Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Асыл есімі ономастика

Автор:   •  Февраль 26, 2019  •  Реферат  •  267 Слов (2 Страниц)  •  743 Просмотры

Страница 1 из 2

Әр адамның есімі бұл қасиетті де құнды дерек. Сөз мағынасы адам есіміне айналған сәтте өзінің заттық дерегінен айрылып, адамға сипат бере түседі деседі. Үлкен тарих немесе тұнған мағына сақтайтын есім, сәбиге берілгенінен оның өмірлік жолына сипат береді. Сондықтан да қойылатын есім әрдайым мағыналық бөлігі бар, жақсы мақсатта ырымдалып қойылар үлкен жауапкершілікпен таңдалған болуы қажет. Себебі есім адамның өмірлік «мені», ісінің көрінісі.

«Асыл» есімі бағалы тастың сипатымен қымбат, құнды мағынасында қолданылады. Сәбидің отбасы үшін бағалығын білдіруде немесе өмірін құнды кешсін деген мақсатта қойылатын есімдердің бірі. «Асыл» есіміне тікелей синоним «Қымбат» есімін атап көрсете аламыз. Сонымен қатар бұл есім қыз бала мен ұл балаға ортақ түбір атау болғандықтан, кең қолданыста және де көптеген жалғаулармен жалғасады. Ал жалғанған қосымшалар есімге жаңадан сипат, мағына бере түседі. Мысалы қыз есімі Асылжандағы –жан қосымшасы есімге мәртебелілік мағынасында қосылған болса, ұл есімдерінен Асылбек, Асылхан, Асылмұрат мағыналық тіркестерін кездестіреміз. Бұл есімдердегі «Асыл» түбір мағынасы ұлылықты білдіріп тұрады. Есімнің тағы бір мағынасы ардақтылығы болып келеді.

Есімдегі қымбат мағынасы қазақ тілінің мағыналық құрамы болып келсе, араб тілінен аударғандағы асыл сөзі арабтың –әзил яғни негіз, түбір мағынасында кездеседі. «Негізінде, түбірінде» сөздерінен қазіргі кезде қолданыста «асылында» сөзін де кездестіреміз. Сонымен қатар есім «ақиқат, нағыз» деген мағыналарды береді. Ерте кездерде «түп нұсқа» мағынасында қолданылған деседі.

Қорыта келгенде, қазақ есімдерінің

...

Скачать:   txt (3.9 Kb)   pdf (26.6 Kb)   docx (7.7 Kb)  
Продолжить читать еще 1 страницу »
Доступно только на Essays.club