Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Ит пен мысықтың жыныс органдарының анатомиялық-топографиялық ерекшеліктері

Автор:   •  Октябрь 29, 2021  •  Реферат  •  2,939 Слов (12 Страниц)  •  455 Просмотры

Страница 1 из 12

ҚАЗАҚСТАН АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ МИНИСТРЛІГІ[pic 1]

ЖӘҢГІР ХАН АТЫНДАҒЫ БАТЫС ҚАЗАҚСТАН АГРАРЛЫҚ-ТЕХНИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

                      «Ветеринарлық медицина және мал шаруашылығы» институты

Тапсырма 1

« Ит және мысықтардың акушерлік-гинекологиялық аурулары » пәні бойынша

Тақырыбы:  Ит пен мысықтың жыныс органдарының анатомиялық-топографиялық ерекшеліктері.

Орындаған: ВМ-43 топ студенті Ақбасова . Ф

                                                  Тексерген: о.Сенгалиев Е.М

        

Орал,2021

  1. Ит пен мысықтың жыныс органдарының анатомиялық-топографиялық ерекшеліктері.

Аталық көбею мүшелері – organa genitalia masculina ен, енқосымшасы, шәуеттік жол, енқап, несеп-жыныстық өзек, қосалқы жыныстық бездер, жыныстық мүше және оның терілік бүрік басы күпек жатады. Осы мүшелердің ішінде аталық жыныстық жүйенің негізгі қызметін ен атқарады. Жыныстық жолдарға енқосымшасы, шәуеттік жол, несеп-жыныстық өзек, көмекші мүшелерге енқап, күпек жатады.

[pic 2]

Ен – testis. s.didymes, s.orchis пішіні сопақша келген паренхиматозды жұп мүше. Енде аталық-жыныстық торшалар-спермийлер жасалынады. Бұнымен қатар онда аталық жыныстық гармондар да түзіледі. Еннің басқа ішкі мүшелерден айырмашылығы – оның құрсақ және жамбас қуыстарынан тыс енқапта орналасады. Ол осы жүйенің басқа мүшелерімен енбау арқылы жалғасып жатады. Ен енқосымшасымен тығыз байланыста болады. Еннің екі:  бастық ұшы – extremitas capitata және құйрықтық ұшы – extremitas caudata, екі жиегі: енқосымшалық жиек – margo epididymis және оған қарама-қарсы бостық жиек – margo liber, латеральдік және пирамидалық беттері болады. Еннің бастық ұшына ен қосымшасының басы, құйрықтық ұшына оның құйрығы жанасып жатады. Ен сыртынан өзінді қынаптық сірілі қабықпен – tunica vaginalis propria қапталған. Бұл сірілі қабық еннен енқосымшасына өтеді де, оны сыртынан қаптап, одан әрі сыртқы жалпы қанаптың қабыққа ауысар алдында екі қабат сірілі қабықтан тұратын ен шажырқайын түзеді. Өзіндік қынаптық сірілі қабық астында енді тығыз дәнекер ұлпалық ақтық қабық – tunica albuginea қаптап жатады. Осы ен ортасынан еннің сыртқы ақтық қабығына қарай тығыз дәнекер ұлпалық перделіктер – septula testis ен паренхимасын – parenchima testis көптеген бөліктерге бөлінеді. Сөйтіп, ен екі бөлімнен: строма және паренхимадан құралған. Ен стромасын ақтық қабық енортасы және перделіктер түзеді. Ен стромасы арқылы енге қоректендіруші тамырлар және оның қызметін реттеуші жүйкелер өтеді. Ал ен паренхимасын перделіктер аралықтарындағы бөліктер жиынтығын құрайды. Бұл бөліктерді қабырғаларындағы аталық жыныстық торшалар-спермийлер түзілетін иректелген ұрықтық түтікшелер және олардың аралығында жатқан аралық ұлпа түзеді. Иректелген ұрықтық түтікшелер енортасына қарай бағытталып, түзу түтікшелерге айналады. Олар енортасында бір-бірімен жалғасып, ендік торды жасайды. Интерстициальдік ұлпа торшалары аталық жыныстық гармонды түзіп, қанға шығарады.

Енқосымшасы – epididymis жыныстық жолдарға жатады. Енқосымшасы қуысында спермийлер жиналады, уақытша оның қабырға сөлімен қоректенеді. Қабырғалық сөлдің әсерінен спермийлер қозғалмай, өздерінің тіршілік қасиеттерін сақтайды. Спермийлер жиынтығын шәует дейді.

Енқосымшасының басы, денесі және құйрығы – caput, corpus et cauda болады. Еннің бастық ұшы жағынан шәует ендік тор түтікшелерінен алыпшығушы өзекшелер арқылы енқосымшасы өзегіне өтеді. Алыпшығушы өзекшелер енқосымшасының бөліктерін түзеді. Олар бірігіп енқосымшасының басын, ал енқосымшасының өзегі иректеліп, оның денесі мен құйрығын құрайды. Енқосымшасының өзегі ен құйрығынан шәуеттік жолға ауысады. Енқосымшасының құйрығы енмен өзінің арнайы байламымен, ал еннің жалпы қанаптық қабығымен еннің шаптық байламымен байланысады.

...

Скачать:   txt (40.4 Kb)   pdf (193.8 Kb)   docx (91.8 Kb)  
Продолжить читать еще 11 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club