Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Мен еліміздің болашағын қалай көремін және ол үшін не істей аламын

Автор:   •  Апрель 8, 2020  •  Сочинение  •  374 Слов (2 Страниц)  •  4,723 Просмотры

Страница 1 из 2

«Мен еліміздің болашағын қалай көремін және ол үшін не істей аламын?»

Бүгінде еліміз әлемдік сахнада танылған, әлем елдерімен терезесі тең, әлем картасында ойып тұрып орын алатын мемлекет. Сан мыңдаған жылдық тарихы бар Қазақстан өзінің тілімен,территориясымен, ұлттық мәртебесімен, салт-дәстүрлерімен, қонақжайлығымен ерекшеленеді. Өткені мен бүгінін саралап, болашағын бағдарлай білетін қасиет халқымыздың бойына бұрыннан дарыған. Қай заман болмасын  ел ертеңі үшін, болашақ күн үшін артылған сенім мен үміт әрбір қазақстандықтың жүрегінде. Ел болашағы-жастар. Мен де солардың қатарындамын. Еліміздің болашағы мені де қызықтырады, менде де сан-сауал. Себебі, сол болашақтың іргетасын қалайтындардың бірі де- мен. Өз елімнің тарихын құрметтей отырып, жеткен жетістігімен мақтана отырып, болашақты елестетіп көрейін.

Біріншіден, мен Қазақстанды  бүкіл дүние жүзіндегі елдер ішінен ең таза әрі экологиялық жағынан тұрақты, құлпырған күйінде көргім келеді. «Бас аманда мал тәтті, бас ауырса, жан тәтті» демекші, денсаулық адам өмірінде өте үлкен рөл ойнайды. Бәрімізге де мәлім, қоршаған ортаның нашар экологиялық жағдайы мен оның ластануы тек табиғатқа және орта балансына ғана кері әсер етіп қоймай, бүкіл тірі ағзалардың организміне де апатты әсер етеді. Тұрғындардың денсаулығы, белсенділігі мен өміршеңдігі кез келген қаланың, мемлекеттің болашағы мен өркендеуі үшін өте маңызды.

Екіншіден, болашақта Қазақстанды туризмінің орталығы ретінде көргім келеді. Еліміздің жасыл желекке бөленген даласы туризм саласы дамыса, нұр үстіне нұр болар еді деген сенімдемін. Бұл өз кезегінде еліміздің экономикасын ғана дамытпай, Қазақстанның де алға қарай дамуына өз үлесін қосар еді.

Үшіншіден, құқық саласында тек заң жүзінде ғана емес, іс жүзінде де жүзеге асырылса деймін. Адам құқығы мен бостандығы, қылмыстық істерді жауапкершілікке тарту шаралары барысында неғұрлым жауапкершілікпен және кәсіби түрде орындалу керек деп санаймын. Заң-адамның құқығын қорғайтын болса, адамдардың да заң жағынан білімді болуы тиіс.

...

Скачать:   txt (5.3 Kb)   pdf (33.8 Kb)   docx (8.5 Kb)  
Продолжить читать еще 1 страницу »
Доступно только на Essays.club