Iндетке карсы кyрескен абай
Автор: gumi1977 • Март 11, 2024 • Доклад • 584 Слов (3 Страниц) • 83 Просмотры
ІНДЕТКЕ ҚАРСЫ КҮРЕСКЕН АБАЙ
Әлемде оба (чума) індетінен бір ғасыр ішінде 150 миллион адам, холерадан 10 миллион адам, қара шешектен - 400 миллионға жуық адам, Испан тұмауынан 60- 100 миллион арасында адам, бүгінгі таңдағы медицина ғылымы дамыған ХХІ ғасырда коронавирустан 500 миллионға жуық адам ауырып, 6 миллионнан аса адам көз жұмды.
Осы орайда тарихқа көз жүгіртсек елімізде болған індеттер қаншама адамды өмірден жұлып әкеткендігін байқауымызға болады. Оба, шешек т.б. індеттен болған зияндарды тарих, әдебиет беттерінен да оқып жүрміз. Соның бірі Мұхтар Әуезовтің «Абай жолы» романының «Түн-түнекте» тарауында Абай заманында тараған індет жайлы айтылады. Абай Құнанбайұлы Семейге келген бір сапарында шаһарда жұқпалы індеттің тарап жатқаны жайында естиді. Семейде Абайдың Федор Павлов деген досы болған. Павловтың әйелі дәрігер еді. Содан ақыл сұрап, жұқпалы дерттің қауіптілігі жөнінде біледі. Бірінші кезекте, Абай халыққа жаназа рәсімдерін өткізуге қатысты бірқатар өзгеріс жасауды түсіндіру керегін ұқты. Қаза болған адам үйіне, жаназаға халық аз жиналсын. Мәйіт шыққан үйге көп адам келіп-кету болмасын. Ол үйде ас ішу, халыққа тағам тараттыру, жетісін, қырқын жасау уақытша тоқталсын!-дейді. Сөйтіп ақын халық арасында дұрыс тамақтану, жеке бас тазалығын сақтау жөнінде базарларды аралап өзі түсіндіруге кіріседі. Бастапқыда елдің барлығы Абайдың пікірін қолдамады, орыстың сатқыны деп айыптап, діни рәсімдерге араласуы орынсыз деп шешті. Бірақ Абай ағарту жұмыстарын тоқтатпады, тыңдаған елді аман алып қалды. Дәл осы жағдай бүгінгі таңдағы орын алаған, әлемді әбігерге салған ковид- 19 тұсында да қайтадан өзекті болғанын аңғарамыз. Яғни көпшілік орындарға бармау, жаназаға адамдардың аз келуін насихаттау, індеттің қауіптілігін түсіндіру жұмыстары жүргізілгенін білеміз.
Індет демекші, осы орайда ұлы Мұқағалидың өмірлік жары болған Лашынның нағашы атасы Қырманшы да бір ауыл оба індетінен түгел қырылып қалғанда, Абайдың айтқан сақтық шараларын мүлтіксіз орындағандықтан ғана бір ғана отбасы аман қалады.
Абай заманында Нарынқол өңірін жайлаған бұл оба індеті құндыз деп аталатын терісі бағалы су тышқанынан тараған екен. (слайд 6)
Бүгінгі таңдағы Қытайда басталған коронавирус індеті əу баста адамдарға жарқанаттан жұққан деп есептейді ғалымдар.
Осылайша Абай атамыздың қалың елі қазағына обаға қарсы күресте індеттен аман қалудың тура жолын сілтегеніне куə боламыз. Ендеше осы жұқпалы індетпен күресуде өз үлесін қосқан Абай атамызды қалай дәріптесек те жарасады. Сондықтан 2 курс студенттері арасында «Абай жолын оқыдың ба?»- деген тақырыпта сауалнама жүргіздік. 100 респондетке жүргізілген сауалнама нәтижесінде (слайд) 1. «Абай жолын» оқыдың ба?- деген сұраққа 63% студент иә деп, 37% жоқ деп жауап берген. 2. Абайдың індетпен күрескенін білесің бе дегенге 49% – иә деп, 51%- жоқ деп жауап берген. 3. Абайдың волонтёр болғанын білесің бе дегенге 39% иә деп, 61%-ы жоқ деген, 4. Абайдың ел басқару ісіне 13 жастан араласқанын білесің бе?- деген сауалға 68% иә, 32% жоқ деген. Жалпы айтқанда «Абай жолы» роман-эпопеясын студенттердің басым бөлігі оқығанымен, көпшілігі толық түсінбегенін және Абайдың ерікті ретінде атқарған жұмыстарына мән бермегенін байқауға болады.
...