Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Терминология тарихы

Автор:   •  Май 16, 2021  •  Доклад  •  738 Слов (3 Страниц)  •  356 Просмотры

Страница 1 из 3

   Қазіргі заман – ғылым мен техника қарқынды дамып жатқан кез. Осының әсерінен  тілімізде күн сайын терминдер пайда болып жатқандығы белгілі. Бұл – тілдің қоғаммен бірге үздіксіз даму үстінде екендігін дәлелдейтін негізгі фактордың бірі. Осы орайда ұлттық терминологияның атқарар қызметі зор. Себебі, төл терминдерді қалыптастырып, кірме терминдерді барынша азайтып, оларды «қазақша сөйлету» мәселесі тіл үшін маңызды. Осыған сай біз ұлт тіліндегі термин шығармашылығын дамытып, әлемдік ғылымның жетістігін бейнелейтін термин сөздерімізді тіліміздің өз заңдылықтарына сәйкес жазып, қоғамдық өміріміздің барлық салаларындағы қарым-қатынастарымызды қамтамасыз ететін ұлттық терминқор қалыптастыратын жасампаз ұлт болуымыз қажет. Бұл үшін терминдерді басқадан іздеп,  жаңаша жасаудың қажеті жоқ. Осыдан сан ғасырлар бұрын ата-бабамыз жазып кеткен еңбектерді толық зерттеп-зерделеп, өз игілігімізге пайдалана алсақ жетіп жатыр. Дәл осындай еңбектің бірі – Шипагерлік баян. Қазақ терминтанымының түпкітабы деп саналатын бұл еңбектің авторы – емші, шипагер ғалым Ө. Тілеуқабылұлы. Автор аталған кітабында өзі туралы былай дейді: 

Іске аспады арманым, қараң қалды,

Шың басына шығарда арандалды.

Өтейбойдақ қойыпты атымды әкем,

Жаман aт, жаман ырым мазамды алды.

Қалмады ұрпақ Өтейбойдақ аяндалды

 Мені өшірмес «Шипагерлік баян» қалды… Иә, шынында да, «Шипагерлік баян» Өтебойдақтың атын ешқашан өшірмейді...

«Шипагерлік баян» кітабында өсімдіктен алынатын 727 түрлі, жан-жануарлардан алынатын 319 түрлі, металл-металлоидтардан түзілетін 316 түрлі дәрілердің атауы, 500-ге тарта анатомиялық атаулардың келтірілуі, бұл еңбектің қазақ терминологиясындағы алар орнының ерекше екенін білдіреді. «Шипагерлік баян» мүлдем зерттелмеген еңбек емес. Қытай мемлекетінің Алтай қаласының өзінде «Шипагерлік баянға» қатысты 100-ден астам мақала-кітап жарық көрген. Аспан асты елінде бұл еңбекті  Әзімхан Тышанұлы, Сұлтан Жанболатов, Жақып Мырзақанұлы, Әуелхан Қалиұлы, Әрін Саржанұлы т.б. тұлғалар зерттеген. Ең алғашқылардың бірі болып Әуелхан Қалиұлы «Шипагерлік баянның» құндылығын ашып көрсеткен «Киелі кітап, ғұлама ғалым» атты ғылыми зерттеу еңбегін жазды. Әрін Саржанұлы кітапты өз ішінде мазмұнына қарай бірнеше салаларға жіктеп  «Өтебойдақ әрекеттік мүдде, боршалау ғылымы», «Өтбойдақ жантану ғылымы туралы», «Алты өзегі тұғыр, жиырма екі таяныш» деп аталатын том-том еңбектер жазған. Аталған тұлғалардың ізін жалғап, кейіннен Қытай жерінде «Шипагерлік баянға» қатысты Тұрсынәлі Рыскелдіұлының «Ұлы дала шипагері» атты 7 бөлімнен тұратын кинофильмі, Бақдаулет Әлтайұлының «Шипагерлік баян – медициналық ғылымнама» атты қазақ, қытай, ұйғыр, тибет медициналарын салыстыра зерттеген еңбегі, Шәйітқазы Зейнелғазыұлының «Шипагерлік баянның медициналық философиясы» деген философиялық талдау еңбегі бар. Бұл аталған зерттеулердің барлығы Қытай жерінде жазылған. Қазақстанда «Шипагерлік баянға» қатысты жалпы таныстыру тәрізді мақалалардан әрі асқан нақтылы зерттеу еңбектері жоқ. Мұның бірден-бір  себебі «Шипагерлік баянның» өте ертеде, таза қазақ тілінде жазылғандығында. Кітаптың ішінде бізге түсініксіз терминдердің көп болуы және автордың аталған еңбекті жазу кезіндегі сөз тіркестері, сөйлем құрауы өзгеше. Бұл да өз деңгейінде ғалымдарға кітап сырын толық ашып, зерттеуге кедергілер келтіруде.

...

Скачать:   txt (10.6 Kb)   pdf (74.1 Kb)   docx (10 Kb)  
Продолжить читать еще 2 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club