Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

ХХ ғасырдың басындағы алаш басылымдарындағы әдеби – сын мәселелері

Автор:   •  Декабрь 8, 2021  •  Реферат  •  2,350 Слов (10 Страниц)  •  669 Просмотры

Страница 1 из 10

           әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті

          Филология және әлем тілдері факультеті

        Қазақ  әдебиеті және әдебиет теориясы кафедрасы

[pic 1]

          СӨЖ

 Тақырыбы:  ХХ ғасырдың басындағы алаш басылымдарындағы әдеби – сын мәселелері

                                             

                                                              Орындаған: Өтегенова Елдана

                                                                        Тобы: ҚТӘ-302

                                                                        Тексерген: Шортанбаев Шохан

                                                       

                                                    Алматы, 2021

      Қазақ әдебиетінің тарихында ХХ ғасырдың басында артындағы ұрпаққа өзінің ізін қалдырып кеткен Алаш арыстарының еңбектері елеулі орын атқарады. Олар қазақ елінің сан ғасырлық даму барысын, салт-дәстүрін төңкеріспен шешуді қолдамай, керісінше оларды өркениетті елдердің өмір тәжірибесін ескере отырып, одан әрі дамытуды, білім алып, көппен терезесін теңестіруін көздеді. Ең бірінші қазақтың өз атамекеніне ие болуын мақсат етіп, сол жолда аянбай күресті.

                                            Алаш туы астында

                                            Куә болсын арымыз

                                            Көркейтуге Алашты

                                            Құрбандық біздің жанымыз, -

  деп Сұлтанмахмұт Торайғыров жырлағандай Алаш арыстары елге көп қызмет етті. Соның бірі сол дәуірдің басында жарыққа шыққан алғашқы қазақ басылымдары. Бұлар қараңғы халықты біліммен сусындатып, елді пайдалы іліммен, жаңалықтармен құлақтандырып отырды.

         Ең алғаш жарыққа шыққан «Қазақ» газеті Алашты танытқан ұлттық энциклопедиямыз. Ахмет Байтұрсыновтың тікелей бастамасымен, қоғамдық – саяси және рухани қажеттіліктен туған бұл басылым бірден қазақтың «көзі, құлағы һәм тіліне» айналып, жалпыұлттық деңгейге көтерілді. Газет бетінде қазақ халқының жан жарасына айналған өзекті мәселелер – жер, дін, кәсіп, саясат, оқу – білім т.б. көтерілді. Бұған бүгінгі күнде біздің көзіміз анық жетіп отыр. «Қазақ» газеті халыққа 1918 жылға дейін қызмет етті. «Қазақпен» бірге «Айқап» журналы да 1912 жылы қазақ халқының құбыласы болды. Ал бертін келе, сол жылдары қазақ баспасөзі молая түсті. «Сарыарқа», «Жас азамат», «Бірлік туы», «Ақ жол», «Тәжі», «Жас қайрат», «Ұшқын», «Кeдей сөзi», «Бoстaндық туы», «Қaзaқ тiлi», «Жaңa дауыс», «Кeдей eркі», «Қызыл тy» газеттері, «Абай», «Шолпан», «Сана», «Таң»  журналдары жарық көріп, қай – қайссы да аумалы – төкпелі тарихи кезеңдегі қазақ халқының тұрмыс – тіршілігінен, әлеуметтік ахуалынан елді хабардар етеді.

         Мен өз жұмысымда Жүсіпбек Аймауытовтың басылым беттерінде жарық көрген әдеби – сын мақалаларына тоқталғым келіп отыр. Алдымен, Жүсіпбек Аймауытовтың ұлттық сөз өнеріне қосқан әдеби мұралары мен зерттеу еңбектеріне көз жүгіртсек. Аймауытов еңбектерінің барлық қырында өзінің адалдығын көрсетіп,  сын мен сыншыға өзінің талаптарын қойып, аса бір  жауапкершілікпен мән берген. Жүсіпбектің шығармашылығының бір саласын әдеби сын еңбектері құрайды. «Абайдың өнері һәм қызметі», «Абайдан соңғы ақындар», Мағжанның мұра - мирастары «Мағжанның ақындығы туралы», театр табиғаты мен тағылымдары «Қалыбек әртіс», «Сауық кеші», «Театр кітабы туралы», сөз өнерінің сырлары, «Әдебиет мәселесі», «Көркем әдебиетті саралау», «Әдебиет мұралары», әдеби мұра мен оны зерттеудің түйінді тұстары «С.Торайғырұлының сөздерін жинау науқанына ат салысыңыздар», «С.Торайғырұлының жиналған сөздері» және т.б. әдеби сын еңбектерінде сол дәуірдің басты мәселелері, жазушының даралық сипаты мен көркемдік ерекшеліктері айрықша танылады.

...

Скачать:   txt (22.4 Kb)   pdf (347.1 Kb)   docx (269.4 Kb)  
Продолжить читать еще 9 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club