Девианттылықты анықтау
Автор: Gulbarshyn02 • Февраль 28, 2020 • Реферат • 418 Слов (2 Страниц) • 779 Просмотры
Девианттылық – белгілі бір қоғамның наразылығын тудыратын не тіпті жазалауға әкеп соқтыратын,нормаға қарсы іс-әрекет.
Қылмыс – заң тұрғысынан жазалауға жататын, қоғамға жат әрекет.
Девианттылықты анықтау
Адамдар мәдени қалыпты әртүрлі себептермен жане әртүрлі жолмен бұзуы мүмкін. Сіздің «шектен шығуыңызға» басқалардың қалай жауап беруі әдетте бұзылған ереженің салмағына байланысты. Егер сіз шіркеуге алжапқыш тағып, жаман киіммен барсаңыз я әрдайым құмыраға отырғызылған пальманы көтеріп жүрсеңіз, әдеттегі мінез-құлық ережелерін бүзасыз. Дегенмен бұған көп алам назар аудара қоймас, себебі сіз жеңіл-желпі ережелерге ғана қайшы келіп тұрсыз. Әлеуметтанушылар норманы өрескел бұзагын, қоғамның төзімінің шегінен асып кететін әрі белгілі бір формада жазалауға әкеп соқты- ратын әрекеттерді девианттылық деп атайды. Басқаша айтсақ, де- вианттылық- белгілі бір қоғамның наразылығын тудыратын не тіпті жазалауға әкеп соқтыратын, нормаға қайшы келетін іс-әрекет.
Девианттылықты басқалардың реакциясына қарай анықтай отырып, әлеуметтанушылар табиғатынан толықтай девиантты әрекеттің болмайтынын айтады. Бір әрекет біреулерге ереже бұзушылық болуы мүмкін, ал басқаларға мүлдем олай көрінбейді. Соғыс кезінде, полиция қызметінде немесе өзін-өзі қорғауда басқа адамды өмірінен айыру заң бұзушылық деп есептелмейді. Белгілі бір әрекет девианттылыққа жата ма, жоқ па - ол көбіне тарихи жағдайға, оқиға болған жерге, жеке адамға және айналадағыларға байланысты. Мысалы, он тоғызыншы ғасырда әйелдердің төсекте ләззат алуы девианттылық деп қарастырылған. Ал қазір олай емес. Екі әйел алу Америка Құрама Штаттарында
...