Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Абайдың екінші қарасөзі

Автор:   •  Январь 24, 2024  •  Эссе  •  393 Слов (2 Страниц)  •  107 Просмотры

Страница 1 из 2

Абайдың екінші қарасөзі

Абай өз заманына ойып тұрып із қалдырған, қазақ әдебиетін қалаушылардың бірі. Абайда өлең   дейсіз бе өлең, табиғат лирикасы ол да бар, поэма ол дерсіз , қарасөздерінің мәні тіпті бөлек. Ақынның қазақ  әдебиетінің негізін қалаған деп айтуымыздың да бірден-бір себебі осы.

Абай қарасөздерінің ауқымы мен берер  мәні зор. Себебі,  ақын әр қарасөзінде ұлт қамын ойлайтын, терең  ауқымдағы ойларды қозғайды. Меніңше,  қарасөздер Абайдан басқа ешкімде болмағаны да ақын даралығын айқындайтындай. Солардың  бір екінші қарасөзі де халық қамын ойлаған, ұлтының қамы  үшін шыр-пыр болған ақынның жан айқайының көрінісі. Бұл қарасөзінің мәнін «Жыртық тесікке күледі»  мақалы айқындап тұрғандай.  Себебі, жұртқа сын айтқаннан гөрі өз бойымызы түзеп, өз мінімізден арылып алған барынша дұрыс.  Ақынның айтпағы өзге елге күліп, мысқылдап отырғанда өзіміздің қайда қалғанымызды білмей қалмайық деп сақтандыруы.  Қазақтың орысты «сасыр бас», ал ноғайды «ұсақ саудагер» деп келеке етуінің жөнсіз екенін , оларды келеке етіп отырып, өзіміздің  деңгейдің соларға да жетей алмауынан сақтандырғысы келген ақынның бұл қара сөзінің  мәні зор. Себебі, қай халық болсын өзінің  ұлтының озық білімді, әрқашан алда болғанын қалайды. Ал бұл дәрежеге жету  үшін басқа елді кекетіп-мұқатудың,  оларға күлудің қажеті жоқ.  Ешбір ұлт бір-бірін аңдымай , өз-өзімен әуре болса сонда ғана жаһандану болары анық. Негізінен бұл әр жеке тұлғаның  дамуына, одан қалса отбасындағы тәрбиеге келіп тірелері хақ.  Одан қала берді ақынның өзі айтпақшы «толық адам» ілімі де бар. Көрдіңіз бе?! Ақынның әрбір ілімі мен қарасөзі бір-бірінің тұтқасы секілді.

...

Скачать:   txt (4.7 Kb)   pdf (54.4 Kb)   docx (8 Kb)  
Продолжить читать еще 1 страницу »
Доступно только на Essays.club