Қазіргі Қазақстан Тарихы. Қазақ мемлекеттілігінің эволюциясы
Автор: waitangasu • Декабрь 7, 2019 • Эссе • 523 Слов (3 Страниц) • 2,426 Просмотры
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
Абылай хан атындағы Қазақ Халықаралық Қатынастар және Әлем Тілдері Университеті
ФММК
Туризм
ЭССЕ
Қазіргі Қазақстан Тарихы
Қазақ мемлекеттілігінің эволюциясы
Орындаған:
студент Базаркулов Серік 101
Тексерген:
Алматы 2019
Қазақ мемлекеттілігінің дамуы мен қалыптасуы көптеген ғасырларға созылған оқиға.Ол сонау замандағы ата-бабамыз Жәнібек пен Керей хандардың көшпелі өзбектер мемлекетінен шығып өз хандығын құрып жатқан кез бен отыздай жыл бұрын Елбасымыз Нұрсултан Әбішұлы Назарбевтың басқаруымен Кенес Одағынан шыққан кезіне дейін жалғасып тоқтамаған.Мемлекетіміздің жас болғанына қарамастан,өзіміздің көптен кешкен тарихымызда өз ұлтымыз бен тілімізді сақтап қалдық.
1465(1466) жылы Қазақ Хандығының құрылғанда біздің ел өзінің жаңа қалыптасу кезенің бастап,көптеген тарихи оқиғаларға толы дәуірің бастады.Алғашқы хандар озінің дипломатиялық қасиеттерінің арқасында көршілес елдермен жақсы қарым-қатынас орнатып,біздің еліміздің алғаш одақтас мемлекеттерің тапты.Алайда біздің халқымыздың алғаш кездері тек қана тыныш өмірден тұрған жоқ.Қалаларымыз бен жерлерді,халықты қорғау және өмірің жақсарту мақсатында соғыстар да болып тұрды.Мәселен,1603-1624 жылдардағы Қазақ-Бұхар соғысы нәтижесінде Түркістан,кейіннен өз тәуелсіздігің алған Ташкент қалалары жаулап алынды.Кейіннен ХVII ғасырдағы Ойраттардың шабуылдары тіпті қазақ халқының жойылып кетуіне әкеле жаздады,дегенмен уақында бас қосқан қазақ елі өзің сақтап қалды.
ХVIII ғасырда Орыс экспансиясының алғашқы кезеңі ретінде Қазақ Хандығы орналасқан орта азияны қолайлы шарттар арқасында өзіне қарата бастады,нәтижесінде 1731 және 1732 жылдары сәйкесінше Кіші және Орта жүздер жоңғарлардаң қорғаныс ретінде Ресей империясының қарамағына өтеді.Ұлы жүз Қоқан хандығының ықпалында қалады.Кейіннең орыстардың Қазақ Хандығының оңтүстігіндегі мемлекеттерді жою нәтижесінде қазақтардың барлық жүздері Ресей астында болады.Ресей патшасы Александр I указы бойынша 1822-1824 жылдары,Николай I қалауымен хандық билік жойылған Бөкей ордасынан басқа, Қазақ жүздерінде хандық билік жойылады.Орыс елінің жалғасқан әрекеттері қазақ елінің жүздеген көтерілістеріне әкелді.Қазақ Хандығының соңғы ханы Кенесары Қасымұлы 1847 жылы қырғыз жерінде қайтыс болды.
...