Әдеби тектер
Автор: Murattynqyzy1999 • Октябрь 1, 2020 • Курс лекций • 6,949 Слов (28 Страниц) • 692 Просмотры
Дәрістердің модульдік мазмұны
Бұл пән 2 модульден тұрады
1 Модуль. Әдеби тектер
1-апта. Әдебиеттің текке бөлінуі
Көркемсөз туындыларының ерте кезден тек деп аталатын ірі үш топ бөлінетіндігі. Эпос,драма және лирика. Сократ, Платон пайымдары. Лирикада (дифирамба) ақын өз атынан сөйлеуі және шығарманы кейіпкерлердің пікір алмасуына құруы. Ақын сөздерінің кейіпкерлер сөзіне араласпауы трагедия мен комедияға тән болуы жөніндегі, өз сөзін кейіпкерлер сөзімен біріктіруі әрі арасында өз атынан сөйлеуі эпосқа тән екендігі жөніндегі Сократ пайымдары (Платонның «Мемлекет» деген еңбегінде). Аристотельдің «Поэтика» еңбегіндегі пайымдарының осыған ұқсастығы. Гомердің өз атынан сөйлеуі. Қайта Өрлеу дәуірінде Аристотель триадасы нақтылануы. Қазір сөз өнерінің тектері сөйлеушілердің қарым-қатынасы типі сипатында қарастырылатындығы. XIXғ. Алдымен романтизм эстетикасында үш тектің көркемсөз формасы емес, философиялық категория мәніндегі көркем мазмұн сипатында қарастырылғандығы. Сондықтан олардың поэтикадан алшақ болғандығы. Шеллинг, Гегель пайымдары. Гегельше, эпикалық поэзия-объективті, лирика –субъективті. Белинский еңбегі. XXғ. тектер психология, лингвистика құбылыстарымен, уақыт категориясымен сәйкестіріле бастауы.( лингвист әрі психолог К. Бюлер пікірі: тіл актілерінің 3 аспектісі: репрезентация (хабарлау), экспрессия, аппеляция). Эпика және эпикалық, лиризм, драматизм туралы тұжырымдар. Эпикалық: «Соғыс және бейбітшілік», «Борис Годунов» драмасы, Блок лирикасы. Драматизм және лиризм: «Анна Каренина», Цветаева өлеңдері, лиризм Тургенов «Дворян ұясы», Чехов пьесасы, Бунин повестері. Э. Штайгер «Основные понятия поэтики» деген еңбегінде эпикалық, драмалық, лирикалықты(түсінік, естелік, ширығыс ұғымдарымен байланыстыруы) стильмен байланыстыруы. Әдеби тек – көп жағдайда жинақтаушы және адам өмірінің негізгі формаларын бейнелеудің әралуан тәсілдеріне негізделген әдебиеттің қалыптасқан тарихи жіктелуі. Демек, Аристотель әдебиетті текке бөлудің негізі ретінде шындықты суреттеудің тәсілін қарастырады, эпос – оқиға туралы өз атыңнан айтылған әңгіме, баяндау, лирика – өз-өзіңмен сырласу, драма – суреттелген қаһармандардың іс-әрекеті, Гегель негіз ретінде бейнелеу пәнін қарастырды: эпос – оқиға, лирика – көңіл-күй жағдайы, драма – әрекет. Қазіргі әдебиеттанудағы белгілі теоретиктердің тек туралы концепцияларын атап өту қажет. Тимофеев текті композициялық ерекшеліктеріне қарай ажыратады. Тимофеев жанрды тек деп түсіндіреді, ал жанрлық формаларды вид деп атайды. Ол үш түрлі тек (жанр) бар деп: 1. лиро-эпикалық жанр.2. көркем-тарихи жанр.3. сатира. Эльсберг те сатираны өзінше текке жатқызады. Поспелов үшке бөледі. н.А. Гуляев эпостағы адам мен қоғам қарым-қатынасын, драмадағы характерлер қақтығысын, лирикадағы жеке адамның көңіл-күйінің көрсетілуіне қарай, адам мен өмір шындығы қарам-қатынасының типтері бойынша жіктейді. Хализевше, тек дегеніміз – әдеби шығарманың тілдік құрылымының типі. Лирикада тілдік экспрессия, драмада апелляция, эпоста баяндау доминант болып табылады.
Әдебиеттегі әрбір тек өзіндік ерекшелікке ие: көркем шығарманың уақыт пен кеңістік тұрғысынан құрылымы, оларда адам іс-әрекетінің қатыстырылуы, автордың қарым-қатынасы, мәтіннің оқырманға қатысты сипаттары. М.Н. Эпштейннің де пікірі Хализевке жақын деуге болады. (Джуанышбеков. Теория литературы. 95-бет) Мәселен, Днепров сияқты ғалымдар романды әдеби тек деп санайды. Б.В. Томашевский «Поэтика литературы» (М,1989) деген еңбегінде композиция құраушы тәсілді доминант (басты) ретінде қарастырады. Доминанттар жиынтығы – жанрдың құрылуының айқындау сәті деп санайды. Бұл да үшке бөледі: 3-шісі баяндау жанрлары.
Сондықтан қазіргі әдебиеттануда жанр текке бөлудің 2 принципі бар. Кейбірі екі принципті де араластырады. Л. И. Тимофеев Аристотельге жуық, Г.Н. Поспелов Гуляев, Хализев Гегельге, Белинскийге жақын. Қысқасы, үш тек бар екенін түсініу керек. Текаралық формалар( лиро-эпикалық, лиро-драмалық) тек болып есептелмейді. Тектен тыс (дәстүрлі емес) формалар – очерк, эссеистика, әдебиеттегі «сана ағыны». Әр тектің өзіне тән доминанты, мысалы: субъективті-эмоциональдық толғаныс лирика тегіне тән доминант, эпос тегіне тән доминант оқиға туралы баяндау, драма тегіне тән доминант оқиғалардың диалогта бейнеленуі.-1сағат.
...