Терминология
Автор: dana_kuanyshkyzy • Ноябрь 17, 2020 • Доклад • 1,845 Слов (8 Страниц) • 334 Просмотры
Қазақ терминологиясының қалыптасуында қазақ ағартушылары маңызды рөл атқарды. Осындай жандардың бірі қазақ ағартушысы және шығыстанушы ғалым Шоқан Уәлиханов. Орта Азия халықтарының өмірін зерттеуде,публицистикалық шығармаларының тілін талдау және оның қоғамдық-саяси (шендер, атақтар, сословиелер) өмірдегі орнын бөліп көрсету жөнінде, әр түрлі терминологиялық лексиканың қолданылуы жайындағы еңбектері тарих ғылымында құнды дерек болып табылады.Тарих, этнография, тіл, география саласындағы терминдердің шығу тегі бойынша әртүрлі ғылыми еңбектер жазды. Автор материалды орыс тілінде ұсынғанымен, оның ішінде шығармаларда көбінесе орыс және шет тіліндегі терминдер қолданылады. Ш. Уәлиханов өмірдің түрлі қырларын сипаттауда қазақ тілінен шыққан терминдерді қолданды.
"Сот формасы туралы жазбалар"атты еңбегінде Ш.Уәлиханов Патшалық сот ісін дәстүрлі қазақи сот формасымен салыстырып, қазақ тілінің терминдерін еңбегінде қолданып, оларға анықтама береді.
Қазақ халық поэзиясының түрлері туралы айтқанда, Ш. Уәлиханов сондай-ақ қазақтың джир, джилав деген атауларын да қолданады,
Қазақ халқының ғылыми ұғымдар мен терминологиялық бірліктерін дамытуда қазақ халқының педагогы және ағартушысы Ыбырай Алтынсариннің қосөан еңбегі орасан зор. Ол балаларды оқыту мен тәрбиелеудің дидактикалық принциптерін әзірледі, оқу және әдістемелік құралдар жасады. Әдістемелік құралдарды жасауда, оның ішінде "Қырғыздарды (қазақтарды ) орыс тіліне оқытудағы бастапқы басшылық" сынды еңбектерінде қазақ тілі мен орыс тілінің терминдері кеңінен қолданылады.
Ал Абай Құнанбаев атамыз орыс тілі мен орыс жазушыларының шығармаларын аударғанда термин сөздерге анықтама беріп отырған. Мысалы, әскери губернатор, уездік бастық, анықтама, делдал сияқты терминдері қолданылған. Білім беру терминін қолдана отырып, ол прогрессивті, азаматтық мазмұнға, білімге баса назар аударады
Терминология бойынша өзекті мәселенің бірі – олардың жасалу, қабылдану қағидаттарына қатысты. Қазақ термин жасау тарихында қандай ғылыми қағидаттар тірек болды дегенде, ең алдымен еске түсетіні – Ахмет Байтұрсынұлының үлгі-өнегесі. Ілгеріде де ескертілгендей, мұны зерттеушілердің барлығы мойындайды.
А.Байтұрсынұлы ұстанған қағидаттар 1924 жылы Орынбор қаласында өткен ғылыми қызметкерлер съезінде қабылданады. Онда былай деп көрсетілген:
1.Термин жасауда ең тиімді жол ретінде ұғымдар мен мағынаны дәлірек білдіретін қазақ сөздері көбірек тартылсын;
2.Егер қазақ тілінде мұндай сөздер табылмаған жағдайда туыс тілдерден сөз алу;
3.Жалпыға бірдей халықаралық терминдерді де қабылдауға болады. Алайда мұндай термин қазақ тілінің табиғатына тән заңдылықтарды бойына сіңіріп, өзгере енуі тиіс. Ал қазақ тілінде оған сәл де болса сәйкес келетіндей үлгі табылса, оларды қатарластыра беріп, оқырманға таңдау мүмкіндігін қалдыру қажет. Шетел сөздерін өздік ету үшін олар тіліміздің дыбысталу ерекшелігін қабылдауы керек;
4.Қазақ сөздерінің табиғатына сәйкес келмейтін шет сөздер,біріншіден, олардың бойында біздің тілге жат дыбыстар керекті дыбыстармен ауыстырылады; екіншіден, олардың суффикстері қазақшасымен алмастырылады; үшіншіден, қосарлы дыбыстардың бірі алынып тасталады; төртіншіден, қазақ тіліне тән емес қосымшалар қазақша айтылу ыңғайына көшеді. Мысалы: Оренбург – Орынбор, Смамара – Саиар, покров – боқырау, Адмовский – Адамау т.т.
Қазақ тіліне термин қабылдаудың ғылыми қағидаттарын нақты қарастырған ғалым – Қ.Жұбанов. Ол 1935 жылы 20 мамырда Алматыда өткен мәдениет қайраткерлерінің бірінші съезінде 11 принцип ұсынды. Олардың жалпы мазмұны мынадай:
1.Көптеген әдеби тілдерде аударылмай қалыптасқан халықаралық терминдерді қазақ тіліне аудармай сол қалпында алу (революция, совет, теория, практика, тенденция, хирургия, климат, абсолютный, конкретный
...