Қазақ және түрік туыстық атаулардың этнолингвистикалық сипаты
Автор: Zhazh • Март 28, 2022 • Реферат • 666 Слов (3 Страниц) • 370 Просмотры
Қазақ және түрік туыстық атаулардың этнолингвистикалық сипаты
Жалпы, зерттеу нысанымызға алынып отырған тақырыбымыз – қазақ және түрік тілдеріндегі туыстық атаулар жүйесі, осы екі тілдегі туыстық атаулардың семантикалық ерекшеліктерін жүйелеп көрсету болып табылады. Бұл қазақ және түрік тілдеріндегі туыстық атауларға келгенде ешқандай тілде кездеспейтін ерекше лексикалық қорға ие болып табылады. Бірақ бұған қарамастан, қазақ және түрік тілдеріндегі туыстық атауларға байланысты сөздер әлі де болса толық зерттеуді қажет ететін лексикалық категориялардың бірі.
Қазіргі таңда тіл мамандарының, мәдениеттану және де әлеуметтік лингвистика мәселелерімен айналысатын ғалымдардың қызуғышылығын арттырып жүрген мәселелердің бірі – ұлттар мен ұлыстар арасындағы өзара байланыс және де әр этностың өзіндік белгілері мен сипаттарын зерттеу. Кез-келген ұлттың этно-мәдени ерекшеліктері қарым-қатынас процесінде және сөйлеу, тілдесу әрекеттерінде байқалады.
Әр ұлттың өзіне ғана тән ұлттық өзгешеліктерін, ерекшеліктерін қамтитын әдет-ғұрып лексикасы бар болып табылады. Бұл әдет-ғұрып лексикасы материалдық және рухани дүниені түгел құрайды. Жалпы, туыстық атаулар – өзінің ғасырлар бойы келе жатқан терең тарихымен, жүйелі құрылымымен, мәдениетаралық қарым-қатынас үшін өзгеше мағызды танымдық құндылықтарымен ерекшеленетін сөздер тобы болып табылады. Бұл туыстық атаулардың жүйесін, олардың семантикалық өзгешеліктерін саралап, зерттеу тіл білімінің өте маңызды саласы – этнолингвистика саласының міндеті болып табылады. Сол себептен этнолингвистика саласына жеке тоқталып кеткеніміз дұрыс болады. Этнолингвистика – халықтың этногенезін тұрмыс-салты мен әдет-ғұрпын, мекен-жайын, басқа халықтармен тарихи-мәдени байланысын, күнделікті өмірдегі тұрмысын, рухани және материалдық мәдениетін зерттейтін тіл білімінің саласы болып табылады. Этнолингвистикалық ізденістер кезінде мазмұны жағынан қарасақ, оның бастауы тілдердегі туыстық атаулардың негізін білу идеясынан туған деген ой түйген дұрыс, ал кейін тіл ғылымының этнолингвистика саласы бұрыннан зерттеу нысанына қарай жіктеле бастағанын және кейін тілдердің туыстығын, тарихи негізінде айқындаудан тілдің ішкі мазмұнына бет алып, тілдік таным проблемаларының маңызды болғанын көреміз. Этнолингвистика саласы тілдік фактілердің өзін ғана зерттеп қоймай, ол тілдің материалдарды халықтың мәдениетімен, тарихымен, әдебиетімен, сонымен қатар, таным-түсінігін, әдет-ғұрпы, салт-санасымен байланыстырып зерттейді. Бұлай зерттеудегі мақсат – тілдің лексикалық байлығы негізінде ұлттың рухани, мәдени өмірін, салт-дәстүрі мен әдет-ғұрпын, ой-жүйесін және дүниетанымын жан-жақтан ашып көрсету юболып табылады.
Жалпы түркі халықтары, оның ішінде, қазақ және түрік халықтары
...