Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Бір кем дүние. Ұятсыз болма

Автор:   •  Октябрь 17, 2020  •  Эссе  •  399 Слов (2 Страниц)  •  732 Просмотры

Страница 1 из 2

                                          Бір кем дүние

                                          Ұятсыз болма

        Адами қасиет дегенде, ойыма бірден ар-ұят деген қасиет келеді . Ұят, ар, намыс туралы көптеген ойлар айтылған. Жәнеде ол тақырып әлі де қозғалады...

       Ар-ұят деген адамдықтың белгісі және адам бойындағы ең керекті, жағымды қасиеттердің бірі. Қоғамдағы ең бағалы адам – ол әдепті адам, яғни, ұяты бар адам. « Мал сақтама, ар сақта » дейді ғой қазақта. Қазақтар ар-ұятты мал-мүліктен де жоғары ұстаған екен.

      Өкінішке орай, қазіргі таңда қоғамда ар, ұят, иман деген құндылықтар мүлдем  азайып бара жатыр. Жүріс-тұрыс, киім-киіс жағынан да, рухани, адами тұрғыдан да. Оған себеп не ? Біріншіден бұған себеп, қазіргі тәбие.

       Ұят- тәрбиеден басталады. Осыдан он бес ,жиырма жыл бұрын ғана ата-аналар баланың әрбір әрекетін бақылап, ненің дұрыс, ненің бұрыс екенін ескертіп отыратын. Артық күлкі, артық ұйқы, артық тамақтың өзін арсыздыққа балаған. Ал қазіргі бала тәрбиесіне ата-аналар немқұрайлықпен қарауда. Оған себеп -олардың жұмысындағы жүктемелер. Жұмыстан қолы тимеген ата-аналардың балалары өз бетімен кетіп, жаман ортаға ұрынып қалуы мүмкін. Орта- адамға ең күшті әсер етенін  зат. Ортаға кіріп, өзгермей шыққан адам болмайды.

       Жәнеде ар-ұяттың құндылығының төмендеуі , қазіргі замандағы жаңа стандарттарға байланысты. Жалаңаштану, іс еркі, ой еркі - модаға айналды. Бұрын ерсі көрінген іс-әрекеттер мен заттар , қазір үйреншікті нәрсеге айналды.  Бұл дұрыс емес жағдай. Менің ойымша, әр адам өзінің әрбір ісіне есеп беріп отыруы қажет. Өзіне ешқандай кедергі болмаса да , бұл басқа адамдарға ыңғайсыздық туғызуы мүмкін.

        Шерхан Мұртазаның айтуы бойынша « Адамға бала жастан ең керегі- ұят деген қасиет. Ол туа бітеді. Бірақ кейбіреуі өсе келе, үлкейе келе ұяттан жұрдай болады ». Шыныменде, мен Шерхан атамыздың айтқанына келісемін,  адам туыла салып мінсіз, таза болып туылады емес пе ? Тек өсе келе әртүрлі жағдайлардың әсерінен өзгеріп отырады.

...

Скачать:   txt (3.7 Kb)   pdf (37.9 Kb)   docx (7.6 Kb)  
Продолжить читать еще 1 страницу »
Доступно только на Essays.club