Ата салтым – асыл қазынам
Автор: Dinatorgaeva • Июль 12, 2018 • Реферат • 3,353 Слов (14 Страниц) • 1,149 Просмотры
Теміртау қаласы әкімдігінің
«Теміртау қ. № 23 жалпы білім беретін орта мектебі» КММ
Тақырыбы: «Ата салтым – асыл қазынам»
Секциясы: Этномәдениет
Жобаның авторы: Муратбекова Жанель, 5 «А» сынып
Ғылыми жетекшісі: Шайлимбекова Куралай
Игликовна, қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі
Теміртау – 2018 жыл
Пікір
Жоғарыда аталған мектептің 5«А» сынып оқушысы Муратбекова Жанельдің ғылыми жұмысымен толық танысып шықтым. Жанель өз жұмысында ата-бабамыздан қалған дәстүріміз қонақжайлылық туралы өзінің жас ерекшелігіне сай, қабілетіне қарай саралап жазып шыққан. Этномәдениет бағытында таңдаған тақырыбында өзіндік ойларын жүйелі баяндай алған. Осы тақырыпты таңдаудағы себебін Жанель былай түсіндірді: халқымыздың ежелден келе жатқан салт-дәстүрлерін ұстанып, олардың тарихын білгеніміз әр отансүйгіш азаматтың міндеті. Жобаны жазу барысында нақты мақсаттар қойып, міндеттер белгілеген. Мақсатына жету жолында жалпы қонақжайлылықтың түп тамыры қалай пайда болғанын зерделеп, қазақ халқының қанына сіңген қонақжайлылық дәстүрі жайында айтқан зерттеуші ғалымдардың сөздерін жинақтаған, «қонақ сыбағасы» ұғымының шығу тарихына үңіледі, қонақжайлылыққа, қонақ күтуге байланысты ырымдарға да шолу жасап шыққан. Зерттеу жобасының әр кезеңіндегі ойын халықтың мақал-мәтелдерімен дәлелдеп, түйіндеп отырады.
Қонақ түрлеріне талдау жасай отырып, қонақ шақыру және қонақта болу әдептеріне де кеңінен тоқталған. Ғылыми жұмыста өмірмен байланыс жақсы көрініс тапқан. Жанель өз отбасындағы қонақ күту дәстүрлеріне тоқталып, қазіргі таңда анасынан көп ізгі істерді үйреніп жатқанын шынайы жеткізе білген. Бүгінгі таңда ұмытылуға айналған, жас ұрпақ біле бермейтін «Жиенқұрық» жоралғысының, «Көгентүп», «Танабау», «Ерулік» дәстүрлерлерінің өз отбасында қалай іске асқанын ұтымды тілде бейнелеп, ұшқыр оймен суреттеген. Қонақжайлылыққа байланысты ырым-тыйымдарды жинақтап, түсініктемелер берген.
Егер ұлтымыздың бар баласы осындай қазақы рухта тәлім -тәрбие алып, ұлттық құндылықтарымызды бойына терең сіңірсе, нұр үстіне нұр болары сөзсіз.
Әрине, ата дәстүрлерімізді бір жұмыста түгелдей қамтып шығу мүмкін емес. Сондықтан да, жас жеткіншектің ғылым жолындағы алғашқы талпынысын қазақ ұлтының байырғы мәдениетін, болмысын білмекке ұмтылған құштарлығы деп қабылдадым. Жалпы жоба өте жақсы жазылған деп білемін. Жанельдің бұл еңбегін жоғары деңгейде деп бағаладым. Оның ізденіс, талпынысына тек сәттілік тілеймін!
Пікір жазушы: ғылыми жетекшісі Шайлимбекова К.И.
Мазмұны
I. Кіріспе .............................................................................................................
II. Негізгі бөлім ..................................................................................................
2.1 Қонақжайлылық- ежелгі дәстүр.................................................................
2.2 Қонаққа шақыру, қонақ болу әдептері.......................................................
2.3 Біздің отбасымыздағы дәстүрлер ...................................................................
2.4 Жиенқұрық жоралғысы...............................................................................
2.5 Ерулік салты .................................................................................................
III. Қорытынды ..................................................................................................
3.1. Қонаққа байланысты ырым-тыйымдар......................................................
3.2. Салт-дәстүріміз - тұнған тәрбие.
3.3.Қонақ,
қонақжайлылық туралы мақал-мәтелдер…………………………………….......
IV. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ..............................................................
Аннотация
Зерттеу жұмысының тақырыбы: «Ата салтым-асыл қазынам»
Зерттеу жұмысының мақсаты:
- Халқымыздың ғасырлар бойы сақтап келе жатқан ізгі қасиеттерінің бірі – қонақжайлылыққа байланысты салт –дәстүрлерді насихаттау.
- Бүгінгі таңда ұмыт болуға айналған, бірақ біздің отбасымызда әлі де жалғасын тауып келе жатқан дәстүрлер жайында ой бөлісу.
- Қонақ шақыру және қонақ болу әдептерін, қонақ түрлерін айқындау.
- «Жиенқұрық» жоралғысы, «Ерулік» салтының тарихын, мән-мағынасын зерттеу.
- Қонақжайлылық туралы мақал-мәтелдер жинақтап, мағынасымен бөлісу.
Зерттеу жұмысының міндеттері:
1. Қонақжайлылықтың шығу тарихына зер салу.
2. Қонақжайлылыққа байланысты жоралғыларды ажырата білу.
3. Ұлттық салт-дәстүрлердің отбасы тәрбиесіндегі маңызына тоқталу
...