Ұлы селжұқтар мемлекеті
Автор: AigerimNur • Апрель 22, 2019 • Курсовая работа • 12,137 Слов (49 Страниц) • 1,351 Просмотры
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті
Курстық жұмыс
Тақырыбы: Ұлы Селжұқтар мемлекеті
Орындаған: Нұржанова А.Н.
Тобы: ИЯ-713
Тексерген: Мукатаева З.К.
Семей – 2018.
Мазмұны
Кіріспе
I. Селжұқтар мемлекетінің құрылуы
- Селжұқ-оғыздардың Алдыңғы Азияға қоныс аударуы.
- Селжұқ мемлекетінің құрылуы және нығаюы.
II тарау Ұлы селжұқтар заманы
2.1 Алып Арслан тұсындағы Селжұқ мемлектеті.
2.2 Мәлік шах сұлтан заманы.
2.3 Селжұқ мемлекетінің әлеуметтік-экономикалық жүйесі
III тарау Ұлы Селжұқ мемлекетінің ыдырауы және сұлтанаттардың пайда болуы.
3.1 Ұлы Селжұқ империясының ыдырауы.
3.2 Ұлы Селжұқтар империясының ыдырауы нәтижесінде пайда болған сұлтанаттар
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Кіріспе
Тақырыптың өзектілігі: XI ғ. ортан белінде құрылып, XII ғ. зор державаға айналған Селжұқтар мемлекеті әлем тарихында өзіңдік орны бар. Оғыз тайпаларының көсемі Селжұқ Тұғақұлы негізінде құрылған Селжұқ мемлекеті Оңтүстік және Батыс Азия аймағында өмір сүрген[1]. Селжұқтар өзінің нағыз шарықтау уақытында, кемеліне келіп толықсыған кезінде ұлан-ғайыр территорияларды өздеріне бағындырады. Оңтүстік Түркістан, Иран, Ауғанстанның батыс аймақтары, Завкавказья, Алдыңғы және Кіші Азия селжұқтарға бағынды.
Тарихшылар мен шығыстанушылардың көп күш салуының арқасында «селжұқтар мәселесі», Ұлы Селжұқ мемлекетінің тарихы XX ғасырда жақсы зерттелінді, бірақ бұл мәселенің барлық қыры толығымен ашылып, сараланды десек тарихи ақиқаттан алыс кетеріміз хақ. Селжұқ мәселесінің тарихнамасы өте бай, бұл мәселенің тарихи деректері де аз емес.
Оңтүстік Азияда ірі селжұқтар империясының құрылуы, сол жерде билік жүргізуі – Шығыстың көптеген елдерінде этномәдени процестерге үлкен әсер етеді. Этникалық құрамына қарай көшпелі түркілер отырықшы өмір салтына көшіп, бірте-бірте ассимиляцияланды. Селжұқтар түрікмен, әзербайжан, түрік-осман халықтарының қалыптасуына зор ықпал етті. Тарихтағы түріктердің ұлы империясы Осман мемлекетінің құрылуында селжұқ тайпасы негізгі рөл атқарды[2].
Тақырыптың зерттелу деңгейі: Тақырыптың зерттелу дейгейіне тоқталар болсам, Ұлы Селжұқ мемлекетінің құрылуы, саясаты, жаулаушылық соғыстары негізінде орта ғасырлық тарихшылардың орны ерекше. Олар: Байхаки Абул Фазыл[3], Низам ал-Мульк[4], ал-Хусайни, Садр-ад-дин Али, Захр-ад-дин Нишапури. Негізгі тарихи деректер араб, парсы, түрік тілдерінде жазылған. Тарихнамалық еңбектер аса бай болуына мына авторлардың еңбектері зор. Олар: К.Брокельман, М.А.Кеймен, К.А.Стори, К.Каэн, Х.Гибб, Ф.Розентал, К.Босворт, Б.Шпуллер, С.Г.Агаджанов[5], И.Ю.Крачковский, В.И.Беляев, Г.М.Курпалидис[5].
Курстық жұмыстың мақсаты мен міндетері: Аталмыш тақырыпқа арналған бұл курстық жұмысты жазудағы басты мақсатымыз - Оңтүстік және Батыс Азия аймағында өмір сүрген Селжұқ мемлекетінің құрылу тарихына көз жүгірте отырып, мемлекет басшыларының кемел саясатын көрсету. Мақсат қоя отырып, мынадай міндеттер туындайды:
- Ұлы Селжұқ мемлекетінің құрылу тарихына түсініктеме беру;
- Ұлы билеушілердің билігі кезіндегі Селжұқ мемлекетінің даму үдерісіне сипаттама беру;
- Ұлы Селжұқ мемлекетінің ыдырауы негізіндегі, жеке сұлтанаттардың пайда болуы жайлы деректер көрсету;
Зерттеудің хронологиялық және аймақтық шеңбері: XI ғ. Ортан белінде құрылып, XII ғ. зор державаға айналған Селжұқтар мемлекеті әлем тарихында өзіңдік орны бар. Оғыз тайпаларының көсемі Селжұқ Тұғақұлы негізінде құрылған Селжұқ мемлекеті Оңтүстік және Батыс Азия аймағында өмір сүрген.
...