Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Түркі дәуірінің ойшылдары мен ғалымдары еңбектерінің зерттелуі

Автор:   •  Сентябрь 20, 2018  •  Реферат  •  4,522 Слов (19 Страниц)  •  3,471 Просмотры

Страница 1 из 19

Қазақстан Білім және ғылым министрлігі

Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастер және әлем тілдері университеті.

Қазақстан тарихы және қоғамдық ғылымдар кафедрасы

Қазақстанның қазіргі заманғы тарихы пәні

СӨЖ

ТАҚЫРЫБЫ:

Түркі дәуірінің ойшылдары мен ғалымдары еңбектерінің зерттелуі

Орындаған: ШТПФ,116 оқу тобы студенттері

Муқаш М,Ыбырайым Д,Есекенова А 

Тексерген: т.ғ.к., доцент Жүзтаева Б.Н.

Алматы, 2017

Жоспары

Кіріспе                                                                                                                     3

1 Түркі дәуіріндегі ойшылдар мен ғалымдар

1.1   Әбу Насыр әл-Фараби                                                                               4-5                                                                                            

1.2   Әбу Әли ибн-Сина                                                                                        6                                                                          

1.3   Әбу Райхан Бируни                                                                                      7-8

1.4    Жүсіп Баласағұни                                                                                         9

1.5    Махмұд Қашқари                                                                                         10

1.6    Қожа Ахмет Иассауи                                                                                   11

2 Түркі дәуірінің ойшылдары мен ғалымдары еңбектерінің зерттелуі

2.1   Ж.Баласағұнидің «Құтадғу Білік» кітабы                                             12-14                                                                                                    

2.2   Қожа Ахмет Иассауидің «Диуани хикмет» кітабы                                  15

2.3   Махмұд Қашқаридің «Тарихи Рашиди» атты еңбегі                            16-17

                                                                                                             

Қорытынды                                                                                                          18

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі                                                                      19

Кіріспе

         Ел тарихын әйгілі тұлғалар арқылы зерделеу-қазақтың дәстүрлі таным түсінігінде ертеден қалыптасқан үрдісі.Қазақтың қария сөздерінде, яғни, шежірелік зердесінде тарих ұдайы жеке тұлғалардың өмір дерегі арқылы танылып отырады.Қоғамның саяси-әлеуметтік,мәдени-рухани ахуалы ұдайы жеке тұлғалар болмысы арқылы көрініс табады.Содан да болу керек,қазақтың дәстүрлі философиялық пайымдауында өмірді өзгертуден бұрын,алдымен адам санасын шыңдауға көбірек мән беріледі.Дәл сол сияқты шежірелік дәстүрде де қоғам дамуының жалпы ахуалынан бұрын,алдымен адам туралы мағлұмат беру басты нысана болып отырады.Сахара төсінде әр кез-кезеңде туындаған тарих туралы еңбектердің баршасы  ұдайы жеке тұлғалардың өмір дерегін негізге алу арқылы жазылған.

           Тарихи тұлға дегеніміз-жағдайға байланысты және жеке басының сапасына орай танылғандар деп келетін жалпылама анықтама белгілі. Қазақтың шежірелік зердесінде «адам-тарихтың негізгі тұлғасы,ал адам сапасы-тарихтың қозғаушы күші» деген түсінік бар. И.А.Ильиннің сөзінен айтқанда,халық шашырап жатқан ұлы тобыр.Ал,оның күш-қуаты шоғырланып,өзін-өзі халық ретінде айғақтауы үшін тұтастануы қажет,құқық еркімен мемлекеттік рух белгілі бір тарихи тұлғалар арқылы көрініс табуы керек.

         

