Қазіргі қазақ поэзиясындағы варваризмдер
Автор: ToleuhanDA • Декабрь 22, 2022 • Реферат • 526 Слов (3 Страниц) • 250 Просмотры
Қазіргі қазақ поэзиясындағы варваризмдер
Қоғамдағы қарым – қатынас кезінде, қолданыстағы сөздеріміз үнемі әдеби нормаға сай бола бермейді. Ондай сөздер қатарын әдеби тіл нормасына кіру қабілеті шектеулі сөздер деп атаймыз. Менің ойымша, белгілі бір нормасы болмайтын, ауызекі тілде еркін қолданылатын, экпрессивті – эмоционалды бояуы басым сөздер тобын әдеби тілге сай емес сөздер құрайды.
Әдеби тіл нормасын сай емес сөздер қатарын – жаргондар, қарапайым сөздер, варваризмдер мен дисфемизмдер, диалект, кәсіби сөздер толықтырады. Олардың әдеби тілден ерекшелігі – бұндай сөздерде фонетикалық, морфологиялық принциптер сакталмай, өзіне ғана тән лексикасы мен фразеологизмдерінің, сөз тіркестері мен сөз орамдарының болуында. Мәселен, күнделікті өмірде ауызекі сөйлеу тілімен жазба тілде сөздердің қолданылуы бір - біріне ұқсай бермейді. Жазба тілде қолданылған сөздердің орфографиялық қағидаттармен жүйелегенген көбініе әдеби тілдің сөздері қолданылса, сөйлеу тілінде жаргондар, варваризмдер, дисфемизмдер қолданылады.
Варваризм деп бір тілдің өзінде сөздің баламасы бола тұра, шет тілдерден орынсыз аудармасын қолдануын айтамыз. Мысалы әдеби тілдің нормаларына сай «сұмдық», «әрі қарай», «өте жақсы» сөздерінің орнына, тұрмыстық өмірде «ужасно», «отлично», «далыле» деген дублеттер қолданатынымыз өтірік емес. Тек қазіргі заман да ғана емес, варваризмдер өткен дәуірімізде де болған. Тіпті, тілдің майын тамызып, сөзін ағызатын Абай атамыздың өлеңдерінен де варваризмдер кездесіп жатады. Оған дәлел:
Самородный сары алтын,
Занимайся прямотой,
Көп пьяншік нені ұғар,-
деген өлең жолдарындағы «самородный, занимайся, прямотой, пьяншік» сөздері варваризм екені даусыз. Абай бұларды сөз таба алмағандықтан қолданған жоқ, орыстанған қазақтарды найзамен түйрегендей ояту үшін – орыс сөздерімен сөгуді жөн көрді. Келесі кезекте, дисфемизмдер – әдеби тілге қарағанда, ауызекі тілде молынан кездесетін, күнделікті өмірде қарым - қатынас жасау барысында пайда болған сөздер тобы. Олар әдеби тілде кейіпкердің оброзын ашу үшін ғана қолданылатыны рас. Ал сөйлеу мәдениеті кезінде дисфемизмдерді қосып сөйлеу, әдепсіздікке жатады. Өйткені, бұндай сөздер келекет ету, мазақтау, бұйыру мақсатында айтылады. Мәселен, С.Мұратбековтың «Жабайы алма» атты кітабынан алынған мына сөйлемдегі «Былтыр ғана басы биттеп жүретін боқмұрын еді..» боқмұрын сөзі. Бұл біріншіден, келекет ету мақсатында қолданылса, екіншіден жас бала деген мағынада айтыпт тұр.
...