Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Чуваш әдеби тілі

Автор:   •  Май 3, 2020  •  Творческая работа  •  945 Слов (4 Страниц)  •  610 Просмотры

Страница 1 из 4

Чуваш  әдеби тілі

1.Чуваш тілінің тарихы мен зерттеулер.

2. Чуваш жазуының тарихи кезеңдері мен чуваш тілінің ерекшелігі.

3. Чуваш тілінің тарихи жағдайы (хронологиясы).

1.Чуваш тілінің жазуы мен әдебиетінің тарихы да сан қилы. Бір жылдары чуваш тілі жақсы дамып келе жатса, басқа жылы ресми мемлекетінде ана тілі болып саналатын чуваш тілінің мәртебесі орыс  тілінен гөрі төмен болады. Ал енді нақты деректерге көшсек.

Қазіргі таңда чуваштардың ұлттық тілі тілі – чуваш тілі. Өз тілдерінде « чваш члхи», «чвашла»  деп өз тілдерін атайды екен. 2010 жылы өткізілген статистика сүйінетін болса сөйлеушілер саны 1,15 млн адамға жуық, осыдан бұрын 2002 жылғы санақта этникалық чуваштардың саны 1 млн 637 мың адам болатын, шамамен, оның 55%- ы Чуваш Республикасында тұрады. Тағы да айта кететін жайт Чуваш Республикасында чуваш тілі мен қатар орыс тілі де енгізілген. Ұлттық тілдері чуваш тілі болғанымен, ресми іс-қағаздары орыс тілінде жүргізіледі.

Чуваш тілін лингвистикалық зерттеу XVIII ғасырда басталған, 1769 жылы тұңғыш грамматика жарық көреді .Чуваш тілін ғылыми-зерттеу негізін Н.И. Ашмарин (XIX ғасырдың аяғы – XX ғасырдың басы) қалаған; оны зерттеуге И.А. Андреев, В.Г. Егоров, Й.Бенцинг жəне басқа да зерттеушілер маңызды үлес қосқан. Н.И.Егоров зерттей келе, чуваш тілі мен бұлғар тілінің қатысымы мен тілдегі диалектілерді зерттеп, чуваш тілі глатогенезін  үш құрамдас бөлігін көрсеткен. Олар:

1)орта бұлғар тілі – негіз (орта қыпшақ кірме сөздерінің біршама бөлігін сіңірген, сонымен қатар моңғол, парсы, арабтан шыққан лексиканы да);

 2) таулы марий субстраты (негізінен, жоғары диалектіде);

 3) чуваш тілінің құрылымдық деңгейінің түрлі дəрежесі көрінетін қазан-татар жəне мишар тілдерінің тарапынан зор қарым-қатынас əсері

Чуваш тілі басқа түрік тілінің диалект сөздерінен де тұрады. Мысалы: пӗрене – «бревно», кӗрепле – «грабли», (конституци, географи. Чуваш тілінде көбінесе орыс тілінен сөздер енген және де чуваш тілінің терминқорында да орыс тілінен енген терминдер аз емес. Бұлғар-чуваш тарихындағы ислам дəуірімен (X-XIV ғасырлар) байланысты лексикасында, əсіресе көне чуваш тілінде жəне жалқы есімдерде араб-парсы сөздері бар. Бірақ қазіргі чуваш тілінде (əсіресе ауызекі сөйлеу тілінде) бұндай сөздер көп кездеспейді, сөздіктерде жəне əдеби тілде ғана қолданылады.

Көптеген ғалымдар чуваш тілін өте көне тілдердің бірі жəне басқа түркі тілдерінен оның ерекшелігі чуваштардың ата-бабалары түркі əлемінен ерте ажырағандығында деп түсіндіреді. Тек соңыра халық өзінің тілі мен мəдениетімен этнос ретінде қалыптасқан соң, ол қайтадан тарихи кезеңдерде түріктермен тығыз қарым-қатынасқа түсе бастайды.

Чуваш тілінің түркі әлемімен ажырауы жайлы ғалым Б.А.Серебренников «...қазіргі чуваштардың түркітілді ата-бабалары Еуропа территориясына барған алғашқы түркі тайпалары болды, соңында Еділдің төменгі ағысындағы түркі тілді қауым екі тілге: бұлғар жəне хазар тілдеріне ыдырады» - деген. Ал В.Дыбо сөздер жиынтығын зерттеу жəне лексико-статистикалық мəліметтер негізінде түрік тілдері генеалогиялық тармақтарының салыстырмалы хронологиясын айқындау арқылы, ежелгі түрік тілінің ыдырауы, əдетте, бұлғар тобының бөлімі ретінде сипатталатын чуваш тілінің бөлінуінен бастау алатынын дəлелдеді. «Чуваш тілі түрік тілдеріне тəн кейбір жалпы сипаттамаларға сай келмейді, дегенмен оны кейбір ғалымдар түрік немесе моңғол тілдері секілді, алтай тобының жеке тармағына жатқызады, ал чуваш тілін түрік тілдері тобына қосу – тілдерді жүйелеу мақсатымен ымыраға келуден туған шешім»- деген итальяндық тарихшы жəне филолог Игор де Ракевиц. Ол чуваш тілі басқа түрік тілдерінен айырмашылығы көп, ал халадж тілімен ұқсастықтары бар деп те өз тұжырымын айтқан.

...

Скачать:   txt (12.7 Kb)   pdf (164.4 Kb)   docx (15.4 Kb)  
Продолжить читать еще 3 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club