Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Отан үшін от кешкен

Автор:   •  Ноябрь 20, 2022  •  Доклад  •  1,458 Слов (6 Страниц)  •  245 Просмотры

Страница 1 из 6

Тайжанова Ағия Сүгірәліқызы

Құрлық әскерлерінің Әскери институты

Мемлекеттік тіл кафедрасының аға оқытушысы

Отан үшін от кешкен

Адамзат тарихындағы дүниені дүр сілкіндірген аса қауіпті ірі оқиғалардың бірі – жиырмасыншы ғасырдың тарих қойнауынан орын алған Екінші дүниежүзілік соғыс жер–жаһанды отымен өртеп, жалынымен жалмаған осынау алапат өрттің ең үлкен тармағы фашистік Германияның екі құрлықты алып, әлемнің алтыдан бір бөлігін алып жатқан үлкен держава – Кеңестер Одағына қарсы тұтқиылдан соғыс ашу болды.

Қазақстандықтар соғыстың алғашқы күнінен бастап–ақ алғы шепте болып, жаудың көз тіккен негізгі нысаналары үшін ұрыста ерекше ерлік көрсетті. Майданның барлық жерлерінде соғысты, ерлік жасады, қан төкті.

Отан соғысына қатысқан жерлестерімізді майданның әр тұсынан, әскери құрамалардың әр түрінен кездестіруге болады.

Екінші дүниежүзілік соғыста қазақтардың көрсеткен ерлігі орасан зор. Майданда да, тылда да олардың көрсеткен ерлігі мен еңбегі жеңісті жақындатуға өз септігін тигізді. Майдан даласында атылған он оқтың тоғызы Қазақстанда жасалғанын барша жұрт жақсы біледі. Бұл – тарихи шындық.

Ұлы Отан соғысында Кеңес Одағы Батырларының саны жағынан Қазақстан бесінші орында тұрады. Бәлкім, қазақ батырлары өз дәрежесінде әділ бағасын алғанда олардың саны қазіргіден де әлдеқайда көп болар ма еді?!

Қазақ – жаратылысынан жауынгер халық, олар найза мен қылыштың заманында ғана емес, автоматты қару мен моторлы соғыстың заманында да өзінің қайсар, қайтпас халық екенін көрсете білді, өздерінің даңқты ерліктерімен соғыс тарихының беттеріне есімдері алтын әріппен жазылды.

Ұлы Отан соғысында Кеңес Одағы бойынша орден және медальдармен марапатталғандардың ішінде тоқсан алты мың алты жүз отыз сегіз қазақ жауынгері бар, он бір мың алты жүз тоқсан бес адам Кеңес Одағының Батыры атағына ие болды, осылардың төрт жүз тоқсан жетісі - қазақстандықтар, оның жүзге жуығы – қазақтар. Сол Кеңес Одағының Батыры атағын алған  жүз қазақтың бірі, өзімнің туған өлкем – Ақтөбе облысы, Байғанин ауданының мақтанышы – Қожабай Жазықов.

Сұрапыл соғыс басталған кезде Қожабай аға жиырмадан енді асқан, бастауыш мектепте ауыл балаларына білім нәрімен сусындатып жүрген жап – жас ұстаз болатын. Бір жасында әкеден айырылып, бар ауыртпалықты мойнына алған Алтын анасының жүгін азайтуға қол ұшын енді беріп жатқан шақта елімізге тұтқиылдан шабуыл жасаған неміс фашистерінің басқыншылығы оның асыл арманының орындалуына мүмкіндік бермеді.  Осындай ел басына күн туған қысылтаяң уақытта оған да қолына қару ұстайтын кезек келеді. Сөйтіп, 1942 жылдың қаңтарында жас жігіт Темір аудандық әскери комиссариаты арқылы Отан қорғауға алынып, жауынгерлік сапқа тұрады, оқу құралдарын соғыс құралдарына ауыстырады. Осы жылдың қаңтарынан наурызынан дейін Бугурслан қаласындағы кіші командирлер дайындайтын полк мектебінде оқып, әскери даярлықтан өтеді, соғыс қаруларын меңгереді, бөлімше командирінің қызметін атқаруға машықтанады, жауынгерлік төзімділікке төселеді, әскери мектепті үздік бітіріп шығады.

Қожабай Жазықовтың алғашқы жорық жолы 1942 жылдың наурыз айының соңында Воронеж маңындағы соғысып жатқан 206-атқыштар дивизиясының пулеметшілер бөлімі командирлігінен басталады. Ол осы жерде бетпе–бет ұрысқа кіріп, сұрапыл соғыстың не екенін көзімен көреді. Осы шайқаста өзінің қайсарлығын көрсеткен ол «Ерлігі үшін» медальмен марапатталады және де осы кезде бірінші рет жарақат алады. Қожабай аға өзінің осы жарақаты туралы бір естелігінде: «Мен осы ұрыста жараландым және жарақат барысында өз қанымды бірінші рет көрдім. Осы кезде мені батальон басшылығы Борисоглебскідегі әскери училищеге жібермек болған, ал менің госпитальға жатып қалғаным, әрине, өкінішті–ақ», - дейді. [4.14]

...

Скачать:   txt (20 Kb)   pdf (78.1 Kb)   docx (13.9 Kb)  
Продолжить читать еще 5 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club