Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Орта ғасырда түркі тілдері және ондаfы макал-мәтелдердегi корiнiсi

Автор:   •  Апрель 28, 2018  •  Контрольная работа  •  1,418 Слов (6 Страниц)  •  1,930 Просмотры

Страница 1 из 6

ОРТА ҒАСЫРДАҒЫ ТҮРКІ ТІЛДЕРІ ЖӘНЕ ОНДАҒЫ  МАҚАЛ-МӘТЕЛДЕРДЕГІ КӨРІНІСІ

                                           Алашбаева Ж.

                    Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ

        PhD докторант, 1 курс.

          Орта ғасырда түркі тектес халықтар жеке халық болып ыдырап, түркі тілдері дербес тіл ретінде қалыптаса бастады. Орта ғасырдағы саяси оқиғалар, атап айтсақ ру, тайпа,ел, мемлекет араларындағы алауыздықтар халықтың даму процесіне, әсіресе оның тілінің дамуына әсер етті.

        Орыс ғалымы Н.А.Баскаков түркі тайпаларының бір-бірімен араласу деңгейін, осы дәуірдегі ескерткіштердің жазылуы мен тілдік ерекшеліктерін ескере келіп, ескерткіштерді 4 топқа бөледі:

  1. Қарахандықтар дәуіріндегі ескерткіштер;
  2. Алтын орда дәуірі ескерткіштері;
  3. Орта Азияда жазылған ескерткіштер;
  4. Мәмлүк қыпшақтарының ескерткіштері.

Алайда бұлай бөлу орта ғасырдағы барлық ескерткіштерді бірдей қамти алмайды.  Кейінгі зерттеулер орта ғасырды 2  бөліп қарастырып жүр:

  1. Қарахандықтар дәуірі (Х-ХІІ ғасырлар);
  2. Моңғолдар дәуірі (ХІІІ-ХV ғасырлар).

Мен мақаламда осылардың біріншісі, яғни Қарахандықтар дәуіріндегі жазба ескерткіштерге тоқталамын. Тарихқа үңілсек, Х ғасырда қарлұқтар одағы күшейіп, Шаш өлкесінен Балқаш көлі мен Ыстық көлге дейінгі орасан жері болғандықтан, екі үлкен орталығы: Баласағұн және Қашқар қалалары болған. Қарлұқтардың тайпалық одағының құрамына кірген түркі тайпалары Қарахандықтар мемлекетін құрады. Қарахандықтар мемлекеті Бұқара мен Самарқанды басып алып, Амудария мен Сырдария аралығындағы жерлерге ие болып, ондағы түркі-иран тектес халықтарды өзіне қаратып, ислам дінін қабылдап, мәдениеті дамыған мемлекеттердің бірі болды. Қарахандықтар мемлекеті құрамына түркілердің 3 тайпасы: қарлұқтар (Батыс Ғұн тармағының негізгі тайпалық одақтарының бірі); шігілдер (Тараз бен Ыстық көл аймағын мекендеген, мал бағумен айналысқан, Күн мен Айға табынған халық); яғмалар (Шығыс Түркістанды мекендеген халық) енген.

Қазіргі түркі тілдерінің қайнар көзі сол орта ғасыр түркі ескерткіштерінің тілі болып табылатындықтан, жазба мұралар тілі мен қазақ тіліндегі мақал-мәтелдердің мағыналық байланысын зерттеу түркі тіл біліміндегі өзекті мәселелерінің бірі. Орта ғасыр ескерткіштері тілі мен қазақ тілінің лексикалық жүйесі тарихи тілдік сабақтастықты ғана емес, жалпытүркілік дүниетанымды сипаттайтын ақпарат көзі. Әсіресе, тіл иесінің сан ғасырлық өмір тәжірибесінен туындап, ғасырлар бойы қолданылып келе жатқан даналық сөздер мен мақал-мәтелдер халықтың дүниетанымы мен салт-дәстүрін, жалпы болмысын айқындайтын этномәдени мазмұнға бай. Орта ғасыр ескерткіштері тіліндегі мақал-мәтелдер мен қазақ тіліндегі мақал-мәтелдерді салыстырмалы тұрғыдан саралап, ортақтықтары мен ерекшеліктерін анықтау ата-бабамыздан қалған сөз орамдарының мән-мағынасын тереңірек түсінуге, семантикалық даму жолын анықтауға мүмкіндік береді.

        Жоғарыда айтып өткеніміздей, қазіргі қазақ халқының атамекенінде бірнеше түркі ру-тайпалары өмір сүргені, олардың барлығы аздаған диалектілік ерекшеліктері бар ортақ тілде, яғни түркі тілінде сөйлеп, бір-бірімен қоғамдық-әлеуметтік байланыста болғаны белгілі. Жалпы түркілік тұтастығынан ажырамаған орта ғасыр түркілері әлемнің көптеген елдерімен мәдени байланыста болғаны да тарихтан белгілі. Ежелден басталған бұл байланыс халықтың тілінде де із қалдырған,оны орта ғасырда өмір сүрген түркі ғұламалары еңбектерінің тілі айқындайды. Орта ғасыр ескерткіштері тіліндегі паремиялар жүйесінің мазмұны, семантикалық уәждері негізінен таза түркілік дүниетанымды сипаттайды.

        Қарахандықтар дәуірінің тілдік ерекшеліктерін сипаттайтын: М.Қашқаридің «Диуани лұғат ит-түрік» сөздігі мен Ж.Баласағұнның «Құтадғу білік» дастанын сол дәуірдегі көлемді  әрі аса құнды еңбектер деп танимыз.

Жазылған мерзімі 1072-1074 жылдарға сәйкес келетін «Диуани лұғат ит-түрік» кітабында М.Қашқари түркі тілдеріне ең алғаш классификация жасайды. Ол түркі тілдерін орналасу территориясына қарай терістік және түстік тілдері деп бөледі. Солтүстік тілдеріне печенек, қыпшақ, оғыз, йемек, башқұрт, басмыл, қай, ябаку, татар және қырғыз тілін; оңтүстік тілдеріне шігіл, тузси, яғма, ырғақ, чаруқ, чомыл, ұйғыр, қытай, табғач тілдерін жатқызады. Тілдерді бұлай бөлуде олардың тазалығы мен басқа тілдер әсерінен бүліне бастағанын негізге алады. Соның нәтижесінде, басқа тайпалардың ықпалына түспеген, таза түркіше сөйлейтін  тайпалар қатарына қырғыз, оғыз, қыпшақ, тухси, шігіл, чаруқ, ығрақ тайпаларын жатқызады. Басқа тайпалар тілін иран, парсы, араб тілдерімен араласып кеткен деп түсіндіреді.

...

Скачать:   txt (18.5 Kb)   pdf (116.5 Kb)   docx (17.8 Kb)  
Продолжить читать еще 5 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club