Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Отан

Автор:   •  Май 21, 2018  •  Эссе  •  281 Слов (2 Страниц)  •  4,432 Просмотры

Страница 1 из 2

Отан. Бұл сөз – әр адамның жанына жақын, жүрегіне жылы тиер сөз. Құс ұясыз болмайтындай, адам атамекенсіз болмайды. Қазақстанның кең даласындай байтақ дала еш жерде жоқ шығар. «Отаның - алтын бесігің», «Отаны жоқтық - нағыз жоқтық»,- дейді халқымыз. Отанға деген сүйіспеншілігін халқымыз қыл қаламмен сурет салып, домбырамен күй шертіп, асқақтата ән сала жеткізіп жатады. Мысалы, ақиық ақынымыз М.Мақатаев поэзиясының қайнар көзі, шабыт тұғыры – туған елі, өскен жері, Отан тағдыры.

Мен оның түнін сүйем, күнін сүйем,

Ағынды өзен, асқар тау, гүлін сүйем,

Мен оның қасиетті тілін сүйем,

Мен оның құдіретті үнін сүйем.

Біздің бабаларымыз ғасырлар бойы ұшқан құстың қанаты талып, жүгірген аңның тұяғы тозатын ұлан ғайыр аумақты ғана қорғаған жоқ. Олар ұлттың болашағын, келер ұрпағын, бізді қорғады. Сан тараптан сұқтанған жат жұртқа «Атамекеннің қарыс қадамын да бермей, ұрпағына мирас етті» деген керемет сөздер бар. Біздің Отанымыз – жалғыз, біз ол үшін отқа да түсуге, суға да батуға дайынбыз. Осы тұста белгілі ақынымыз Н.Айтұлының мына өлеңі еріксіз еске түсіп, көзге жас үйіреді:

Біздер үшін Отан жалғыз, Ту жалғыз,

Қорғамасақ несін ұл боп туғанбыз?!

Кіндігіміз тар қапаста кесіліп,

Ит көйлекті қанды жаспен жуғанбыз.

Әрине, сен туған жеріңді құрметтеп, қамын ойлап, ол көркейіп, әлемдік деңгейге жету үшін алдыңа әртүрлі мақсат қоясың. Сондықтан да, туған жердің тағдыры негізінен өз азаматтарының патриоттық сезімінің тереңдігі мен күшіне байланысты. Біз бұл үшін

...

Скачать:   txt (3.5 Kb)   pdf (36.1 Kb)   docx (11.2 Kb)  
Продолжить читать еще 1 страницу »
Доступно только на Essays.club