Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Түркі тілдерінің салыстырмалы грамматикасы

Автор:   •  Октябрь 8, 2020  •  Реферат  •  2,045 Слов (9 Страниц)  •  576 Просмотры

Страница 1 из 9

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

АБАЙ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

[pic 1]

[pic 2]

Орындаған: Нуридин Ұлдана

Қабылдаған: Тайжанов Ұлан

Пән: Түркі тілдерінің салыстырмалы грамматикасы


СӨЖ №3-4

Кеңестік түркологиялық зерттеулер сипаты

XIX ғасырда жасалған түркі танымдық зерттеулер XX ғасырда да өз жұмыстарын жалғастырды. Себебі XIX ғасырда жасаған, еңбек еткен П.М.Мелиоранский, В.В. Радлов, A.Н. Самойлович, т.б. тәрізді ғалымдардың өзіндік жолы, көзқарастары болған; өзі бастаған еңбегін жалғастырған. Мысалы, В.В. Радлов салыстырмалы зерттеу мен жазба ескерткіштерге көңіл бөлсе, А.Н. Самойлович түркі (түркімен) тілдерінің грамматикасын, әдеби тіл тарихын, т.б. зерттеді. ХХ ғасыр XIX ғасырдағы зерттеудің жалғасы ретінде бұрынғы еңбектерді тереңдетті, жаңа зерттеушілерді дүниеге алып келді. Олар Ахмет Байтұрсынұлы, И.Гаспренский, Фитрат, A. Ахундов сияқты жергілікті халық өкілдері, А.К. Дмитриев, B.А.Гордлевский, А.К. Боровков, Е.Д. Поливанов, В.А.Богородинский, И.А. Батманов сияқты орыс тілшілері, шетелдік түркітанушылар Дж. Дени, А.Зайничковский, Н. Полис, т.б. XIX ғасырда түркі халықтарының көпшілігін Ресей өкіметі жаулап алып, қол астына бодан ретінде қалдырып отырған. 1917 жылғы Қазан төңкерісінен соң да түркі халықтарына еркіндік бермей, Кеңестік езгінің астында ұстады. Сондықтан қол астындағы халықтардың тілін, әдебиетін, мәдениетін аз болса да зерттеп, тізгінін қол астында ұстап тұрғандығы да анық. Бірнеше рет қуғын-сүргін жасады, көрнекті адамдарын сталиндік түрмелерге жаппаса да, өте әлсіз болса да, егемендік жорығы жақындай берген сайын ұлттық мәдениет, ғылым дами бастады. Соның бірі ұлттық тіл білімі еді. Әрине, азық, мәдениетті орыс ғалымдары ұлттық ғылымға жәрдем берді, түркітанымның қалыптасуына ықпал жасады. Бірақ ғылым- ның бар саласын дамытуға жағдай жасамады. Кеңестік билік аппарат, коммунистік саясат өз мақсатын жоспармен жұмыс істеді, ол үшін еңбекші халықтарды да, интеллигент-оқымысты азаматтарды да аямады. Оған дәлелді тарихтан мол көрсетуге болады. Соңғы кезде аты белгілі болған атақты орыс ғалымдары Вавилов, Сахаров, Поливановтарды, қазақтың А. Байтұрсынұлы, С. Сейфуллин, Б. Майлин, I. Жансүгіров сияқты басқа халық азаматтарын да атауға болады.

Тіл білімінің, тілдік саясаттың дұрыс жүргізілмегенін дәлелдеу қиын емес. Мысалы, халықтың санасын тез оятуға жазу мен оқытудың қызметі мол екендігі анық. Бірақ қазақ, сондай-ақ басқа түркі халықтарына, халқының жазуына да саналы түрде екі реформа жасады, демек ұлттың саналық дамуын жиырма жылға доғартты. Қалыптасқан А. Байтұрсынұлы сауат ашқан араб жазуын реформа жасап, орнына латын жазуын ендірді. Екінші рет реформа жасап, латын жазуынан бас тартып, орыс жазуына - кириллицаға өтті. Жазу реформасына кедергі жасаған ғалымдардың көзін жойды (А. Байтұрсынұлы, Қ. Жұбанов, т.б.)

Соғыстан жеңіспен оралған, Еуропа мәдениетін көзімен көрген саналы жастар білім мен оқудың нені беретінін түсінді. Өкімет оған қарсы бола алмайтынын біліп, институттарды, университеттерді жабуға мәжбүр етті. Бірақ ұлттық маман жоқ деген сылтаумен оқытуды орыс тілінде жүргізді, демек тілдің барлық тармағын дамытуға мүмкіндік бермеді. Бұл саясат ХХ ғасырдың сексенінші жылдарында ғана әлсіреді. Мысалы, диссертацияны өз тілінде жазуға, ұлттық терминдерді қалыптастыруға мүмкіндік туғандығын көрсетуге болады. Орыс тіліне шектен тыс құқық беріп, мемлекеттік тіл дәрежесін беріп, басқа тілдер екінші дәрежелі тіл деп санала бастады: радио, пошта, іс-қағаздар тілдері тек орыс тілінде жүргізілді. Ұлттық тілдерде де орыс тілін екінші тіл деп жарияладық. Бұл ұлттық тілдердің аясын тарылтып, ұлты - қазақ, тілі орыс, ұлты - өзбек, тілі - орыс сияқты топтар пайда болды; орыс тілін уағыздаған, ұлттық тілдерді керексіз деп санайтын ағым пайда болды. Оларды тек өліп бара жатқан тілдер деп есептейтіндер қазақтар, өзбектер, қарақалпақтар арасында пайда болды. Түркі тілдері эксперимент ретінде зерттеліне бастады. Бұндай қауіптен егемендік азаттығы ғана құтқарды.

...

Скачать:   txt (27 Kb)   pdf (156.1 Kb)   docx (78 Kb)  
Продолжить читать еще 8 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club