Менің Отаным - Қазақстан
Автор: madina9797 • Май 4, 2018 • Лекция • 603 Слов (3 Страниц) • 2,351 Просмотры
Тәрбие сағатының тақырыбы: Менің Отаным - Қазақстан
Мақсаты:
Білімділік: Жас ұрпақты Отанын сүюге, еліміздің рәміздерін қастерлеуге, бай - қуатты ел екендігін мақтан етуге үйретіп, туған еліне, жеріне деген сүйіспеншілігін арттырып, махаббат сезімін ояту;
Дамытушылық: Отанын, туған жерін қорғай білуге, халқымыздың талантты ақындарының өлеңдері мен ата - бабаларымыздың өнгеге етіп қалдырған даналық сөздері арқылы оқушыларды ұлтжандылыққа, атамекенін көздің қарашығындай сақтай білуге, патриоттық сезімге тәрбиелеу;
Тәрбиелік: Ойларын жүйелі түрде жеткізе білу, шығармашылықпен жұмыс жасап, мәнерлеп өлең оқып, мағынасын түсіне білу дағдыларын дамыту.
Көрнекілігі: Елбасы суреті, Қазақстан Республикасының картасы, рәміздер, авторларының суреттері, қанатты сөздер, гүлдер, слайд, Астана және Арал қалаларына байланысты суреттер.
Барысы:
І Ұйымдастыру кезеңі
Сәлеметсіндерме құрметті оқушылар, тәрбие сағатына қатысушы қонақтар. Біздің бүгінгі «Менің Отаным – Қазақстан» атты тәрбие сағатына қош келдіңіздер. Тәрбие сағатымызды бір – бірімізге жылы тілектерді айтумен бастайық. Оқушылар тілектерін білдіреді).
Біздің Отанымыз-Қазақстан. Мемлекетіміз тәуелсіздік алғалы Қазақстан Республикасының жетістіктері өсуде. Осынау жылдарда елдігімізді танытып, еңсемізді көтерген қаншама ұлы оқиғалар бар. Қазақстан Республикасы 1991 жылы16 желтоқсанда өзінің тәуелсіздігін жариялап, дербес мемлекет болды. Осы өткен жолдарымызға қарасаақ, әр жылдың өз шежіресі, сыры, тарихы, қасиеті бар. Қазақстанды мекендеген барлық халықтардың ұлттық мәдинетін көркейтіп, бірлігі мен ынтымағын жарастырып отырған ұлы елміз. (Көрнекіліктер бойынша суреттер түсіндіріледі).
Көп аузынан түспейтін, Отан - сенің ата - анаң,
Отан деген немене?, Отан - досың, бауырың.
Оның тұлға түс кейпін, Отан - өлкең, астанаң,
Достым білгің келе ме? Отан - аудан, ауылың. Дей келе оқушылар сендермен пікір алмасып, сұрақ қойғым келеді.
- Балалар, біздің Отанымыз қалай аталады екен?
- Қазақстан
- Мен оның күнін сүйем, түнін сүйем,
Ағынды өзен, асқар тау, гүлін сүйем.
Мен оның құдіретті үнін сүйем,
Мен оның қасиетті тілін сүйем.
- Бұл өлең не туралы?
- Туған жер, Отан туралы.
- Отан деген не?
- Отан деген адамдардың туып-өскен жері.
Қазақстан дейтін менің бар елім
Жатыр алып жарты дүние әлемін
Бұл даланы анам жаспен суарған
Бұл далада атам қолға ту алған
Бұл далада жылап келіп уанғам
Бұл даланы көріп алғаш қуанғам
Бұл далада өскен жанда жоқ арман
Сергіту сәті (Көңілді күн)
Еліміз 1991 жылы 16 желтоқсанда өзінің тәуелсіздігін жариялап, дербес мемлекет болды. Бүгінде Қазақстан елі дүние жүзіндегі көптеген елдермен достық қарым-қатынас орнатқан әлемге танымал елге айналды. Қазақстанның тұңғыш рет өз Ата заңы қабылданды. Тәуелсіздік туы, көк байрағы желбіреп, асқақтаған Әнұраны шырқалуда Қазақстанның жаңа Астанасы күннен күнге жаңарып гүлденуде. Егеменді тәуелсіз Қазақстанды бүкіл әлем таныды.
...