Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Қазақ және ағылшын антропонимдерінің лингво-семантикалық ерекшеліктерін талдау

Автор:   •  Февраль 10, 2021  •  Реферат  •  1,471 Слов (6 Страниц)  •  627 Просмотры

Страница 1 из 6

Қазақ және ағылшын антропонимдерінің лингво-семантикалық ерекшеліктерін талдау.

        

Азимбаева И.К., Сайидова С.А.

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті 4-курс студенті,

Ғылыми жетекшісі: PhD докторант

Алматы, Қазақстан

Аннотация - бұл мақаланың жалпы мақсаты - қазақ және ағылшын тілдеріндегі антропонимдердің лингво-семантикалық ерекшеліктерін талдау. Жүргізілген талдау нәтижесінде бірнеше қалыптасу жолдары пайда болды - құрам, сөзжасам, антроформант, антротүбір. Мақалада қазақ және ағылшын тілдеріндегі атаулардың шығу тегі мен мағыналарын түсіндірумен, олардың пайда болу себептерімен берілген.

Түйін сөздер: антропоним, сөзжасам, префиксоид, nomina propria, антроформант, антропотүбір, морфология

1. Кіріспе

        Жалпы жалқы есімдер кез-келген халық үшін өте маңызды және  тілдегі сөздердің белгілі бір категориясын құрайды. Жалқы есімдердің шығу тегі мен тарихын (nomina propria) әр түрлі ғылым салалары зерттейді: философия, тарих, этнография, география, бірақ лингвисттерді жалқы есімдер көбірек қызықтырады, олар сөздердің бұл категориясын тіл мен сөйлеудің ажырамас бөлігі ретінде қарастырады.

        Жалқы есімдер мен жалпы есімдердің өзара байданысы және тұрақты айналымы бар. Олардың өзара ауысуы тілдік сөздік қорының динамикасының табиғи көздерінің бірі болып табылады. Генетикалық тұрғыдан Жалқы есімдер жалпы есімдерге негізделген, тілдегі екінші дәрежелі атау болып табылады. Атаудың теориялық мәселелеріне терең бойламай қазақ және ағылшын антропонимдерін қарастыруға көшейік.

        Антропонимның кұрылымы ұғымы антропонимның құрамына кіретін морфологиялық(сөзжасамдық) бірліктердің, яғни оның компоненттерінің өзара байланысының сипаттайтын ұғым. Антропонимдердің компоненттеріне түбір және қосымша жатады. Барлық антропонимдердің түрлерін жалпы антротүбірлер деп атауга болады. Антропотүбір — антропонимдік лексеманың антроформант бөлігін алып тастаған кезде қалатын бөлігі.

2. Ағылшын және қазақ тіліндегі антропонимдердің сөз құрамы.

        Адамға ат беру процесі терең әлеуметтік сипатта болады. Кез-келген халықта бұл үрдістің өзіндік ерекшеліктері бар. Зерттеулерге қарасақ, тарих пен қоғамының дамуы жалқы есімдерден көрінетіндігін көрсетеді. Қазақ халқына келетін болсақ, қазақ атауларының көпшілігінде белгілі бір мағына мен мотивация бар. Түрлі қиын кезеңдерден өткен қазақтар балалар есімдерінің мағынасы кейіннен өмірлеріндегі өзгерістер мен оқиғаларға жауап берді деп есептеген. Күрделі атаулар түбірге қосымша немесе екінші бір түбірдің жалғануы нәтижесінде жасалады.

        Жалқы есімдер көбіне қосымшаның жалғануы арқылы жасалады. Жұрнақтар мен префиксоидтер сөзжасам элементтері болғандықтан, олардың түбірге қосылуы ақылы жаңа сөз жасалынады. Олар тілде кеңінен қолданылып, дербес лексикалық мағынасы бар ауызша белгілер болып табылады. Мысалы: бек (Айбек, Нұрбек), хан (Абылайхан, Гүлайхан), жан (Жанерке, Жандос), ай (Айман, Айгүл), нұр (Нұрали, Айнұр), гүл (Гүлназ, Гүлбану), зада (Айзада, Гүлзада), бибі (Бибінұр, Бибігүл) және т.б. Соңғы жиырма жыл ішінде «Нұр» жалғануы арқылы жасалған есімдер өте танымал болды, сірә, бұл Қазақстан Президенті - Нұрсұлтан есімі түсіндірсе керек. Мысалы әйелдер есімдерінде: Нұр - Айнұр, Нұргүл, Бибінұр, Нұрзада, т.б. Ал ерлер есімдерінде түбір және сөзжасамдық компонент ретінде кездеседі, мысалы: Нұрсұлтан, Нұрали, Алинұр, Нұрбек, Нұржан.        Қазақтың жеке есімдері көбінесе екі түбірдің қосылуы арқылы жасалады: Сейітжаппар, Мұхамметәлі, Сапармұрат, Ахметкәрім, т.б.  Тілдегі жалқы есімдердің сөз құрамы да есімдердің пайда болу фактісі болып табылады, бұл жағдайда есімнің элементтері «сөйлеседі»: Нұрбала (нұрлы бала), Айтурган (жаңа ай туады.

...

Скачать:   txt (17.8 Kb)   pdf (139.6 Kb)   docx (13.6 Kb)  
Продолжить читать еще 5 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club