Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Қазақтың ұлы ағартушы-демократтарының сыни ойлары

Автор:   •  Декабрь 2, 2022  •  Лекция  •  12,751 Слов (52 Страниц)  •  313 Просмотры

Страница 1 из 52

2-тақырып. Қазақтың ұлы ағартушы-демократтарының сыни ойлары

        Қазақ әдебиеттануы өзіндік ерекшеліктері, ұғым-түсініктері, теориясы мен методологиясы бар ғылым ретінде бірден дүниеге келген жоқ, өзінің қалыптасу жолында әр түрлі асу белестерден өтті. Қазақ әдебиеттану ғылымы даму барысында үш кезеңді басынан өткерді. Бірінші кезең – Қазан төңкерісіне дейін қазақ әдебиеттану ғылымының ояну дәуірі. Екінші – әдебиеттану ғылымының жанрлық қалыптасуы. Үшінші – жан-жақты толысып, өркендеуі және идеялық-творчестволық жағынан жаңа биіктерге көтерілуі.

        Т.Кәкішев „Қазақ әдебиеті сынының тарихы„ атты еңбегінде „қазан төңкерісіне дейінгі кезеңді қазақ әдебиеті сынының туу дәуірі деп, ал қазан төңкеірісінен кейінгі кезеңді сынның жанр ретінде қалыптасуы мен әдебиеттану ғылымының ояну дәуірі„ деп көрсетеді.  Бұл кездегі мақалалар қарапайым түрде болғанмен, өзінің әдебиет туралы ғылыми ой-пікір түйіндеуге ұмтылғандықтарымен құнды. Бұл тұрғыдан қазақтың ұлы ағартушылары Ш.Уәлиханов пен Ы.Алтынсариннің эстетикалық толымды толғаныстарын айтуға болады. Шығыстану саласындағы Шоқанның еңбектерінде аналитикалық негіз басым, құнды әдеби ой-пікірлер мен тұжырымдар жиі кездеседі.

        Ш.Уәлихановтың „Қазақтың халықтық поэзиясының түрлері туралы„ зерттеуі өзінің ауқымдылығымен ғана емес, эстетикалық талдауының толымдылығымен де маңызды. Шоқан қазақ поэзиясының түрлерін тұңғыш рет классификациялайды. Әдебиетшіге тән байқағыштықпен сөз өнерінің сырына терең үңіле білуі арқасында өлең-жырдың сыртқы көрінісіне, ішкі мән-мағынасына, ұйқас, ырғақ жүйесіне қарап, қазақ поэзиясын „жыр, жоқтау, қайым, қара өлең, өлеңі„ деп бөледі. Олардың тууы, жетілуі, қолданылуы туралы қызықты деректер келтіріп, даму эволюциясын айқындайды. „Жыр дегеніміз рапсодия. Ал жырламақ деген етістік тақпақтап айту дегенді білдіреді. Барлық далалық жырлар қобыздың сүйемелдеуінде тақпақтап айтылады. Негізінен, жырлардың мазмұны бұрында өткен белгілі халық батырларының өмірі мен қаһармандық іс-әрекеттері болып келеді„, - деп, жырдың тарихилық сипаты жөнінде ғылыми тұжырымға пара-пар ой түйіндейді.  Ғұлама ғалым өлең табиғатына кеңірек тоқталады. Қазақ халқының рухани байлығын ғылыми тұрғыдан зерттеп, тұжырымды пікірлер айтқан Шоқанның еңбектері әдебиеттану ғылымының қарлығашы болды.

Ыбырай Алтынсариннің “Қырғыз /қазақ/ хрестоматиясын” жазуы үлкен – тарихи оқиға. Оқулықтың мақсатты көздегендіктен де Ыбырайдың өз өлең-әңгімелерінің барлығы дерлік тәрбиелік мақсатта жазылған. Қазақтың бай ауыз әдебиеті ішінен, басқа да халықтар әдебиетінен аудармалар жасап, кітапқа енгізгенде Ыбырайдың сыншылдығы педагогтік бағытта көрінеді. Ол шығарманың тәрбиелік маңызын ғана емес, сонымен бірге оның оқушының санасына жетуіне тікелей әсер ететін жас ерекшелігі, ұлттық психология, жеке мүддесі сияқты мәселелерді де ескеріп отырған.

        Абай қазақ әдебиетінің классигі болумен бірге сыншылдық ойды барынша биікке көтерген сыншы да бола білді. Оның поэзияның шыңына шығуы өзіне дейінгі қазақ ақындарының өлеңдеріне сын көзімен қарап, солардан қорытынды жасауының нәтижесі еді. Жалпы қазақ ақындарының ішінде сөз өнеріне Абайдай биік талаптар қоя білген ақын – жоқтың қасы. Керек десеңіз, Абай өзіне дейінгі қазақ поэзиясына көңілі толмаған. Абай оннан астам өлеңінде тілдің құдіреті, өлеңнің қалай болуы керектігі жайлы пікір білдіреді. Ол жазған    “Өлең – сөздің патшасы, сөз сарасы” өлеңмен жазылған поэзияның теориясы іспеттес. Абайдың қазақтың бірсыпыра мақал-мәтелдеріне пікір айтуы, оның әдеби сыншылық дарынының аса күшті болғанын дәлелдейді.

3-тақырып. Баспасөз және сын

           Әдебиеттану ғылымының пайда болу, даму жолдары әдебиеттің өсіп өркендеу бағытымен сәйкес келіп отырады. Сондықтан әдебиеттану ғылымының ояну дәуірін айтқанда ХІХ ғасырдың аяғы мен ХХ ғасырдың басындағы әдебиеттің жалпы бағыты мен сипатын анықтап алу керек. Қазақ әдебиетінің аяғынан қаз тұрып, апыл-тапыл жүріп, нық басуына көмек көрсеткен «Түркістан уәлаяты», «Дала уәлаяты», «Айқап», «Қазақ», «Садақ» газет-журналдары еді. Қазақ әдебиеті мәселелеріне қатысты алғашқы мақала, зерттеулер осы басылымдарда жарияланды. Осы мақала-зерттеулердің мән-мазмұнын бағдарласақ, олардың ең алғашқылары ауыз әдебиеті үлгілерін жіктеп, саралауға арналған.

...

Скачать:   txt (173.7 Kb)   pdf (270.6 Kb)   docx (67.7 Kb)  
Продолжить читать еще 51 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club