҒ.)
  4. Ислам дәуіріндегі әдебиет (Х-ХІІ ғғ.)

а) Сыр бойы әдебиеті

ә) Қарахан әдебиеті

        5. Алтын Орда дәуіріндегі әдебиет (ХІІІ-ХІҮ ғғ.)

ЕЖЕЛГІ ТҮРКІ ӘДЕБИЕТІ (ҮІ-ІХ ғасырлар)

Алғашқы қауымдық құрылыс дәуіріндегі қазіргі Қазақстан мен Орта Азияны, Алтай өңірін мекен еткен ру-тайпалар, ұлыстар туралы тарихи деректер.

Біздің жыл санауымызға дейінгі екінші ғасырда “Ұлы Жібек жолының” ашылуы. Сол кездегі Қытай, Үндістан, Греция, Иран, Сирия, Месопотомия, Вавилон, Мысыр, т.б. елдермен сауда, мәдени, рухани байланыстар.

Сақтардың тайпалық бірлестіктері, аландар мен ғұңдар.

Есік қаласы маңынан табылған сақ көсемінің - “алтын адамның” киіміндегі зергерлік өрнектердің, сақтардың “Алтын обасынан” (Оңтүстік Казақстан) шыққан әшекей-сәндік бұйымдардың, Таңбалытас, Саймалташ жартастарына ойып салынған орасан үлкен суреттердің, т.б. ғылыми мәні.

...

Скачать:   txt (16.9 Kb)   pdf (110 Kb)   docx (14.4 Kb)  
Продолжить читать еще 4 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club