Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Поэзия Кешi: «Бөбегім менің-өлеңім менің»

Автор:   •  Сентябрь 26, 2021  •  Доклад  •  1,943 Слов (8 Страниц)  •  498 Просмотры

Страница 1 из 8

ОРТАЛЫҚ ҚАЛАЛЫҚ КІТАПХАНА

ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ БӨЛІМІ

ПОЭЗИЯ КЕШІ:

«БӨБЕГІМ МЕНІҢ-ӨЛЕҢІМ МЕНІҢ»

(МӘРИЯМ ХАКІМЖАНОВАНЫҢ

110 ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛҒАН)

                                                                               

                                                                                                 Дайындаған:

ҚКБ  кітапханашылары

                                                                            Карекина К.Б.

         Касенова Е.А

ЕКІБАСТҰЗ 2016 Ж.

Мақсаты: Мариям Хакімжанованың шығармашылығымен, қайраткерлік жолдарымен таныстыра отырып жасұрпақты отансүйгіштікке, ұлтжандылыққа  тәрбиелеу.

Көрнекілігі: «Бөбегім менің-өлеңім менің»  атты кітап көрмесін ұйымдастыру, портретін, қанатты сөздерін ілу. Слайд және электронды кітап көрмесін көрсету.

Мариям Хакімжанова

1-жүргізуші:

Жердің беті тарам-тарам жол екен,

Қызығы да, қиыны да мол екен.

Біреу келіп, біреу жылап барады,

Өмір деген отты өткел сол екен.

Армысыздар жыр сүйер қауым! Көкірегіне құс ұя салған, қазақтың ақын қызы Мария Хакімжанованың 110 жылдық мерей тойына арналған «Бөбегім менің-өлеңім менің» атты поэзия кешіне хош келдіңіздер.

Саналы ғұмырында бар деп тасымаған, жоқ деп жасымаған ақын нендей қиындық кешсе де тәубесінен жаңылған емес. "Бақыт деген бар ма екен жер бетінде, жаратты екен жекелеп оны кімге»  деп сауал қойғанымен, «бақыт-байлық мен үшін осы өлеңім, өмір-жасың ұзақ боп, артымда қал! Керегі  жоқ бақыттың өзіме дәл, маған деген бақ болса бөліп-ақ ал» деп, өлеңнен өзгеге пәлендей мән бермейтінін байқатады.

2-жүргізуші:

Осыдан тура жүз он  жыл бұрын, яғни 1906 жылдың қараша айында Қостанай өңірінің Мезгіл деген қайыңды тоғайының бауырындағы Хакімжан мен Төлегеннің отбасында Едірес, Ахметжан дейтін ұлдарынан кейін асыға күткен қыздары дүниеге келді. Жерге шыр етіп түскенде, әкесінің жанға өлшеген жақсы айғыры мерт болды. “Қызым құнын алып туды”, деді әкесі. Өзінен кіші Мәрзия атты сіңлісі төрт жасында қайтыс болды. Екі аға және Мұхамеджан, Жақия есімді інілерінің ортасында Мәриям бұлаңдап өсті. Алғашқы ұстазы Сұлтанғазы Ахметовтен жеті жасынан сауатын ашып, бабасы Ыбырай Алтынсарин негізін салған “орысша, қазақша оқытатын ауылнайлық школа” деп атайтын мектепте оқыды. 15 жасында Тобыл өзені бойындағы Ботпаншық өткелінің Нысанбай ауылына келін боп түсті.

Сіздердің назарларыңызға «Жарқын бейне» телебағдарламадан қысқаша үзінді ұсынамыз. №1, жалғасы

2-жүргізуші:

1929 жылы Алматыға оны бүкіл ел боп шығарып салды. Қарт ата-ана, абысын-ажын, бала-шаға қимай қоштасып, үй-ішіндегілер Мәриямның қолдарының балшыққа сұлбасын түсіріп, қатырып, сандыққа салып қойды. “Сені сағынғанда, саусақтарыңның ізін ұстап, мауқымызды басамыз”, деді.

Алғашқы туындысы туралы бейнеролик сіздердің назарларыңызға. №2

Өлең: «Қайран елім!» 13 б. №2том

1-жүргізуші:

1934 жылы КСРО Жазушылар одағына мүше боп қабылданды. Мәскеу қаласында өткен жазушылардың 1 съезіне делегат боп қатысты. 1935 жылы “Жеңешем өлеңдері” кітабы жарық көрді. Мұның бәрі қазақтың классик жазушысы Бейімбет Майлиннің тікелей ықпал етуімен жүзеге асып жатты. Бұл кезеңде жеке басының тағдыры да мамыражай қалыптасып, Серғали Бермұхамедов сынды музыкалық сан алуан аспаптардың құлағында ойнайтын шебер орындаушы, заң саласы қызметі мен сал-серілік қасиетті қатар ұстаған жігіттің сұлтанымен тұрмыс құрған еді. “21 жасымда өлідей, 31 жасымда тірілей жесір қалдым, екі рет күйеуге шыққанымда, он жыл да бірге тұрмаппын”, дейтін. 1937 жылы Серғали “халық жауы” деген жаламен ұсталып кетті.

...

Скачать:   txt (24.2 Kb)   pdf (118 Kb)   docx (19.3 Kb)  
Продолжить читать еще 7 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club