Екінші реттік метаболиттер
Автор: dianabai • Февраль 14, 2018 • Реферат • 696 Слов (3 Страниц) • 3,742 Просмотры
Екінші реттік метаболиттер немесе идиолиттер дегеніміз – микроорганизмнің тіршілігіне, өсуіне қажетсіз төменгі молекулалық қосылыстар. Олар құрамы бойынша аз мөлшерде синтезделетін таксономиялық топтар жəне бір химиялық топқа жататын жақын туысты қосылыстар қоспасы болып келеді. Екінші реттік метаболиттерге: антибиотиктер, алкалоидтар, өсу гормондары жəне токсиндері жатады.
Екінші реттік метаболиттер синтездері кезінде микроорганизмдер бірінші тез өсу сатысынан (тропофаза) өтіп, кейін өсуінің бəсеңденуіне байланысты, идеофазаға ауысады. Осы идеофаза сатыларында идеолиттер түзіледі.
Антибиотиктер көбінесе микроорганизмдер синтезі нəтижесінде алынатын органикалық қосылыстар жəне фармакология саласында қолданылатын дəрмектердің ең үлкен класына жатады. Олар белгілі бір концентрацияда тиісті микроорганизмдердің дамуын тежеп немесе мүлде құртып жібере алады. Бұл класқа зең саңырауқұлақтарына қарсы агенттері, ісікке қарсы дəрілер мен алкалоидтар жатады. 1945 жылы Кальари (Сардиния) қаласындағы гигиена институтынан Бротзу деген ғалым теңіз суы сынамасынан антибиотиктер синтездей алатын Cephalosporium acremonium саңырауқұлақтарын тапты. Антибиотиктер ішіндегі цефалоспорин С, пеницилиндерге тұрақты грамм оң бактерияларға қарсы тиімділіктерін байқатқан. Мұндай дəрмектер түріне жəне оның қолданылу мөлшеріне байланысты, бактерицидтік немесе бактериостатикалық əсер көрсетуі мүмкін. Бұлардың ішіндегі ең көп сұранысқа ие болғандары – пенициллин, цефалоспорин мен тетрациклиндер.
Антибиотиктерді тек қана микроорганизмдер ғана емес, сонымен бірге өсімдіктер мен жануарлар жасушалары да синтездей алады. Өсімдіктерден алынатын антибиотиктер фитонцидтер деп аталады. Бұлардың қатарында сарымсақтан (чеснок) алынатын хлорелин, томатин, сативин жəне пияздан дайындалатын алин фитонцидтерін атауға болады.
Антибиотиктерді алудағы химиялық синтездер үдерістерінің күрделі болуына байланысты, олар қымбат болып келеді. Аталған өнімнің биотехнологиялық өндірісі өнеркəсіптің экономикалық тиімді саласы болып табылады. Антибиотиктің көп тараған 4-тобы бар:
1) пенициллин;
2)цераласпирин;
3)эритомицин;
4)тетрациклин.
Антибиотиктер өте жоғары биологиялық белсенділікке ие. Мысалы, эритомицин антибиотигі 001-0,25 мкг/мл концентрацияда грамм оң бактерияның өсуін тежей алады. Антибиотиктер əртүрлі химиялық қоспалар класына жатады. Антибиотиктің класификациясы олардың əсер ету механизміне негізделеді. Əсер ету механизміне байланысты антибиотиктер төмендегідей болып жіктеледі:
1. Жасушалық мембрананың қызметін бұзатын антибиотиктер (полиендер, валимоцин, грамицидин).
2. Жасуша қабырғасының синтезін тежейтін антибиотиктер (пенициллин, цефалоспарин).
3. Ақуыз синтезін тежегіштер (тетрациклин).
4. РНҚ синтезін тежегіштер (гризофульвиндер, канамицин, оливомицин),
5. ДНҚ синтезін тежегіштер (актиномицин Д, митомицин).
6. Пурин жəне пиримидин негіздерін тежегіштер (азосерин, сорколизин).
7. Тыныс алу үдерісінің тежегіштері (олигомицин).
8. Тотыға-фосфорлануды тежегіш антибиотиктер (валиномицин, грамицидин, колицин).
Қазіргі кезде əр түрлі микроорганизмдер культураларынан алынатын түрлі антибиотикалық заттардың немесе олардың негізі жартылай синтетикалық болып келетін дəрмектердің 6000-дай түрі зерттелген. Антибиотик өндірушілері ретінде бактериялар, актиномицеттер мен саңырауқұлақтарды пайдалануға болады. Мысалы, актиномициттерден антибиотиктердің 3000-ға жуық түрін алады.
...