1.1 Әбу Насыр әл-Фараби

       Әбу  Насыр әл-Фараби -Аристотельден кейінгі дүниежүзі білімі мен мәдениетінің екінші ұстазы атанған данышпан,энциклопедист,ғалым. Тарихшылар әл-Фарабидің шығу төркініне қатысты түрлі пікірлер айтада. Ибн Усейба «Мәлімет бастаулары» кітабында оның шын аты Әбу Насыр Мұхаммед ибн Мұхаммед ибн Ұзлағ ибн Тархан деп жазады.Ибн Халиққан болса «Атақтылардың өлімі» атты еңбегінде оның есімі Әбу Насыр Мұхаммед ибн Тархан ибн Ұзлағ екенін көрсетеді.Ибн Надим өзінің «Тізбегінде» оның есімі-Әбу Насыр Мұхаммед ибн Мұхаммед ибн Тархан дейді.Осы келтірілген мәліметтерге қарап,тарихшылардың барлығы оның есімімен келісіп,шығу төркініне келген уақытта түрлі пікір айтатынын білуге болады.Ал,ғалымның әкесінің аты-Мұхаммед екені айқын.Туған жері қазақтың ежелгі қаласы Отырарды арабтар Фараб  деп атаған.Осыдан барып,ол Әбу Насыр әл-Фараби,яғни Фарабтан шыққан Әбу Насыр атанып кеткен.Кейде оны жай ғана «Тархани» деп те атайды.Бізге жеткен деректерге қарағанда, оның әкесі сол тұста көшпеліліктен отырықшылыққа ауысқан түркі тайпаларының бірінен шыққан әскер басы екен.Бір нұсқада Фарабидің руы қаңлы-қыпшақ деп көрсетілген. Бұл шындыққа жақын келетін сияқты. «Тархан» деген атаудың төркінін екі түрде топшылауға болады.Біздің жерімізде мекендеген ежелгі түркі тайпалары «тархан» деген әскери лауазымды кісілер болған,осыған орай Фараби әскери ортадан шыққан деп жорамалдауға болады.Екінші жағынан,ежелден Сыр,Отырар бойын жайлаған тарихқа ертеден мәлім қаңлы тайпасында «Тархан» атты ру болған.Сондықтан да Фарабидің қазіргі қазақ ұлтын құрған байырғы рулардың бірі қаңлы-қыпшақтан шыққан деп айтуға толық негіз бар. Ибн Халлиқан әл-Фарабидің хижра жылы бойынша 339 жылы 80 жасында дүние салғанын айтады.Осыдан ол кісінің 259 хижра жылында туылғанын шамалауға болады.Біздер осылай болжам жасауға мәжбүрміз,себебі Екінші Ұстаз кейбір ойшылдар жасағандай өзінің өмірбаянын жазбаған немесе оның шәкірті де мұндай мәлімет қалдырмаған.Әл-Фараби саяхатты жақсы көрген.Оның 50 жасқа толғанына дейінгі сапары туралы ешбір тарихшы сөз қылмайды.Сол сияқты Фарабидің балалық және жастық шақтары жайында да ешнәрсе жазбаған,бірақ оның Отанын тастап Бағдатқа шыққан кезі туралы жазған тарихшылардың жазбалары бар. Әл-Фараби дін,ислам туралы білімдерден,фиқһ,хадис және тапсир білімдерінен сусындаған,араб,түркі және парсы тілдерін білген. Әл-Фараби кейінгі жылдары  математика мен философия салаларынан білім алады.Ибн Әбу Усейбия оның медицинағада ерекше зейін қойғаны туралы айтады.Екінші ұстаз Бағдатқа 310 хижра жылында келеді,бұл кезде ол 50 толған.Осы сәттен оның өмірінің толық кемелетке жетіп,айналасындағыларға ықпал еткен екінші кезеңі басталады.Бағдат шаһарында ол логика,лингвистика зерттеушілерімен кездеседі; логиканы Әбу Бишр Матта ибн Юнустан үйреніп,кейін ұстазынан асып түседі.Ибн Халиққан Фарабидің жетпістен астам тіл білгені туралы хабарлайды.Сонымен,Әл-Фарабидің грамматикадан тәлім берген ұстазы-Әбу Бәкр ибн әс-Сирадж,логика саласынан-Юханна ибн Хайлан.Оның философиядан жетік білуінің сыры-өзін Аристотельдің кітаптарын оқуға арнап,олардың мәнін түсінді.Көп тіл білгенімен қоймай қолданбалы музыка мен математиканы және медицинаны жақсы білді.Мұның барлығы Фарабиге түрлі білімдер үйреткен басқа да ұстаздар болды деген пайымға алып келеді,бірақ біз олардың есмдерін білмейміз.Ибн Халиққаның тұжырымдамасына сәйкес  әл-Фараби өзінің көптеген кітаптарын Бағдатта жазып шығарған.Бағдатта 20 жыл тұрып,Екінші Ұстаз Халебке Сейф әд-Даулә ибн Хамданның қамқорлығы астына бет алады.Сарайда исламның барлық ұлт пен мәдениеттердің атақты лингвист,әдебиетші,философтармен жүздеседі.Әл-Фараби өмір рақатына қызығып,мансап қуатын адам болмаған.Ол интеллектуалды еркіндік пен ақиқатқа құштарлық арманымен қарапайым ғұмыр кешкен адам .Ибн Әбу Усейбиа өзінің «уиюн әл-әнба фи табақат әл-әтибба» атты кітабында кейбір ғалымдардың қолжазбаларынан: әл-Фараби Египетке 337 хижра жылында кетіп,кейін Дамаскіге оралған.Сөйтіп Сейф әд-Даулә дәуірінде,339 хижра жылы ережеп айында Дамаскіде дүние салған деп дерек келтіреді.Ғалымның жерлеу рәсіміне қасына бірнеше нөкерін ерткен Дамаск әміршісі Сейф әд-Дауләнің өзі қатысады.Әл-Фараби қаладан шығатын кіші қақпадан шыға берісте жерлегенген.

...

Скачать:   txt (47.4 Kb)   pdf (174.9 Kb)   docx (29 Kb)  
Продолжить читать еще 18 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club