Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Түркі халықтары ғалымдары мен ойшылдарының еңбектерінің тәуелсіз Қазақстанда бағалануы

Автор:   •  Октябрь 8, 2018  •  Реферат  •  4,477 Слов (18 Страниц)  •  4,528 Просмотры

Страница 1 из 18

Түркі халықтары  ғалымдары мен ойшылдарының еңбектерінің тәуелсіз Қазақстанда бағалануы  ( Әбу Насыр әл-Фараби, Қожа Ахмет Иассауи, М.Қашқари,  Ж. Баласағуни және т.б. ).

 

Жоспары;

  1.  Кіріспе,  Қазаққа мәлім  ұлы тұлғалар
  2.  Әбу Насыр әл-Фараби өмірбаяны, шығармашылығы, еңбектерінің тәуелсіз Қазақстанда бағалануы
  3. Жүсіп Баласағұн  өмірбаяны, шығармашылығы, еңбектерінің тәуелсіз Қазақстанда бағалануы
  4.  М. Қашқари өмірбаяны, шығармашылығы, еңбектерінің тәуелсіз Қазақстанда бағалануы
  5.  Ахмет Иассауи өмірбаяны, шығармашылығы, еңбектерінің тәуелсіз Қазақстанда бағалануы
  6. Қорытынды

Қоғам қалай және қайтіп дамиды? Тарихты кім немесе не жасайды? Осы сұрақтарға философтар мен тарихшылар, социологтар мен политологтар бірге жауап іздеуге талпынады, бірақ ортақ пікірге келе алмайды. «Тарих – бұл табиғи тарихи процесс», - деп тұжырымдайды біреулер. «Тарих – саясатшылар әрекетінің нәтижесі», - деп санайды басқалары. «Тарих – кездейсоқ оқиғалар ісі», - деп үшіншілері олармен келіспей жатады. Дегенмен, әдетте, бәрінің бір мәселеге көзқарасы ортақ – тұтас адамзат қоғамының тарихында да, жеке алғанда ұлттар қоғамының тарихында да басты рөлді ұлы тұлғалар атқарады. Сол ұлы тұлғалардың қатарына Түркі халықтарының  ғалымдары мен ойшылдарыда  кіреді. Олар қазақ тарихында ойып тұрып орын алатын ұлы тұлғалар. Оларға : Әбу Насыр әл-Фараби, Қожа Ахмет Иассауи, М.Қашқари, Ж. Баласағуни және т.б ғалымдар жатады.

 Еліміздің сан ғасырлық өзіндік орны бар кезеңге орта ғасырлық түркілік мәдениетті жатқызамыз. Ал халқымыздың даналығын білдіретін ірі тарихи тұлғаларды зерделеу қазіргі ұрпақтың қасиетті парыздары болып табылады. Осы тұрғыдан алғанда ғасырлар қатпарларында жасырынған рухани мұралар көптеп саналады. Қазақ халқының осы өзіндік дүниетанымдық, сана-сезімдік көзқарастары түрлі тарихи кезеңдерде өмір сүрген ұлы ойшылдар мен жыршы-жыраулардың, ағартушы-қоғам қайраткерлерінің шығармашылық еңбектерінде көрініс алады. Ортағасырлық педагогикалық ой-пікірдің даму тарихында аты әлемге әйгілі ортағасыр данышпандары – Жүсіп Баласағұн, Махмұт Қашқари, Ахмет Иүгінеки, Әл – Фараби қазақ жерін әлемге мәшһүр етті. Егер, Әбу-Насыр әл-Фараби қоғам дамуының, әлеуметтік өмірдің, этикалық қасиеттердің көптеген мәселелеріне тоқталып, «мәртебелі мемлекеттің болуы, ондағы халықтың бақытты, алаңсыз өмір сүруі ел басшысына байланысты, ...жан-жақты білімі бар, әділ, инабатты, мейірімді, жақсылыққа жаны құмар, жамандықтан жаны жиренетін, жұртымен санаса білетін адам ел басқарса, халықтың қадір-қасиеті артады, хал жағдайы жақсы болып, көсегесі көгереді», деп ой түйіндесе, Жүсіп   Баласағұнның қазіргі ұрпаққа жеткен «Құтты білік» шығармасында қарапайым халықтан бастап. түрлі дәрежедегі әлеуметтік топтардың, түрлі кәсіп иелерінің мінез-құлық нормаларының, қоғамда алатын орындарының қандай болуы керектігіне тоқталады. Бұл дастаны – саяси және ғибрат, өсиет, ақыл ретінде имандылыққа үндейтін, тәлім-тәрбие берерлік дидактикалық тағылымдық туынды. Идеясы жағынан дастан имандылық, ізгілік рухында, тәлім – тәрбиелік, ғибраттық, өсиет-өнеге, нақыл сөздер түрінде жазылған педагогикалық және психологиялық, философиялық тұрғыдағы көркем туынды.

