Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Атқа міну мәдениетінің генезисі

Автор:   •  Октябрь 17, 2023  •  Реферат  •  2,570 Слов (11 Страниц)  •  273 Просмотры

Страница 1 из 11

Қ.А.Яссауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университеті

 

[pic 1]

                                       БӨЖ

   Тақырыбы: Атқа міну мәдениетінің генезисі

 

                                                               Орындаған: Жарылқасым Шұғыла

                                                               Қабылдаған: Салгараев Марат

                                                               Мамандық: 6В02336 Қазақ филологиясы

                                                               Тобы: ФҚФ-211

 

Түркістан, 2023 жылы

Жоспар:

I.Кіріспе

II.Негізгі бөлім

   1. Атқа міну мәдениетінің қалыптасуының алғышарттары мен әсер еткен факторлар. Ботай мәдениеті

   2. Атқа міну мәдениетінінің материалдық және рухани мәденит тұрғыдан дамуымызға әсер етуі

III.Қорытынды

 Қосымша:

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі


Кіріспе

  Атқа міну мәдениетінің генезисі біздің қазақ жерінен бастау алғаны белгілі. Түркітанушы, тарихшы ғалым В.В.Радловтың зерттеу нәтижелерінде жылқы шаруашылығының кеңінен етек алған аймағы осы Орта Азия деп берген болса, қазақ жеріне жасалған көптеген археологиялық қазба жұмыстар нәтижесінде ат қаңқалары мен материалдық неше түрлі заттардың табылуы тіпті де түркі жұртының соның ішінде қазақ халқының атқа жақындығын дәлелдей түсті. Кез-келген халықтың өткенімен болашағын болжай білетіндігі, өткен тарихына арқа сүйей отыра мықты болатындығы сөзсіз. Сол себепті де біз тарихымызда болып өткен әрбір факторды құр жіберуге, елемеуге хақымыз жоқ. Бұл атқа міну мәдениетінің зерттелуі және де кеңінен насихатталуы өте маңызды факторлардың бірі болып табылады. Өйткені Тұңғыш Президентіміз Н.Ә.Назарбаевтың халыққа жолдауында айтқанындай «Еліміздің табысты болуының кепілі – өткен тарихын мақтан тұтып, бүгінгі жағдайды нақты бағалай білу және болашаққа оң көзқарас таныту болмақ.» Сондықтан да өткенді зерделеп, бүгінгіні бағалап, келешекке сеніммен қадам жасау үшін тарихи сананы жаңғырту қажеттігін нақты мысалдармен түйіндейді. Соның бірі атқа міну мәдениеті мен жылқы шаруашылығы Ұлы даладан тарағаны тарихтан белгілі. Сол себепті де бұл тақырыпта сөз қозғап, мүмкіндік болған уақытта тереңге бойлау әрбіріміздің басты мақсаттарымыз- дың бірі. Мен бұл тақырыпты таңдауымның басты себебі әлі де дұрыс насихатталмай келе жатқан, біздің ұлттық құндылығымыздың қасиетін арттыруда үлкен маңызға ие тақырыпты шама-шарқым жеткенше зерттеп, жан-жақтағы құнды мәліметтерді жинақтап ұсыну. Біз үшін атқа міну генезисі тек қана ұлттық құндылығымыз үшін ғана емес, сонымен қатар біздің материалдық және рухани мәдениетіміздің дамуында, алға қарай ілгерілеуінде өте көп құнды қазыналардың басым көпшілігі осы атқа міну, сонымен қоса Ботай мәдениетімен біздің тыныс-тіршілігімізге енді. Демек мұны атап өтпеу басты қателіктердің бірі болары сөзсіз. Бұл тақырыптарды атқа міну мәдениетімен байланыстыра отыра кеңінен жазу, оқу, зерттеу біздің алғы мақсаттарымыздың бірі болмақ. Атқа міну қазақ халқы үшін еркіндіктің, өршілдіктің, кеңдік пен бостандықтың бір символы іспеттес боп келді және солай боп қалуы керек. Ертедегі түркі жұртының, соның ішінде өз ата-бабаларымыздың қасиет деп білген ерекше жылқы жануарының біздің қанымыз бен жанымыздың, мәдениетіміз бен руханиятымыздың айрықша бір бөлігі ретінде тануымыз және танытуымыз ұлы парызымыз және де келешегіміздің кемелдігінің бір себепшісі іспетті. Сол себепті бұл тақырыпта біршама сөз қозғап, зерделеуге шешім қабылдадым. Бұл арқылы өз ұлттық құндылығымызды тағы да насихаттап, тағы да жаңа бағытта ұсынбақ мақсатым.

...

Скачать:   txt (33 Kb)   pdf (180 Kb)   docx (66.5 Kb)  
Продолжить читать еще 10 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club