Н.А.Баскаков классификациясы. Түркі тілдерінің батыс және шығыс хұн саласы, оған кіретін негізгі тілдерге шолу жасау
Автор: Шырын Алмасова • Апрель 16, 2020 • Лекция • 641 Слов (3 Страниц) • 3,553 Просмотры
Н.А.Баскаков классификациясы. Түркі тілдерінің батыс және шығыс хұн саласы, оған кіретін негізгі тілдерге шолу жасау
Н.А.Баскаков классификациясы бойынша түркі тілдерін екіге бөліп қарастырады. Олар: шығыс хұн бұтағы және батыс хұн бұтағы.
I. Батыс хұн бұтағын төрт топқа бөліп қарастырады.
- Бұлғар тобы(солтүстік-батыс): көне тілдер – бұлғар тілі, хазар тілі, авар тілі, сувар тілі; қазіргі тілдер – чуваш тілі
- Оғыз тобы(оңтүстік-шығыс): а)оғыз-түркмен тобы: көне тілдер-оғыз тілі. ә)Қазіргі тілдер – түркмен; б)оғыз-бұлғар тобы: көне тілдер: печенег тілі; қазіргі тілдерге: гагауз, балқан түріктерінің тілдері мен диалектісі
- Оғыз-селжұқ тобы: көне тілге- селжұқ тілі мен ежелгі осман тілін жатқызамыз. Қазіргі тілге-әзірбайжан, түрік тілін қарастырамыз.
- Қыпшақ тобы(солтүстік-шығыс): а) қыпшақ тобы: көне тілі-құман немесе қыпшақ тілі; қазіргі тіл-қарайым, құмық, қарашай-балқар, кырым татарлар тілі. Ә) қыпшақ-бұлғар тобы: көне тілі: батыс алтын орда тілі, қазіргі тілдер-татар, башқұрт тілдері. Б) қыпшақ-ноғай тобы: көне тілі – ежелгі қазақ, ежелгі қарақалпақ тілі; қазіргі тілге – ноғай, қарақалпақ, қазақ тілі жатады.
- Қарлұқ тобы(оғтүстік-шығыс): а) қарлұқ-ұйғыр тобы: көне тілі-қарахан дәуіріндегі және одан кейінгі дәуірдегі ұйғыр тілі. Ә) қарлұқ-хорезм тобы: көне тілі-қарлұқ-хорезм, шығыс алтын орда,шағатай, ескі өзбек тілі, ескі ұйғыр тілі; қазіргі тілге-өзбек және ұйғыр тілі жатады.
II. Шығыс хұн бұтағы – шығыс аймақта орналасқан тілдерді қарастырамыз.
- Ұйғыр-өзбек тобы (солтүстік): а) ұйғыр-түрік тобы: көне тілі – ежелгі оғыз, ежелгі ұйғыр тілі; қазіргі тілге – тува, тофа(диалекті)
Якут тобы: қазіргі күні якут тілін қарастырамыз.
Хакас тобы: қазіргі тілге: хакас,шор, шұлым тілі
- Қырғыз-қыпшақ тобы: көне тілі- ежелгі қырғыз тілі; қазіргі тіл- қырғыз, алтай тілін жатқызамыз.
Бұлардың бір-бірінен айырмашылығы батыс хұн бұтағында ортақ байланысты изоглоссадан құралған. Дауыстылар – ашық дауыстылардың болмауы.
Дауыссыздар – қатаң және ұяң дауыссыздардың анық естілуі.
Бұлғар тобына көне бұлғар, хазар және чуваш тілі жатқызылады. Фонетикалық ерекшеліктері: екі еріндік, екі езулік дыбыстардан тұратын вокализмдер жүйесінің болуы; е дыбысының йе дифтонг дыбысына айналуы; сөз соңында ротацизм құбылысының орнығуы (з ~ р); с дауыссызының й ~ ж ~ дж ~ ч дыбыстарына өзгеруі; д ~ т ~ з ~ й дыбыстарының р дыбысына ауысуы;
Оғыз тобының негізгі фонетикалық ерекшеліктері: сегіз қысқа дауысты дыбыстың болуы; қысаң дауыстылардың қосымшалар құрамында қолданылуы; сөз басында қатаң қ/к, т дыбыстарының ұяңдануы; ғ, г дыбыстарының сөз соңында сақталуы, түбір мен қосымша жігінде түсіп қалуы; сөз басындағы п/б дыбыстарының түсіп қалуы.
...