Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Қазақ тілі мен қазақ мәдениетінің ұлттың мәдени кодын сақтаудағы рөлі

Автор:   •  Ноябрь 8, 2021  •  Эссе  •  574 Слов (3 Страниц)  •  961 Просмотры

Страница 1 из 3

Қазақ тілі мен қазақ мәдениетінің ұлттың мәдени кодын сақтаудағы рөлі

  Төл мәдениетін қорғамайтын ұлт − ертеңін ойламайтын ұлт. Қазақ отбасында адам зиялылығының негізі - ақыл-ой тәрбиесі деп есептелінді. Ақыл-ой тәрбиесі арқылы баланы ойлау іс-әрекетінің шарты болатын білім қорымен қаруландыру, негізі ойлау операцияларын меңгерту, зиялылық біліктері мен дүниетанымын қалыптастыру міндеттері шешілді. Көп мәдениетті тұлғаға, ең алдымен, төл мәдениетін игеру шарт. Ол ұлттық тәрбие арқылы беріледі. Адамзаттық құндылықтарға, әлемдік мәдениетке құштарланғанда табан тірер тұғыр − төл мәдениеттің, өзгелердің өркениетіне тәнті болғанда − мақтаныш ететінің де ұлттық рухани қазынаң. Ұлт мәдениетсіз өмір сүре алмайды. Мәдениет те ұлтсыз болмайды. Жойылып кеткісі келмеген қай ұлт болмасын ең алдымен мәдениетін сақтап, дамытып, туындатып отыруы керек.                                                      Мәдениеттің басты қызметі − этносты қорғау, сақтап қалу. Себебі мәдениет − этностың қуат өрісі, панасы, бар болмысы, тыныс-тіршілігі. Айналып келгенде, этносты қанша көп болса да адамдар емес, мәдениет қана сақтай алады. Мәдениет арқылы халық өзінің тарихи тағдырынан тамырын үзбейді. Ұлттық мәдениет − этностық құндылықтар, рәміздер мен наным- сенімдердің, мінез- құлық үлгілерінің құр әшейін жиынтығы емес, сол ұлттың рухани өмірінің басқаларға ұқсамайтын кескін-келбеті. Мәдениетті болу үшін тілдік сана қажет. Ана тілін, мемлекеттік және шетел тілдерін білу ғана дүниенің бар құбылысын, бояуын, әуенін санаға құюға мүмкіндік береді. Тілдік сана негізінен әдебиет арқылы қалыптасады. Әуелі қазақ әдебиетін, сонымен қатар әлемдік әдебиетті білудің маңызы ерекше болмақ. Әлемдік әдебиет қазақ тіліне толық аударылып болмағаны белгілі. Ол қазынамен таныс болу үшін алдымен орыс тіліне жүгінетініміз сондықтан. Соңғы жылдары классикалық әдебиетті, дәуір қаламгерлерінің шоқтығы биік шығармаларын қазақ тілінде меңгеруімізге қажетті жағдайлар жеткілікті демегенмен, жасалып келеді. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың бастамасымен өмірге келген Мәдени мұра Мемлекеттік бағдарламасы бойынша әлем әдебиетіндегі көркем шығармалардың жүзге жуық озық үлгілері қазақ тілінде жарыққа шықты. Егер әлем әдебиетімен таныс болу парасатты, мәдениетті, тәлімді адамды тәрбиелеуге ықпал етсе, қазақ әдебиетін білу мұның сыртында ұлтжандылық пен ұлттық мақтаныш сезімін асқақтататынын ұмытпауымыз керек. Қазақ мәдениетінің тарихы, оның рухани болмысы, бүгінгі мәдени ахуалдағы қарама-қайшылықтар және оның болашағы қай кезде болмасын қоғам назарынан тыс қалмады. Ұлттық мәдениетімізді танып, білуге, оны бағалауға қазақтың біртуар тұлғалары - Ш. Уәлиханов, Ы. Алтынсарин, А. Құнанбаев, А. Байтұрсынов, Ж. Аймауытов, М. Жұмабаев қалдырған ой-пікірлер тұжырымдамалық негіз болса, М. Әуезов, Е. Бекмаханов, М. Ғабдуллин, С. Қасқабасов, Ә. Марғұлан, Б. Қазыханова, Б. Байжігітов, Н. Сәрсенбаев және т.б. ғалымдардың еңбектерінде одан әрі дамытылды. Сан ғасырлар бойы ұлттық болмысымызға ықпал еткен отаршылдық пен тоталитарлық саясат мәдени мешеулікке алып келді. Өткен ғасырларда өмір сүрген даналарымыз өз еңбектерінде халықты руханиадамгершілікке бағдарлаған. Әл-Фараби замандастарына қайырымды, ізгілікті қаланың қажеттілігін айтса, Жүсіп Баласағұн қоғамда әрбір адамның әділетті болуын көксеген, Абай қазақ баласына Адам бол! деп нақты кеңесін берді, ал дана Шәкәрім әлеуметтік болмыстың, адам өмірінің түп қазығы ар- ұятта, ұжданда деп білген. Осылардың барлығы түптеп келгенде еркіндікті сүйетін, еркін ойлайтын тұлғаны қалыптастырады. Қазақ халқының мәдениетін осы сипаттары ерекшелеп, еліміздің әлемдік кеңістіктегі орнын анықтап отыр.                                        Ұлттық код – ең алдымен, тілде, сосын дәстүріміз бен салтымызды, мінезімізді айқындайтын ділде, ұлттық мәдениетте. Сонымен, қазақ тілі мен қазақ мәдениеті - ол қазақ халқының өткені, бүгіні және келешегі.

...

Скачать:   txt (6.9 Kb)   pdf (57.5 Kb)   docx (8.6 Kb)  
Продолжить читать еще 2 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club