Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Қазақ тілі мен қазақ мәдениетінің ұлттық мәдени кодын сақтаудағы рөлі

Автор:   •  Ноябрь 5, 2021  •  Эссе  •  492 Слов (2 Страниц)  •  779 Просмотры

Страница 1 из 2

Қазақ тілі-бай әрі икемді, құлаққа жағымды, әу деуге дөңгелетіп ала кететін мол сөздік қоры бар ерекше тіл. Сонау ежелгі түркі заманынан бері келе жатқан Тұран жұртының тілінің сөйлеген жұрнағы осы өз ана тіліміз десек, қателеспейміз. Ана тіліміздің барша болмысы біздің қазіргі таңда қайта жаңғыртып, әр ортада қазақ тілінің керемет сөздерімен сөйлеуінен-ақ көруге болады. Қазақ тілінің байлығы – қазақ халқының, қазақ ұлтының байлығы. Осы байлықты бағалай білуіміз керек. Сонда ғана біздің Қазақстан кез келген жұртпен иық теңестіре алатын іргелі ел бола алады. Әйтпесе, «тілі жоғалған ұлттың өзі де жоғалады»-деген Ахмет Байтұрсынұлының сөзі айқынға айналмасына кім кепіл?!

Осы тіл арқылы біз бұрыннан өз салт-дәстүрімізді қалыптастырып, халық ауыз әдебиеті мен музыкалық жағынан мәдениетімізді жетілдіріп, қазірде ең бай мәдениетке иеміз десек артық айтпаспын деп есептеймін. Себебі, ұлт-мәдениетсіз өмір сүре алмайды және дәл сол секілді мәдениет те ұлтсыз күні қараң. Сондықтан, төл мәдениетін қорғамайтын ұлт ертеңін ойламайтын ұлт деп санаймын.

Мәдениет − этностың қуат өрісі, панасы, бар болмысы, тыныс-тіршілігі. Айналып келгенде, этносты қанша көп болса да адамдар емес, мәдениет қана сақтай алады. Мәдениет арқылы халық өзінің тарихи тағдырынан тамырын үзбейді.

Қазақстан Республикасының алғашқы Президенті, Елбасымыз Н.Ә. Назарбаевтың бастамасымен өмірге келген «Мәдени мұра» Мемлекеттік бағдарламасы біздің ұлттық кодымызды сақтауға өз үлесін тигізіп жатыр десек те болады.Ұлттық код дегеніміз- рухани болмыс кілті һәм қазақ халқының жады десек те болады. Соған орай біздің мәдениетімізді қалыптастыруға өзінің ең үлкен септігін тигізген ана тіліміз жайында Елбасымыз былай деген: «Қазақ тілі елімізде тұрып жатқан барлық Қазақстандықтарды біріктіретін күш». Ана тіл және «ұлттық болмыс», «ұлттық сана» арасында өте тығыз байланыс бар

...

Скачать:   txt (6.6 Kb)   pdf (38.6 Kb)   docx (8.9 Kb)  
Продолжить читать еще 1 страницу »
Доступно только на Essays.club