М.Әуезовтің жас шағындағы дүниетанымдық ізденістері
Автор: ajganym.balkatai • Сентябрь 18, 2021 • Реферат • 1,526 Слов (7 Страниц) • 368 Просмотры
М.Әуезовтің жас шағындағы дүниетанымдық ізденістері
М.Әуезовтің жас шағындағы дүниетанымдық ізденістері мен шығармашылығының құндылық бағыттарын анық көрсететін ьақалаларының тағы бірі — өз тұсында терең ізденіспен жазылған «Философия жайынан» мақаласы. Ол ғылымдар тарауының түйіскен жері- философия деп есептейді, оны терең ойдың ғылымы, адамның ақыл аумағын кеңейтетін, ақиқатқа жетуге жол көрсететін, адам санасы мен танымын дамытатын ғылым деп түсіндіреді.
Жас Мұхтардың философия мен діннің ара қатысын ашуға талпынуы, әсіресе дін ауқымының кеңдігін, оның ақылдан бұрын жүректі тәрбиелейтініне, мінезділікке үйрететініне оқырман назарын аударуы танымдық тұрғыдан да құнды. Аталмыш жұмыста ол философияның мынандай бөліктері мен тарауларын қарастырады: гносеология, логика, психология, философия тарихы, метафизика, онтология, рационалдық теология, рационалдық космология, рационалдық психология деп бөледі.Әрі қарай философия тарихын: ескі және жаңа философияға бөліп, қазақ танымына ыңғайлап, Фалестен немістің классикалық философиясына дейін желі арта отырып түсіндіреді.Өз мақаласын «философия адамшылық жолындағы қараңғы қалтарыстарда қолға ұстайтын шамшырақ» деп аяқтайды.
Жалпы, біздің ойымызша, М.Әуезовтің 1918-1930 жылдар аралығындағы басылымдарда жарық көріп, белгілі себептермен ұзақ уақыт бойы ғылыми айналымға түспей, сондықтан да көпшілік игілігіне толық айнала қоймаған мақалаларына алдағы уақытта арнаулы зерттеу жасау- қазіргі уақыт талабы.
М.Әуезовтің жоғарыда аталған мақалаларында айтылған ойлары, теориялық тұжырымдары мен идеялық ізденістері қазіргі үшін қарапайым болып көрінуі әбден мүмкін. Алайда, тоталитарлық замандағы идеологиялық күрес, таптық тартыс, жағдайында жарық көрген жас Мұхтар туындылары- біздер үшін өте құнды мұра. Сондықтан, әуезовтану ісін дүниетанымдық тұрғыдан алғанда да көңіл аударуға тұрарлық іс.
М.Әуезов, ең алдымен, ғалым-жазушы, көркем ойдың, сол арқылы көркем идеяның алыбы. Бұл ой мен идея асқақ міндет, мұрат-мақсат ретінде оның бүкіл саналы өміріне, құлшыныс-құштарлығына қанат беріп, өзекті тақырыбының арқауын анықтап берді. Ал Әуезов сынды ғұлама-жазушы өзі үшін мұны бүкіл өмір жолының ең басында-ақ айқындап алған болатын. Ол-Абай тақырыбы. Жас Мұхтар Абай өлеңдерінің қолжазба жинақтарын оқып сауатын ашты, бала кезінен-ақ оның ақындық әлемінің құдіретті қуатын бойына сіңірді, сонан соң өзінің өлшеулі өмірін түгелдей ұстазының шығармашылығы мен мұрасын зерттеп, оны тануға, насихаттауға, басқаларға танытуға арнады. Бұл күндері Әуезовтің табандылығы болмаса оқырмандардың бүгінгі ұрпағы Абайды, ол арқылы сол замандағы қазақ қоғамының даму динамикасын танып біле алмаған болар еді деуге біздің толық хақымыз бар. Ғұламаны тек ғұлама ғана түсінеді және таниды.
Жоғарыда айтылған «Абай» журналында да ғылымның, саясат пен өнердің мейлінше әр алуан тақырыптарына арналған мақалаларымен қатар Абай шығармашылығы туралы да жазылған мақалалары кездеседі. 1923 жылы Мұхтар Омарханұлы «Қазақ әдебиетінің қазіргі дәуірі» деген тарихи-әдеби сынжазады, онда Абайға едәуір орын берілген. Бұл еңбек кезінде барынша танымал болды, жалпы ұлттық бас ақын ретіндегі Абайға деген қоғамдық көзқарасты қалыптастырады.
Бұрынғы Кеңес үкіметі тұсында орыс совет әдебиетінің 20-30 жылдардағы даму кезеңі белгілі дәрежеде жақсы зерттелген. Осы кезде оларда түрлі әдеби бағыттар мен мектептер де өркен жайғаны белгілі.Бұл жылдарда ұлт республикалары да творчестволық жалынға толы болды. Біздің Қазақ Республикасы да солардың қатарында еді,мұнда да Ахмет Байтұрсынов, Міржақып Дулатов, Мағжан Жұмабаев, Жүсіпбек Аймауытов тағы басқалар сияқты жарқын таланттар жарқырай көрініп, қайталанбас тұлғалар халқына қызмет етуді алдарына ұлы мақсат тұтып еді. Әттеген-ай, қазіргі қазақ зиялылары да өз халқына осындай қызмет жасаса, нұр үстіне нұр болар еді.
...