ХХ ғасырдың бірінші жартысындағы қазақ әдеби тілі
Автор: AraiAdai • Июнь 17, 2021 • Реферат • 6,311 Слов (26 Страниц) • 690 Просмотры
ХХ ғасырдың бірінші жартысындағы қазақ әдеби тілі
Жоспары:
Кіріспе
Негізгі бөлім.
1.ХХ ғасыр бірінші жартысындағы қазақ ǝдеби тілінің фонетикалық ерекшеліктері
2.Қазақ ǝдеби тілінің лексикалық ерекшеліктері
3.ХХ ғасыр бірінші жартысындағы қазақ ǝдеби тілінің грамматикалық ерекшеліктері
Қорытынды
Кіріспе
Өздерінің фонетикалық құрылымының сондай-ақ морфология, синтаксис және лексика жүйесінің дамуы жағынан ХХ ғасырдың басындағы баспасөз және кейбір әдебиеттер тілінің, көркем әдебиет тілінің бір-бірімен соншалықты оқшау тұрған айырмашылығы байқалмайды. Әрине, бұл екі тілдің (көркем әдебиет пен баспасөз) бір-бірінен ешқандай өзгешелігі жоқ деп үзілді-кесілді айтуға болмайды. Мысалы, ХХ ғасырдың басындағы саяси -әлеуметтік оянуға, ғылыми және мәдени дамуға, әсіресе орыс тілінің әсеріне байланысты енді-енді көріне бастаған әр түрлі жаңа атаулар, терминдік ыңғайдағы соны ұғымдар, сөз мағынасының жаңаруы осы дәуірдегі көркем әдебиет тілінен гөрі баспасөз және кейбір әдебиеттер тілінде біршама айқынырақ сезіледі.
ХХ ғасыр басындағы қазақ әдеби тілінің әсіресе оның лексика жүйесінің қалыптасу процесін сөз еткенде «Айқап» журналын ерекше атау керек. Өйткені әдеби тілді дамытуда осы кездегі басқа барлық жазба нұсқалардың ішінде «Айқап» журналының ролі айрықша болды. Онда неше ғасырлар бойы мешеулік халде өмір сүрген қазақ халқын теңдікке ғылымға, мәдениетке тарту керектігі жиі сөз етіледі. Онда оқу, ағарту жұмыстарын өрістету, отырықшылыққа көшіп, егіншілікпен айналысу, қала салу, әйелге теңдік әперу туралы да проблемалық мәселелер жиі қойылып отырылды. Тарих, этнография, археология, география пәндеріне қатысты ғылымдық болжаулар, ғылымның басқа салалары жайында материалдар осы «Айқапта» басылды.
Шын мәніндегі көркем проза стилінің, публицистикалық стилдің, ресми кеңсе стилінің, өзіндік тіл сипаты осы ХХ ғасыр басындағы мерзімді баспасөзде, әсіресе, «Айқапта» жан-жақты жетіле түсті. Тіпті ғылыми стилдің алғашқы ізі көбінесе «Айқаптан» басталды.
1907-жылы А.Жандыбаевтың қара сөз түрiнде жазылған «Жас ғұмырым якi жастықта ғафләт» атты кiтапшасы жарияланды. Шығарма мазмұны негiзiнен үлгi-насихатқа құрылған. Мұнда молдадан оқыған жастардың еңбегiнiң ештiгi, уақытының зая кеткендiгi баяндалады. Осы кiтапшамен мазмұндас тағы бiр проза үлгiсi 1991 жылы Орынбор қаласында жарыққа шықты. Ол Мұхамедораз Нұрбаевтың «Көргендi бала, үлгiлi ана» деп аталатын кiтапшасы. Бұл кiтапшада жас ұрпақты тәрбиелеу мәселесi сөз болады. Жас ұрпақты тәрбиелеу мәселесi сөз болады. Жас ұрпақтың санасына адамгершiлiк қасиет егетiн негiзгi тәрбиенi-ана деген қорытынды ұсынады. Ана ролiн айта отырып, оқуға, өнерге ұмтылуды, ғылымға талпынуды мәслихат етедi.
«Көргендi бала, үлгiлi анадан» былайғы жерде прозалық шығармалар қазақ әдебиетiнде жиiлей түстi. 1912 жылы Семейде Тайыр Жомартбаевтың «Қыз көрелiк» романы басылды. XIX ғасырдың басында 1913 жылы Спандияр Көбеевтiң «Қалың мал», 1914 жылы Сұлтанмахмут Торайғыровтың «Қамар сұлу» романы, 1915 жылы Б.Майлиннiң «Шұғаның белгiсi» атты повесi және ондаған қысқа әңгiмелер де басылды. Бұл ретте әсiресе, С.Торайғыровтың «Қамар сұлуы» мен Б.Майлиннiң «Шұғаның белгiсiн»… көркемдiк стилi мен копозициясы, суреттемелерi мен диалогтерi, характер тартысы мен образдың даралану жағынан алғанда… жеке дара тұр деуге болады.
Көркем әдебиеттiң әдетте кейiпкер тiлi, авторлық баяндау, пейзаж, партрет, сюжет, суретлеу, ортақ тол сөз тәрiздi бiрнеше компоненттен тұратыны мәлiм. «Жас ғұмырым яки жастықта ғафләт», «Капитан қызының» аудармасы мен «Көргендi бала, ұлгiлi ана», «Қыз көрерлiк» пен «Қалың мал», «Қамар сұлу», мен «Шұғаның белгiсi» сияқты әр кезде қадау-қадау болып көрiнген бұл шығармалар көркем әдебиеттiң жоғарыдағы тәрiздi әр түрлi компоненттерiн Жан-жақты дамытып, жетiлдiре түстi. Көркем проза тiлiн шын мәнiде алғаш осы шығармалар қалыптастыра бастады. Автор ендi әрбiр сөздi белгiлi бiр көркемдiк функция атқаруға ыңғайлап қолданатын болды. Жеке лексемалардың әуелгi тура мағынасы көркемдiк тұрғыда бiртендеп дами түстi, көптеген сөздердiң лексикалық мағынасы жазушының творчестволық қабылетiне, шеберлiгiне қарай әртүрлi эстетикалық, экспрессивтiк оң алып, көркемдiк аясы, стильдiк мүмкiндiгi арта түстi, сөздердiң бiр-бiрiмен көркемдiк байланыста тұруы жиiлендi. Осы бiр алғашқы проза үлгiлерiнде, сирек болса да, тартымды картиналар, шебер суреттеулер кездеседi. Бұларда және сөздердiң метафоралық ыңғайда, бiр-бiрiмен стильдiк, синонимдiк қарым-қатынаста жұмсалуы да, неше алуан жалпы тiл құралдарының,бейнелеу тәсiлдерiнiң қолданылуы да-бәрi де сол образ жасау принципiне, көркем проза алдындағы мiндетке, оның ерекшелiгiне бағындырылған. Мiне, көркем проза тiлiнiң қалыптаса бастауын көрсететiн осы тәрiздi жеке факторлар жоғарыда айтылған шығармалардың бiрiнде аз, екiншiсiнде көп, ендi бiрiнде ара-тура ұшырасады.
...