   Қазақ топырағынын көкірегі ояу, көзі ашық, ойшыл азаматтар бүкіл шығыс араб-парсы мәдениетін меңгеріп, өз шығармаларын көпке ортақ тілде жаза біліп, кейінгі ұрпақтарына мұра етіп қалдыра білді. Олардың ішінде аты әлемге жайылғандары да аз емес. Солардың бірі – күллі әлемге танымал ұлы ортағасыр данышпан — Әбу Насыр әл-Фараби. Әл-Фараби түрік тайпасының дәулетті бір ортасынан шыққаны бізге мәлім, бұған дәлел оның толық аты жөнінде «Тархан» деген атаудың болуы. Әл-Фараби 870 жылы Сыр бойындағы Арыс өзені Сырға барып құятын өңірдегі, Фараб қаласында дүниеге келді. Фарабидің толық аты-жөні Әбу-Насыр Мұхаммед Иби Мұхаммед ибн Ұзлағ ибн Тархан Әл-Фараби, яғни әкесі Ұзлағ, арғы атасы Тархан. Туған жері қазақтың ежелгі қаласы Отырарды арабтар Барба-Фараб деп атап кеткен, осыдан барып ол Әбунасыр Фараби, яғни Фарабтан шыққан Әбунасыр атанған. Бұл қаланың орны қазіргі Шәуілдір ауданы, Шымкент облысының территориясында. Замандастары жазған шежірелер бойынша алғанда,  оның арғы аталарының есімдері таза Түркі тілінде келтіріледі. Әбу-Насыр Әл-Фараби (Әбу-Насыр Мұхаммед ибн Мұхаммед ибн Тархан ибн Ұзлақ әл-Фараби ат-Түрки) (870-950) — Аристотельден кейін дүниежүзі білімі мен мәдениетінің екінші ұстазы атанған данышпан, энциклопедист ғалым.  Энциклопедист, ғалым, ойшыл, философ, математик, астролог, музыка теоретигі – ғалымның жан-жақты тұлғасын көрсетеді. Деректерде сауатын Түрікше ашқаны, өзін ақын және күйші, әнші ретінде танытқаны айтылады. Оның өлеңдерінен үзінділер де сақталған. Фарабидің күйшілік өнері туралы әңгімелер де көптеп кездеседі. Қай жерден шыққанын білдіру үшін аты жөніне өзінің туған мекенінің атауын тіркейтін сол заманның дәстүріне байланысты, ұлы ұстаз Фараби аталған. Әл-Фараби заманында бүкіл Орта Азия мен Түркістан Араб халифатының ықпалында болған. Соған байланысты қала халқы сауда саттық мәселесінде ислам қалыптасып, дамуына зор үлес қосқан араб, парсы, түркі тілдерін қатар қолданған. Соның ішінде рухани, ғылыми тіл араб тілі болған. Сондықтан, осы қалада сауат ашып, осы қалада білімге, ғылымға деген құмарлығы оянған. Ол кейін білім ғылым іздеп, көп жерді аралайды. Ақыры сол кезде әлемнің ғылым дүниесінің орталығы болған Бағдадқа келіп, сонда тұрақтап қалады. Сол кездің әйгілі ғалымдарымен кездесіп, олармен сырлас болады. Одан кейін ғылыми жолға түсіп, Грек, латын, санскрит және басқа тілдерді үйренеді. Ол өз заманындағы дамыған ғылым салаларының бәріне, өнеріне өзіндік үлес қосып, елеулі із қалдырады. Одан қалған ғылыми еңбектердің өзінің саны жүзден астам. Сол еңбектерді ғылым салаларына қарай бөлетін болсақ, олар мынандай: астрономия, астрология, математика, логика, музыка, медицина, табиғат ғылымдары, социология, лингвистика, поэзия риторика, философия болып келеді.

...

Скачать:   txt (61.7 Kb)   pdf (161.8 Kb)   docx (29.3 Kb)  
Продолжить читать еще 17 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club